«Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылуы (2020 жыл І жартыжылдық)

Қазақ тілінің латын графикасы негізіндегі әліпбиін жетілдіру бойынша 2020-2025 жылдарға арналған іс шаралар жоспарына сәйкес, әліпбидің түпкілікті нұсқасын бекітуге қатысты екі рет ашық талқылау ұйымдастырылды. Шараға І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің филолог ғалымдары, арнаулы оқу орындарының оқытушылары, Талдықорған қаласындағы мектептердің қазақ тілі пәнінің мұғалімдері, «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының оқытушылары, БАҚ өкілдері қатысты.

Жиын барысында шараға қатысушыларға латынграфикалы, қазақ әліпбиінің бірнеше нұсқасы таратылды. Қатысушылар осы аталған нұсқалар бойынша өз пікірлерін ортаға салды. Ұсыныстар Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитетіне жолданды.

 «Рухани жаңғыру» мақаласының «Туған жер» бағдарламасы аясында  ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай «Бір өлеңі – бір әлем» атты поэзия кеші, Ж. Жақыпбаевтың туғанына 75 жыл толуына орай «Жырлайды жүрек» облыстық байқауы ұйымдастырылды. Сонымен бірге дәстүрлі түрде «Мемлекеттік тіл және БАҚ», «Ана тілім – айбыным менің» облыстық байқаулары өткізілді. Байқау жеңімпаздарына Басқарманың Алғыс хаты және арнайы сыйлық табыс етілді. Алдағы уақытта «Тіл – ғұмыр» қаламгерлер байқауының қорытындысы бойынша жеңімпаздар марапатталып, проза, поэзия жанры бойынша облыс әкімінің «Ақ қауырсын» арнайы жүлдесі табысталатын болады.

Дата публикации
20 июля 2020