- Жалпы ережелер
Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы облыс бойынша халыққа қызмет көрсету нысандары мен қоғамдық көліктердегі деректемелер мен көрнекі ақпараттарда тіл нормаларының Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Жарнама туралы» Заңдарына сәйкес ресімделуін, олардың сауатты жазылуын қамтамасыз ету мақсатында «Тіл тазалығын сақтайық!» облыстық акциясын (бұдан әрі – акция) жариялайды.
Акцияның міндеті:
- облыс тұрғындарының тіл саясаты туралы ақпараттану деңгейін көтеру, мемлекеттік тілге құрметпен қарауды қалыптастыру қазақ тілінің қолданыс өрісін кеңейту;
- мемлекеттік тілдегі жарнама мәтіндерінің ұғынықты, мазмұнды болуын, стильдік, орфографиялық тұрғыда сауатты жазылуын қадағалау;
- көрнекі ақпараттар мен деректемелерде кездесетін қателерді анықтап, оларға әдістемелік көмек көрсету, түзету жұмыстарын жүргізу.
- Акция өткізудің тәртібі
- Акцияға аудандардың және Қонаев қаласының жергілікті атқарушы органдарында құрылған жұмысшы топтар қатыса алады.
- Жұмысшы топтар халыққа қызмет көрсету орындарында, көшелерде, қоғамдық көліктерде, қоғамдық тамақтану орындарында орналасқан жарнама мәтіндерінің, ас мәзірлерінің тіл туралы заңнама талаптарына сәйкес ресімделуіне рейд жұмыстарын ұйымдастырады, сауалнама жүргізеді, анықталған заң бұзушылықтарды саралайды, түзету жұмыстарын жүргізеді.
- Акция 2022 жылдың 10-30 қараша аралығында өтеді.
- Акцияның материалдары жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде #тазатіл хештегімен кеңінен жариялануы тиіс.
- Акцияның шарттары
- Акцияға қатысушы жұмысшы топтар:
- акция барысында кемінде 100 ден аса нысанды қамтуы керек және ол нысан туралы толық ақпарат болуы тиіс (нысан атауы, басшысы, орналасқан жері, байланыс телефоны);
- анықталған және түзетілген кемшіліктер «дейін», «кейін» деген фотосуреттермен расталуы тиіс;
- әдістемелік көмек көрсету мақсатында буклеттер, парақшалар таратылуы керек;
- акция материалдары облыстық, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде #тазатіл хештегімен кеңінен жариялануы шарт (сілтемелері болуы керек);
- акция барысында жүргізілген жұмыстар бойынша бейнеролик, фотоальбом дайындалу қажет;
- барлық материалдар жинақталып, 2022 жылдың 1 желтоқсанына дейін Басқармаға папкада өткізілуі керек.
- Акцияны бағалау
4.1. Акцияға қатысушылардың материалдарын қазылар алқасы сараптап, бағалайды.
4.2. Қазылар алқасының талаптарына сәйкес жеңімпаздар анықталады.
4.3. Акция жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.
Байланыс телефондары: 8 (71772) 2-38-99, 87074546058
E-mail: bitebekova@mail.ru