Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) Қазақстан Республикасы Заңы және Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) орындау жөніндегі Алматы облысының 2020-2025 жылдарға арналған іс шаралар жоспарын жүзеге асыру мақсатында бірқатар жүйелі жұмыстар атқарды.
Тілдік жағдайды зерделеу мақсатында облыстық және жергілікті атқарушы органдардың кіріс-шығыс құжаттарына тоқсан сайын мониторинг жүргізіледі. Осыған сәйкес өңірімізде 2020 жылдың III тоқсанында мемлекеттік тілдің қолданылу көрсеткіші 99,5%-ті құрады.
Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мақсатында Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың ұйымдастыруымен «Тіл тағдыры – ел тағдыры» атты онлайн режимінде дөңгелек үстел өтті. Аталған шараға басқарма қызметшілері және «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының қызметкерлері қатысып, өз пікірлерімен бөлісті.
Қазақстан халқы тілдерінің күні қарсаңында мерекелік марапаттау рәсімі қашықтықтан онлайн арқылы өтті. Тіл жанашырлары ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Құрмет грамотасымен, Тіл саясаты комитетінің Құрмет грамотасымен, Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының Құрмет грамотасы және Алғыс хатымен марапатталды.
Қазақстан халқы тілдері күні аясындағы үш тілді жетік меңгерген жастар арасында «Тіл шебері» байқауы онлайн режимінде өтті. Бұл онлайн байқаудың мақсаты үш тілді қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген жастарды анықтау және қолдау, тіл мәдениетін көтеру, үштілділікті насихаттау. Байқауға үш тілді жетік меңгерген 21-35 жас аралығындағы облысымыздың аудан қалаларынан 18 үміткер қатысып, бақ сынасты. Аталған байқау «Сөзтаным», «Ойтаным», «Елтаным» сияқты 3 кезеңнен тұрды. Байқау қорытындысы бойынша Қанат Жақсыбаев (Талдықорған қаласы, Еркін ауылындағы Есжан Берліқожа атындағы № 11 орта мектеп мұғалімі) бас жүлдені иеленіп, республикалық байқауға жолдама алды. Сондай-ақ, Арайлым Сейсебаева (Көксу ауданы) Басқарманың бірінші дәрежелі дипломына лайық деп танылды. Жүлделі II орынды Гүлнара Мустафанова (Сарқан ауданы) алса, III орынға Маржан Белгібаева (Ақсу ауданы) және Айтолы Ыбырай (Кеген ауданы) ие болды. Бас жүлдегер Қанат Жақсыбаев республикалық байқауда ІІ орын жеңімпазы атанды.
Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, қазақ тілінің этносаралық қарым-қатынас тілі ретіндегі қызметін нығайту мақсатында ұйымдастырылған «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік символы» байқауына мемлекеттік тілді жетік меңгерген 21-35 жас аралығындағы этнос жастары қатысып, алдын ала (3 минуттық) оқу орны немесе жұмыс орны туралы ақпапарат, қоғамдық жұмысынан қысқаша көрініс, мемлекеттік тілді дамытуға қосқан үлесі және жетістіктері туралы қысқа метражды фильм ұсынып, ой толғауға онлайн режимінде қатысты. Нәтижесінде қараталдық Альбина Миронова Бас жүлдені еншілеп, республикалық байқауға жолдама алды.
«Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік символы» атты облыстық байқауының аясында «Мен қазақша сөйлеймін» атты акциясы жарияланды. Аталған акцияға өңіріміздің этнос өкілдері әлеуметтік желілерге (Facebook, Instagram, YouTube) «Мен қазақша сөйлеймін 2020» хештегімен қазақтың батырлар жырынан үзінді оқып, бейнероликтер әлеуметтік желілерде кеңінен насихатталуда. Үздіктер әлеуметтік желілердегі қаралым, яғни «лайк», пікір қалдыру саны бойынша анықталады. Қазіргі уақытта аталған әлеуметтік желілерде облысымыздың аудан қалаларынан 50-ден астам этнос өкілдері акцияға белсене қатысуда.
«Знатоки русского языка» (орыс тілінің білгірлері) атты облыстық байқау онлайн режимінде өтті. Бұл онлайн байқаудың мақсаты шетелден келген қандастарымыздың арасынан орыс тілін жетік меңгерген жастарды анықтау және қолдау, тіл мәдениетін көтеру, насихаттау. Байқауға 21-35 жас аралығындағы облысымыздың барлық аудан, қалаларынан 19 үміткер қатысып, бақ сынасты. Байқау қорытындысы бойынша Бақытқали Ержігіт (Еңбекшіқазақ ауданы) жүлделі I орын, Маукен Жания (Алакөл ауданы) жүлделі II орын, Муталиев Гульзат (Ескелді ауданы) жүлделі III орынды иеленсе, Кенжебек Дина (Талдықорған қаласы), Ханағат Нұрбол (Панфилов ауданы), Жеңісхан Партия (Сарқан ауданынан) Алматы облысы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының Алғыс хатына ие болды.
