Тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында мемлекеттік тіл нормаларына сәйкес көрнекі ақпараттарды қамту деңгейі 2020 жылы – 70%, 2021 жылы – 72%, 2022 жылы – 74%, 2023 жылы – 76%, 2024 жылы – 78%, 2025 жылы – 80% орындау көзделген.
Осы көрсеткіштерге қол жеткізу үшін бүгін Талдықорған қаласының орталығында орналасқан халыққа қызмет көрсету орындарындағы деректемелер мен жарнамалардың заңдылығы мен сауаттылығына зерделеу жүргізілді.
Зерделеу барысында нысан иелеріне қолданыстағы заңнама талаптары негізінде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, әдістемелік көмек көрсетілді.