Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша 2020 жылдың І жартыжылдығында атқарған жұмысы туралы АҚПАРАТ

Тілдік жағдайды зерделеу мақсатында облыстық және жергілікті  атқарушы органдардың кіріс-шығыс құжаттарына тоқсан сайын мониторинг жүргізіледі. Осыған сәйкес өңірімізде 2020 жылдың  І жартыжылдығында мемлекеттік тілдің қолданылу көрсеткіші 99,5%-ті құрады.

Қазіргі уақытта облыста «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы және оның 19 аудандық, қалалық филиалы жұмыс істейді. Барлық оқыту орталықтары заманауи үлгідегі материалдық-техникалық базамен қамтамасыз етілген. Ағымдағы жылы мемлекеттік тілді оқыту курсында 490, латыннегізді әліпби курсында 1018, ағылшын тілі курсында 225, орыс тілі курсында 16, барлығы                             1749 тыңдаушы дәріс алды. Нәтижесінде мемлекеттік оқыту курсын 420, ағылшын тілін 197, орыс тілін 16 тыңдаушы сәтті аяқтап, куәлік алды.  Соңғы жылдары этнос өкілдерінің мемлекеттік тілді оқып-үйренуге деген құлшынысы артып келеді (мемлекеттік тілді оқытумен қамтылған 490 тыңдаушының 212-сі этнос өкілдері).

Ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап оқыту орталықтарының сабақ жүргізу процесі қашықтан оқытуға көшірілді. Осыған байланысты облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы және филиал қызметкерлерінің жаңа технологияларды меңгеруіне ықпал ету мақсатында «Ақпараттық коммуникациялық технология дағдыларын оқыту үдерісіне ықпалдастыру» тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырылды. Семинарды Талдықорған қаласының педагогикалық шеберлік орталығы филиалының тренері, педагогика ғылымдарының магистрі М. Аманжолұлы жүргізіп, өз тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар, тіл үйренушілердің тілдік, коммуникативтік құзыреттілігін дамыту, тәжірибе алмасу мақсатында «Тілдік құзыреттілікті дамыту» атты облыстық онлайн семинар өткізілді. Семинарға Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» республикалық ұлттық  ғылыми-практикалық орталығы, Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанындағы  «Ресурстық тіл орталығы» қызметкерлері, Алматы облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы мен аудандық, қалалық филиал меңгерушілері, әдіскерлері және оқытушылары қатысты.

Үстіміздегі жылдың  25 маусымында Тіл сарайында ZOOM платформасы арқылы  қашықтан оқыту үдерісіндегі электронды ресурстарды ұйымдастыру және пайдалану негізінде оқытушылардың кәсіби біліктілігін көтеру, тәжірибе алмасу мақсатында «Қашықтан оқытуды дамыту идеялары» республикалық онлайн семинары  ұйымдастырылды. Аталған шараға республика бойынша мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының әдіскерлері мен оқытушылары, Алматы облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының қалалық, аудандық филиалдарының қызметкерлері қатысты, семинарда Н. Назарбаев университеті, қазақ тілі және түркология кафедрасының оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі К. Көпеш баяндама жасады.

         Бағдарламаның нәтижелі көрсеткіштердің бірі Қазтест жүйесі арқылы анықталатын мемлекеттік тілді орта және жоғары деңгейде меңгерген мемлекеттік қызметшілер мен мемлекеттік қызмет көрсететін және өзге сала мамандарының үлесін арттыруға бағытталған. Есептік кезеңде Қазтест жүйесі негізінде жергілікте жерлерде 4156 адам диагностикалық тестілеуден өткен.

Қазақ тілінің латын графикасы негізіндегі әліпбиін жетілдіру бойынша 2020-2025 жылдарға арналған іс шаралар жоспарына сәйкес, әліпбидің түпкілікті нұсқасын бекітуге қатысты екі рет ашық талқылау ұйымдастырылды. Шараға І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің филолог ғалымдары, арнаулы оқу орындарының оқытушылары, Талдықорған қаласындағы мектептердің қазақ тілі пәнінің мұғалімдері, «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының оқытушылары, БАҚ өкілдері қатысты.