Сонымен бірге дәстүрлі түрде өтетін «Мемлекеттік тіл және БАҚ» облыстық байқауының жүлдегері «Жетісу» телеарнасының редакторы Айбек Құттыбек республикалық байқауда жүлделі І орынды иеленді.
Тілдерді оқыту орталықтары бойынша атқарылған жұмыстар
2020 жылдың ІI жартыжылдығында мемлекеттік тілді оқыту курсына 1208 тіл үйренуші қабылданды. Топ саны – 86, оның ішінде 189 мемлекеттік, 837 бюджеттік сала қызметкерлері, 182 жеке тұлға дәріс алуда. Ұлттық құрамы: 624-і қазақ, 584-і этнос өкілдері (93,5%).
Орыс тілі курсына 12 тыңдаушы қабылданды. Топ саны – 2, барлығы жеке тұлға.
Ағылшын тілі курсына 276 тыңдаушы қабылданды. Топ саны – 22, оның ішінде 126 мемлекеттік қызметші, 116 бюджеттік сала қызметкерлері және 34 жеке тұлға. Ұлттық құрамы: 266 қазақ, 10 этнос өкілі.
Бағдарламаның нәтижелі көрсеткіштердің бірі Қазтест жүйесі арқылы анықталатын мемлекеттік тілді орта және жоғары деңгейде меңгерген мемлекеттік қызметшілер мен мемлекеттік қызмет көрсететін және өзге сала мамандарының үлесін арттыруға бағытталған. Қазтест жүйесі негізінде тұрғындардың мемлекеттік тілді белгілі бір деңгейде білуін анықтау үшін кестеге сәйкес ҚР Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК қызметкерлерінің қатысуымен 14-18 қыркүйек аралығында 67 адам сертификаттық, 500 адам диагностикалық тестілеуден (жергілікте жерлерде 4561 адам диагностикалық тестілеумен қамтылды) өтті. Есептік кезеңде Қазтест тапсырғандар саны 5128.
Мемлекеттік тілді насихаттау мен оқытудың сапасын арттыру жұмыстары бақылауға алынған. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен «Тәжірибе алаңы: тіл, әдістеме, нәтиже» тақырыбы аясында онлайн режимінде қазақ тілін екінші тіл және шет тілі ретінде оқыту мәселелеріне арналған халықаралық әдістемелік семинар өтті.
Семинардың мақсаты – Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында мемлекеттік тілдің қолдану өрісін кеңейту мақсатында қазақ тілін оқыту әдістемесін жетілдіру, шетелдің тілді үйрету әдістемесімен танысу, өзара тәжірибе алмасу болды.
Семинарда шетелдің және еліміздің үздік ғылым-әдіскерлері мен білікті оқытушылары өз тәжрибесімен бөлісіп, инновациялық технологиялардың мүмкіндіктері арқылы оқытудың халықаралық тәжрибелер негізінде қазақ тілін ана тілі және екінші шет тілі ретінде оқытудың әдістемелік жолдарын көрсетіп түсіндірді.
Онлайн семинарға облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы және аудандық, қалалық филиалдарының басшылары, меңгерушілері, әдіскерлері және оқытушылары қатысты. Қатысушыларға сертификат табысталды.
Ағымдағы жылдың 27 тамызында Н. Назарбаев университеті, Қазақ тіл және Түркология кафедрасының оқытушысы, педогогика ғылымдарының магистрі К. Көпеш ұйымдастырған «Онлайн оқытушы» марафонына орталықтың оқытушылары қатысып, «Онлайн бағалау», «Видеосабақ түсіру жолдары», «Онлайн тақтамен жұмыс» бойынша іс тәжірибе алмасты.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткен А. Байтұрсынұлы атындағы оқытушылар арасындағы республикалық байқауда облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының оқытушысы М. Маралбаева ынталандыру сыйлығын иеленді.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылуы
«Рухани жаңғыру» мақаласының «Туған жер» бағдарламасы аясында «Тіл – ғұмыр» қаламгерлер байқауының қорытындысы бойынша жеңімпаздар марапатталып, проза, поэзия жанры бойынша облыс әкімінің «Ақ қауырсын» арнайы жүлдесі табысталды. Проза жанрында Асыл Сұлтанғазы, проза жанрында Әсем Жұмақан «Ақ қауырсын» жүлдесіне ие болды.
