ХХI ғасыр – ақпараттық технологиялар заманы, кез келген маман, (оқытушы) қашықтықтан (оқыту), жұмыс кезінде заманауи интернет платформасын білуі шарт.
"Тіл" оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен "Ақпараттық коммуникациялық технология дағдыларын оқыту үдерісіне ықпалдастыру" тақырыбында вебинар-практикум өтті.
Вебинарды IT саласы бойынша маман, тьютор Медет Сатаев жүргізді.
Мақсаты: қашықтықтан оқыту кезінде интернет платформаларымен жұмыс жасау және оны тәжірибеде қолдану.
Вебинарға Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А.Башбаев, басқарма мамандары, "Тіл" оқу-әдістемелік орталығының әдіскерлері мен оқытушылары қатысты.
Вебинарда қашықтықтан оқытуда тиімді интернет платформасы болып табылатын ZOOM-да конференция құру, құжаттармен және тақтамен жұмыс, ZOOM плафтормасында топтық жұмыстарды ұйымдастыру толық түсіндірілді.