Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы Заңы»

1-бап пп.13-1) мемлекеттік қызметшінің тікелей басшысы − өзіне қатысты мемлекеттік қызметші оның лауазымдық нұсқаулығына сәйкес тікелей бағынышты болатын мемлекеттік лауазым бойынша жоғары тұрған адам.

Аудандық акимат

Аудан әкімі, егер ол тағайындалған күннен бастап 3 ай өткеннен кейін оның орынбасары, әкім аппаратының басшысы, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын өзі жетекшілік ететін атқарушы органның басшысы, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған жағдайда отставкаға береді.

Аудан әкімінің орынбасарлары, егер ол тағайындалған күннен бастап 3 ай өткеннен кейін жетекшілік ететін бөлім басшысы сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған жағдайда тәртіптік жауапкершілікке тартылады.

Аудан аппаратының басшысы тәртіптік жауапкершілікке, егер ол тағайындалған күннен бастап 3 ай өткеннен кейін аппарат бөлімінің басшысы сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған жағдайда (кадр жұмысы бөлімі, Жалпы бөлім, Мемлекеттік қызмет және ақпараттық технологиялар мониторингі бөлімі, Қаржы-шаруашылық бөлімі, Ұйымдастыру бөлімі, заң және мемлекеттік-құқықтық бөлімі) тартылады.

Аудан аппаратының бөлім басшысы, егер ол тағайындалған күннен бастап 3 ай өткеннен кейін бөлімнің бас, жетекші мамандары мен қызметшілері сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған жағдайда тәртіптік жауапкершілікке тартылады.

Мемлекеттік мекеме болып табылатын бөлім басшысы (білім бөлімі ММ, құрылыс бөлімі ММ, жер қатынастары бөлімі ММ, мәдениет және т.б.), егер тағайындалған күннен бастап 3 ай өткеннен кейін бөлімнің бас, жетекші мамандары мен қызметшілері сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған жағдайда тәртіптік жауапкершілікке тартылады.

Облыстық басқарма

Басқарма басшысы тағайындалған күннен бастап 3 ай өткеннен кейін басқарма басшысының орынбасары сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған жағдайда тәртіптік жауапкершілікке тартылады.

Басқарма басшысының орынбасары, егер тағайындалған күннен бастап 3 ай өткеннен кейін жетекшілік ететін бөлім басшысы сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған жағдайда тәртіптік жауапкершілікке тартылады.

Басқарма бөлімінің басшысы, егер ол тағайындалған күннен бастап 3 ай өткеннен кейін бөлімнің бас, жетекші мамандары мен қызметшілері сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған жағдайда тәртіптік жауапкершілікке тартылады.

 

 

 

Дата публикации
16 марта 2020