2017 жылдан бастап қолға алынған жоба «Жетісудың жыр керуені» атты челендж. Аталған жоба бойынша белсенділік танытқан қатысушылар марапатталатын болады
Абай Құнанбайұлының 175 жылдық,
Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналған шаралар
Whatsapp желісі арқылы мамыр, маусым айлары аралығында «Абайды білесіз бе?» атты тақырыпта тыңдаушылар арасында 175 тест сұрағынан тұратын танымдық сабақ жүргізілді, сабақтың мақсаты Абай Құнанбайұлының шығармашылығын кеңінен насихаттау болды.
Оқыту орталықтарының меңгеруші, оқытушы және әдіскерлері арасында сәуір, мамыр, тамыз айлары аралығында facebook, Instaqram әлеуметтік желілерінде «Абай-дана, Абай-жыр, Абай-дастан» атты Абай өлеңдерін мәнерлеп оқу бойынша онлайн режимінде челлендж өтті. Челлендж қорытындысы бойынша Талғар ауданының меңгерушісі Кәмнұр Тәлімұлы және Панфилов ауданының меңгерушісі Қалибеков Аслан марапатталды.
10 қыркүйекте «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы және аудандық, қалалық филиалдарында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты тарапынан «Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Ұлы Абай – халық жүрегінде» атты жалпыхалықтық диктант жазу шарасына облыс бойынша 422 адам қатысып, диктант жазды. Нәтижесінде қатысушылардың сауаттылық деңгейі өте жақсы 41%, жақсы 59% екендігін көрсетті.
Қазақ тілінің көркемдік ерекшелігін, бай сөз қорын Абай шығармашылығы арқылы насихаттау, қазақтың тілі мен әдебиетіне, мәдениетіне деген этнос өкілдерінің қызығушылығын арттыру мақсатында 18-35 жас аралығындағы мемлекеттік тілді меңгерген этнос өкілдері арасында онлайн режимінде «Өлмейтұғын артына сөз қалдырған» атты эссе жазу байқауы өтті. Аталған байқауға облыстық тіл оқу-әдістемелік орталығының аудан, қалаларда орналасқан 19 филиал оқыту орталықтарынан 31 үміткер қатысты. Байқаудың шарттары бойынша этнос өкілдері берілген бір сағат уақытта эссе жазып, дәлелдеме мен дәйектерді келтіре отырып, өздерінің ойы зерек, қиялдары жүйрік екендерін көрсете білді. Байқау нәтижесі бойынша топты озып шыққан екі бірдей үміткер III орынды иеленді. Олар Аркенова Халинур (Еңбекшіқазақ ауданы) және Кущ Марина (Ескелді ауданы). II орынды Кондротова Виктория (Алакөл ауданы) иеленсе, топ ішінен озық шыққан Максимова Гузель (Ұйғыр ауданы) I орынды жеңіп алды.
Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын насихаттау арқылы жастардың өз Отанының тарихына, Ұлы дала елінің ұлық тұлғаларының еңбегіне деген елжандылық сезімін қалыптастыру мақсатында «Ұлы даланың ұлық тұлғасы» аты үздік эссе байқауы өтті. ZOOM платформасы арқылы онлайн режимінде өткен байқауға аудан, қалалардан 93 үміткер қатысты. Қатысушылар Әл-Фарабидің тұлғалық қырын тануға арналған тақырыптар бойынша өзінің таңдауына қарай қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде эссе жазды. Қазақ тілінде эссе жазудан жүлделі I орынды Ақбота Жүнісәлі (Талдықорған қаласы), II орынды Жанар Серікқызы (Іле ауданы), III орынды Айдана Нұрғазықызы (Панфилов ауданы) иеленді. Орыс тілінде эссе жазудан жүлделі I орынды Айдана Арманқызы (Іле ауданы), II орынды Әдемі Орынбек (Кеген ауданы), III орынды Ким Жасмина (Талдықорған қаласы) иеленді. Ағылшын тілінде эссе жазудан жүлделі I орынды Ақерке Мәулетжанқызы (Панфилов ауданы), II орынды Аружан Саматқызы (Балқаш ауданы), III орынды Шолпан Мәлікқызы (Талғар ауданы) иеленді.
Өңіріміздегі ономастикалық ахуал
Елбасының 2017 жылғы 28 ақпандағы №17-388-5 тапсырмасына сәйкес ономастикалық мәселелерді ретке келтіру жұмыстары облыстық ономастика комиссиясының дербес құрамы тарапынан жүйелі жүргізіліп келеді.
Бүгінгі күнге Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қорытындыларына сәйкес мемлекет меншігіндегі объектілерге (12 білім мекемесі, 1 кітапхана) атау беру және оларды қайта атау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобалары әзірленуде.
Әкімшілік-аумақтық бірліктер мен елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру және оларды қайта атау жұмыстары ағымдағы жылы өткізілетін халық санағының негізінде жарияланған шектеулерге байланысты 2021 жылдан бастап қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес қаралатын болады.