Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу

2020 жылғы 20 мамырда Облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы ұжымымен сыбайлас жемқорлық шараларының алдын алу тақырыбына жиын өткізілді.                                                           

Жиынға  Алматы облысының тілдерді дамыту басқарма басшысы А. Башбаев төрағалық етті.

Қатысушылар:  басқарма, «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының мамандары.

Жиын қорытындысы бойынша:   

Бюджеттік қаражатты мақсатты пайдалану. «Ашық бюджет» принципін, ашықтылықты  сақтау. Орталықтың және оның аудан, қалалардағы филиалдарына қатысты барлық нормативтік құқықтық актілерінің заң талаптарына сәйкес  дәлелді, негізге алынатын тиісті құжаттарын тіркей отырып дайындалуын қадағалау, заңға сәйкес орындау, сыбайлас жемқорлық шараларының алдын алуды қатаң назарда ұстау, мемлекеттік сатып алу барысында шекті (медиандық)  бағаны ұстану,  мемлекеттік сатып алуды заң талаптарына сәйкес жүргізу,  «Ашық бюджет» порталына мәліметтердің уақтылы енгізілуін қамтамасыз ету, 2020 жылға бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын қатаң бақылауға алып, тиімділігін қадағалап, заң талаптарына сәйкес орындау қатаң тапсырылды.    

Дата публикации
20 мая 2020