Абай Құнанбайұлының 175 жылдық, Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналған шаралар

Whatsapp желісі арқылы мамыр, маусым айлары аралығында «Абайды білесіз бе?» атты тақырыпта тыңдаушылар арасында 175 тест сұрағынан тұратын танымдық сабақ жүргізілді, сабақтың мақсаты Абай Құнанбайұлының шығармашылығын кеңінен насихаттау болды.

Оқыту  орталықтарының меңгеруші, оқытушы және әдіскерлері арасында сәуір, мамыр, тамыз айлары аралығында facebook, Instaqram әлеуметтік желілерінде «Абай-дана, Абай-жыр, Абай-дастан» атты Абай өлеңдерін мәнерлеп оқу бойынша онлайн режимінде челлендж өтті. Челлендж қорытындысы бойынша Талғар ауданының меңгерушісі Кәмнұр Тәлімұлы және Панфилов ауданының меңгерушісі Қалибеков Аслан марапатталды.

10 қыркүйекте «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы және аудандық, қалалық  филиалдарында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты тарапынан «Абай  Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Ұлы Абай – халық жүрегінде» атты жалпыхалықтық диктант жазу шарасына облыс бойынша 422 адам қатысып, диктант жазды. Нәтижесінде қатысушылардың сауаттылық деңгейі өте жақсы 41%,  жақсы 59% екендігін көрсетті.

Қазақ тілінің көркемдік ерекшелігін, бай сөз қорын Абай шығармашылығы арқылы насихаттау, қазақтың тілі мен әдебиетіне, мәдениетіне деген этнос өкілдерінің қызығушылығын арттыру мақсатында    18-35 жас аралығындағы мемлекеттік тілді меңгерген этнос өкілдері арасында онлайн режимінде «Өлмейтұғын артына сөз қалдырған» атты эссе жазу байқауы өтті. Аталған байқауға облыстық тіл оқу-әдістемелік орталығының аудан, қалаларда орналасқан 19 филиал оқыту орталықтарынан 31 үміткер қатысты. Байқаудың шарттары бойынша этнос өкілдері берілген бір сағат уақытта эссе жазып, дәлелдеме мен дәйектерді келтіре отырып, өздерінің ойы зерек, қиялдары жүйрік екендерін көрсете білді. Байқау нәтижесі бойынша топты озып шыққан екі бірдей үміткер III орынды иеленді. Олар Аркенова Халинур (Еңбекшіқазақ ауданы) және Кущ Марина (Ескелді ауданы).                II орынды Кондротова Виктория (Алакөл ауданы) иеленсе, топ ішінен озық шыққан Максимова Гузель (Ұйғыр ауданы) I орынды жеңіп алды.

Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын насихаттау арқылы жастардың өз Отанының тарихына, Ұлы дала елінің ұлық тұлғаларының еңбегіне деген елжандылық сезімін қалыптастыру мақсатында «Ұлы даланың ұлық тұлғасы» аты үздік эссе байқауы өтті. ZOOM платформасы арқылы онлайн режимінде өткен байқауға аудан, қалалардан 93 үміткер қатысты. Қатысушылар Әл-Фарабидің тұлғалық қырын тануға арналған тақырыптар бойынша өзінің таңдауына қарай қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде эссе  жазды. Қазақ тілінде эссе жазудан жүлделі I орынды Ақбота Жүнісәлі (Талдықорған қаласы), II орынды Жанар Серікқызы (Іле ауданы), III орынды Айдана Нұрғазықызы (Панфилов ауданы) иеленді. Орыс тілінде эссе жазудан жүлделі I орынды Айдана Арманқызы (Іле ауданы), II орынды Әдемі Орынбек (Кеген ауданы), III орынды Ким Жасмина (Талдықорған қаласы) иеленді. Ағылшын тілінде эссе жазудан жүлделі I орынды Ақерке Мәулетжанқызы (Панфилов ауданы), II орынды Аружан Саматқызы (Балқаш ауданы), III орынды Шолпан Мәлікқызы (Талғар ауданы) иеленді.

 

Дата публикации
05 октября 2020