Бағынысты қызметшілері сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін басшылардың отставкасы және жауапкершілігі институтын іске асыру бойынша іс-әрекеттер АЛГОРИТМІ

Алгоритмге түсіндірме

Бірінші. Егер де мемлекеттік қызметші сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін Сот үкімі шығып, күшіне енгеннен соң немесе сот ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық істі тоқтатқаннан кейін 1 күннен кешіктірмей сот кеңсесі Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің (бұдан әрі – ҚСжАЕК) базасымен интеграцияланған ведомстволық ақпараттық жүйеге тиісті деректерді енгізеді (  бұл сот кеңсесіне қатысты).

Екінші. ҚСжАЕК 2 күн ішінде басшылардың бағынысты қызметшілері жасаған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жауаптылығы жөніндегі заңнама талаптарын орындау процесін мониторингілеу және бақылау үшін талап етілетін мәліметтерді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне (бұдан әрі - Агенттік) жібереді. Кейіннен ҚСжАЕК Агенттікке тиісті мониторинг үшін ақпараттық жүйеге онлайн қолжетімділік береді (бұл ҚСжАЕК, Агенттікке және оның аумақтық департаменттеріне қатысты).

Үшінші. Мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік ұйымдар бірінші басшының шешімі бойынша осы алгоритмді сақтауға жауапты қызметшіні оның лауазымдық нұсқаулығына тиісті толықтыру енгізе отырып бекітеді. Мемлекеттік орган немесе квазимемлекеттік ұйым (өзінің қызметкеріне қатысты) сот актісін немесе қаулыны күшіне енген күні, Жоғарғы соттың сайтында, яғни Сот кабинетін пайдалана отырып, сондай-ақ ҚСжАЕК ведомстволық базасына сұрау салу арқылы қарайды (бұл барлық мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдарының алгоритмді сақтауға жауапты болып бекітілген қызметшісіне қатысты).

Төртінші. Егер мемлекеттік саяси қызметшімен 3 ай бұрын тағайындалған қызметші сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаса, онда осы қызметшіні тағайындаған мемлекеттік саяси қызметші жоғарыда аталған қызметкерге қатысты сот үкімі күшіне енгеннен кейін не қылмыстық іс тоқтатылғаннан кейін күнтізбелік 10 күннен кешіктірмей отставкаға береді (бұл мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдардың мемлекеттік саяси қызметтегі басшыларына қатысты).

Мысалы: егер аудан әкімінің орынбасары, аппарат басшысы немесе бөлім басшысы (мемлекеттік мекеме болып табылатын бөлім) сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаса онда аудан әкімі отставкаға беруі тиіс.

Осы саяси қызметшіні тағайындаған лауазымды адам (орган) отставкаға өтініш берілген күннен бастап 1 ай мерзімде отставканы қабылдау немесе одан бас тарту туралы шешім қабылдайды. Отставкадан бас тартқан жағдайда лауазымды адам осы саяси қызметшіге заңнамаға сәйкес тәртіптік жаза қолдана алады.

Бесінші. Егер сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған қызметшінің тікелей басшысымемлекеттік саяси қызметшілерге жатпаса немесе құрылымдық бөлімшенің басшысы болып табылса, онда осы басшы заңнамаға сәйкес тәртіптік жауаптылықта болады (бұл мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдарының басшыларына қатысты).

Алтыншы. Мемлекеттік орган немесе квазимемлекеттік сектор ұйымы тиісті шешім қабылданған күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде бағынысты қызметшісісыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған саяси қызметшінің отставкасы немесе басшының тәртіптік жауапкершілігін қарау қорытындылары туралы Агенттікке және оның аумақтық департаментінехабарлайды (бұл барлық мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдарының алгоритмді сақтауға жауапты болып бекітілген қызметшісіне қатысты).

Жетінші. Агенттік тоқсан сайынғы негізде Президент Әкімшілігіне, соның ішінде шаралар қабылдау үшін заңнама талаптарын орындамау фактілері болған жағдайда, олар бойынша есеп береді (бұл Агенттікке және оның аумақтық департаментіне қатысты).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
12 июня 2020