Жиын барысында шараға қатысушыларға латынграфикалы, қазақ әліпбиінің бірнеше нұсқасы таратылды. Қатысушылар осы аталған нұсқалар бойынша өз пікірлерін ортаға салды. Ұсыныстар Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитетіне жолданды.

 «Рухани жаңғыру» мақаласының «Туған жер» бағдарламасы аясында  ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай «Бір өлеңі – бір әлем» атты поэзия кеші, Ж. Жақыпбаевтың туғанына 75 жыл толуына орай «Жырлайды жүрек» облыстық байқауы ұйымдастырылды. Сонымен бірге дәстүрлі түрде «Мемлекеттік тіл және БАҚ», «Ана тілім – айбыным менің» облыстық байқаулары өткізілді. Байқау жеңімпаздарына Басқарманың Алғыс хаты және арнайы сыйлық табыс етілді. Алдағы уақытта «Тіл – ғұмыр» қаламгерлер байқауының қорытындысы бойынша жеңімпаздар марапатталып, проза, поэзия жанры бойынша облыс әкімінің «Ақ қауырсын» арнайы жүлдесі табысталатын болады.

Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай, ақын  шығармашылығын кеңінен насихаттау мақсатында басқармада бірнеше шаралар өткізілді. Олардың қатарында Басқарма қызметкерлері Абай өлеңдерін жатқа оқудан челлендж ұйымдастырып, оны ары қарай жалғастыруды Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының тілдерді дамыту жөніндегі басқармаларына жолдады. Сонымен қатар, «Абай мұрасы – халық ұлағаты» атты дөңгелек үстел өткізіліп, әлеуметтік желі  арқылы онлайн режимінде  этнос жастары арасында «Абай оқулары» облыстық байқауы ұйымдастырылды. Бұл онлайн байқауда әр қатысушы шығармаларды алдын ала бейнежазбаға түсіріп, басқармаға жолдады. Сондай-ақ, түсірілген бейнежазбалар #Абай175байқау хэштегімен басқарманың әлеуметтік желілердегі парақшаларында жарияланып отырды. Қатысушылардың санына шектеу қойылған жоқ. Байқауда көркемсөз оқу және ән айту шеберлігін қатар меңгерген 18 бен 29 жас аралығындағы 40 үміткер өнер көрсетті.

Байқау қорытындысы бойынша, өнер көрсетуде қарсыластарынан оқ бойы озық тұрған жаркенттік Дильназ Шарипова Бас жүлдені иеленіп, республикалық байқауға жолдама алды.

Сондай-ақ, өзінің осал қарсылас емес екенін танытқан Лысенко Инна (Кербұлақ ауданы) Басқарманың бірінші дәрежелі дипломына лайық деп танылды. Жүлделі II орынды Аманкулова Карина (Көксу ауданы) мен Аслан Оглы Эмина (Қаратал ауданы) алса, III орын Ягель Анжелина (Алакөл ауданы) және Воцке Ангелинаға (Еңбекшіқазақ ауданы) бұйырды.

Бұл сайыста этнос жастары қазақтың ұлттық киім үлгісін кию арқылы ортақ Отанға деген махаббат пен қазақы рухты бойларына сіңіріп, ұлы ақын шығармаларын жаттау арқылы ел бірлігінің басты кілті – мемлекеттік тілге, Абай тіліне тереңірек бойлай түсті.

Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жоспарға сәйкес жүйелі жалғасатын болады.

Елбасының 2017 жылғы 28 ақпандағы №17-388-5 тапсырмасына сәйкес ономастикалық мәселелерді ретке келтіру жұмыстары облыстық ономастика комиссиясының дербес құрамы тарапынан жүйелі жүргізіліп келеді.

