1) 504-бап. Мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы, сондай-ақ таратылуы шектеулі қызметтік ақпаратпен жұмыс істеудегі белгіленген талаптарды бұзу
- Мемлекеттiк құпияларға қол жеткізудің немесе жіберудің белгiленген тәртiбiн бұзу –жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
- Мемлекеттік құпиялармен немесе олардың жеткізгіштерімен жұмыс істеуге жіберілген адамдардың құпиялылық режимін қамтамасыз ету бойынша белгіленген талаптарды бұзуы, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
- Құпияландыруға жатпайтын мәліметтерді және олардың жеткізгіштерін негізсіз құпияландыру, мемлекеттік құпияларға жатқызылмаған мәліметтерді құпияландыру үшін құпиялылық белгілерін және өзге де шектеу белгілерін пайдалану, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
- Осы баптың үшiншi бөлiгінде көзделген, заңдылықтың бұзылғандығын жасыру мақсатында жасалған әрекеттер –елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
- Мемлекеттікқұпиялартуралызаңнамадакөзделгенжағдайлардықоспағанда, мемлекеттікқұпиялардықұрайтынмәліметтердіжәнеолардыңжеткізгіштеріннегізсізқұпиясыздандыру, жеткізгіштердіқұпияландырукезіндеолардықұпиясыздандырудыңбелгіленгенмерзімдерінбұзу, егербұләрекеттердеқылмыстықжазаланатыніс-әрекеттербелгілеріболмаса, –жиырмаайлықесептіккөрсеткішмөлшеріндеайыппұлсалуғаәкепсоғады.
- Таратылуышектеуліқызметтікақпаратпенжұмысістеубойыншабелгіленгенталаптардыоғанкәсіптікнемесеқызметтікжұмысынабайланыстырұқсатберілгенадамдардың осы мәліметтердіңжарияетілуіненемесежоғалуынаәкепсоққанбұзуы – он бес айлықесептіккөрсеткішмөлшеріндеайыппұлсалуғаәкепсоғады.
2) 641-бап. Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасын бұзу
- Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасын:
...
2) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды бұзу;
...
жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.