Өңіріміздегі ономастикалық ахуал (2020 жыл І жартыжылдық)

Елбасының 2017 жылғы 28 ақпандағы №17-388-5 тапсырмасына сәйкес ономастикалық мәселелерді ретке келтіру жұмыстары облыстық ономастика комиссиясының дербес құрамы тарапынан жүйелі жүргізіліп келеді.

Қазіргі таңда облыс аумағындағы әкімшілік-аумақтық бірліктер мен құрамдас бөліктердің 6665-і кісі есімімен (5 аудан, 39 ауылдық округ, 83 елді мекен, 6538 көше), 1817-сі жер-су атымен (14 аудан, 181 ауылдық округ, 355 елді мекен,1267 көше), 1993-і дәстүрлі атаумен (1 аудан, 22 ауылдық округ, 82 елді мекен,1888 көше) аталады.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің 2019 жылғы 27 қыркүйектегі №19-32-20.357 тапсырмасының негізінде қолданыстағы «Тарихи тұлғалар» және «Жер-су атаулары» тізімдеріне енгізіліген өзгертулер мен толықтыруларға сәйкес облыс бойынша 60 әкімшілік-аумақтық бірлік (аудан, ауылдық округ, ауыл), 3103 құрамдас бөлік (көше, даңғыл, саябақ т.б.),   115 білім мекемесі мен 2 мәдениет ұйымы тарихи тұлғалардың есімімен аталады. Яғни, тізімде көрсетілген 345 тарихи тұлғаның 291-інің есімі ұлықталып отыр.

2017 жылы ономастикалық атауларға мониторинг жүргізіліп, өңірде 7 ауылдық округтің, 19 елді мекеннің, 1152 көшенің атауы, жалпы алғанда   10% өзгертуді қажет ететіндігі анықталған.

Соңғы екі жылда атқарылған жұмыстардың нәтижесінде аталған көрсеткіш 5,8%-ке төмендеп, 4,2%-ті құрады.

Бүгінгі күні идеологиялық тұрғыдан ескірген 4 ауылдық округтің (Заречное, Казцик, Рудник, Черкасск), 10 елді мекеннің (КазЦик, Заречное, Пограничник, Тополевка, Каменское плато, Пригородное, Рудник, Космос, Майское, МТФ-3) 474 көшенің атауы өзгертуді қажет етеді.

Сол себепті ағымдағы жылы өткізілетін халық санағының негізінде жарияланған шектеулерге байланысты әкімшілік-аумақтық бірліктер мен елді мекеннің құрамдас бөліктеріне атау беру және оларды қайта атау жұмыстары 2021 жылдан бастап қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес қаралатын болады.

Мемлекет меншігіндегі объектілерге атау беру және оларды қайта атау мәселелері бойынша:

Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2020 жылғы 30 маусымдағы қорытындысына сәйкес 4 білім мекемесіне («Талғар ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне – Ыбырай Алтынсариннің, «Талғар ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар №31 жалпы білім беретін орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесіне – Әл-Фарабидің, «Алакөл аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Қант зауыты орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне – Дінмұхамед Қонаевтың, Ұйғыр ауданының білім бөлімінің «Шарын орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне – Дінмұхамед Қонаевтың есімдерін беру туралы) атау беру және оларды қайта атау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасы әзірленуде;

8 мектеп, 1 кітапхана бойынша («Кеген ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ақсай орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне – еңбек ардагері Шайқып Құрмантаевтың, «Көксу ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Талапты орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне – соғыс ардагері Байжомарт Дәндібаевтың, Қарасай ауданы әкімдігінің «Қарасай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Береке орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне – еңбек ардагері Гульфайрус Тастанбекованың, «Қарасай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Шамалған станциясындағы қазақ орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталықпен» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне – Ахмет Байтұрсынұлының, «Қарасай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Үшқоңыр қазақ орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталықпен» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне – Әлжан Бұқарбайқызының, «Қарасай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Көлащы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне – Бауыржан Момышұлының, Ұйғыр ауданы білім бөлімінің «№4 Шонжы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне – Абайдың, «Ұйғыр ауданы әкімінің аудандық кітапханасы» мемлекеттік мекемесіне – Әл-Фарабидің, Алматы облыстық №15 мектеп-интернаты» мемлекеттік мекемесіне – Абайдың есімдерін беру туралы) тиісті ономастика комиссиясының қарауына жолдау туралы ұйғарым қабылданып, бекітілген қағидаға сәйкес құжаттары рәсімделуде.

Дата публикации
16 июля 2020