Қазіргі таңда облыс аумағындағы әкімшілік-аумақтық бірліктер мен құрамдас бөліктердің 6665-і кісі есімімен (5 аудан, 39 ауылдық округ, 83 елді мекен, 6538 көше), 1817-сі жер-су атымен (14 аудан, 181 ауылдық округ,                              355 елді мекен,1267 көше), 1993-і дәстүрлі атаумен (1 аудан, 22 ауылдық округ, 82 елді мекен,1888 көше) аталады.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің 2019 жылғы 27 қыркүйектегі №19-32-20.357 тапсырмасының негізінде қолданыстағы «Тарихи тұлғалар» және «Жер-су атаулары» тізімдеріне енгізіліген өзгертулер мен толықтыруларға сәйкес облыс бойынша 60 әкімшілік-аумақтық бірлік (аудан, ауылдық округ, ауыл), 3103 құрамдас бөлік (көше, даңғыл, саябақ т.б.),   115 білім мекемесі мен 2 мәдениет ұйымы тарихи тұлғалардың есімімен аталады. Яғни, тізімде көрсетілген 345 тарихи тұлғаның 291-інің есімі ұлықталып отыр.

2017 жылы ономастикалық атауларға мониторинг жүргізіліп, өңірде 7 ауылдық округтің, 19 елді мекеннің, 1152 көшенің атауы, жалпы алғанда   10% өзгертуді қажет ететіндігі анықталған.

Соңғы екі жылда атқарылған жұмыстардың нәтижесінде аталған көрсеткіш 5,8%-ке төмендеп, 4,2%-ті құрады.

Бүгінгі күні идеологиялық тұрғыдан ескірген 4 ауылдық округтің (Заречное, Казцик, Рудник, Черкасск), 10 елді мекеннің (КазЦик, Заречное, Пограничник, Тополевка, Каменское плато, Пригородное, Рудник, Космос, Майское, МТФ-3) 474 көшенің атауы өзгертуді қажет етеді.

Сол себепті ағымдағы жылы өткізілетін халық санағының негізінде жарияланған шектеулерге байланысты әкімшілік-аумақтық бірліктер мен елді мекеннің құрамдас бөліктеріне атау беру және оларды қайта атау жұмыстары 2021 жылдан бастап қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес қаралатын болады.

Мемлекет меншігіндегі объектілерге атау беру және оларды қайта атау мәселелері бойынша:

Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2020 жылғы 30 маусымдағы қорытындысына сәйкес 4 білім мекемесіне («Талғар ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне – Ыбырай Алтынсариннің, «Талғар ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар №31 жалпы білім беретін орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесіне – Әл-Фарабидің, «Алакөл аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Қант зауыты орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне – Дінмұхамед Қонаевтың, Ұйғыр ауданының білім бөлімінің «Шарын орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне – Дінмұхамед Қонаевтың есімдерін беру туралы) атау беру және оларды қайта атау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасы әзірленуде;

8 мектеп, 1 кітапхана бойынша («Кеген ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ақсай орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне – еңбек ардагері Шайқып Құрмантаевтың, «Көксу ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Талапты орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне – соғыс ардагері Байжомарт Дәндібаевтың, Қарасай ауданы әкімдігінің «Қарасай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Береке орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне – еңбек ардагері Гульфайрус Тастанбекованың, «Қарасай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Шамалған станциясындағы қазақ орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталықпен» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне – Ахмет Байтұрсынұлының, «Қарасай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Үшқоңыр қазақ орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталықпен» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне – Әлжан Бұқарбайқызының, «Қарасай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Көлащы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне – Бауыржан Момышұлының, Ұйғыр ауданы білім бөлімінің «№4 Шонжы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне – Абайдың, «Ұйғыр ауданы әкімінің аудандық кітапханасы» мемлекеттік мекемесіне – Әл-Фарабидің, Алматы облыстық №15 мектеп-интернаты» мемлекеттік мекемесіне – Абайдың есімдерін беру туралы) тиісті ономастика комиссиясының қарауына жолдау туралы ұйғарым қабылданып, бекітілген қағидаға сәйкес құжаттары рәсімделуде.

 

 

Дата публикации
13 июля 2020