1. Жалпы ережелер
«Ұлттық ономастика – Ел айнасы» облыстық конкурсы (бұдан әрі – конкурс) жергілікті атқарушы органдарда қызмет істейтін мамандар арасында өтеді. Мемлекеттік органдарда «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңы мен «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020 − 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асыру.
Конкурсты өткізудің мақсаты:
1) жергілікті атқарушы органдардағы ономастика саласымен айналысатын мамандардың жұмысын күшейту, олардың өзара тәжірибе алмасуына мүмкіндік жасау;
2) сала мамандарының атау беру және қайта атау жұмыстарын жетілдіру және дамытуға ынталандыру;
3) жергілікті тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарының сапасын арттыру және күшейту;
4) ономастика саласын жүргізіп отырған қызметкерлерді моралдық және материалдық тұрғыдан көтермелеу.
Конкурс мемлекеттік тілде өтеді.
Байқауды өткізудің тәртібі
Конкурсқа аудандардың және Қонаев қаласының жергілікті атқарушы органдардағы ономастика саласымен айналысатын мамандарының қызметкерлерінен құрылған командалар қатысады. Аудан, қала, ауылдық округ әкімдіктері атынан құрама топ команда жасақтауға болады. Әр команданың құрамы үш адамнан тұрады.
Конкурс 2022 жылдың қараша айында өткізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін жазбаша түрде Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасына аудандардың және Қонаев қаласының жергілікті атқарушы органдары 2022 жылдың 21 қарашасына дейін ұсыныс береді.
Конкурс кезеңдері
Қатысушы команданы таныстыру: атауы, ұраны, конкурсқа қатысудағы мақсат-міндеттері (екі-үш минут);
Команда капитандарының сайысы – «Атаулар – сыр шертеді» Мұнда әр команданың 2017-2022 жылдар аралығында облыс бойынша өзгертілген (көше, елді мекен, объекті және т.б.) атаулардың нақты статистикасы көрсетіледі. (Слайд түрінде);
«Жер-судың аты – тарихтың хаты». Мұнда команда капитандарына лэд-экраннан еліміздегі танымал мекеннің (мәселен, Көлсай, Айғайқұм т.б.) суреті көрсетіледі. Үміткер бұл жердің атауын, еліміздің қай өңірінде орналасқанын айта келіп, қысқаша тарихи сипаттамасын береді.
Топтық сайыс - «Ономастика». Сайыстың бұл түрінде команда мүшелеріне үш түрлі тапсырма беріледі:
Ономастика саласы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы қысқаша мәлімет (ролик түрінде);
2) Ономастика саласын реттейтін Нормативтік құқықтық актілер туралы, атау беру, қайта атау бағытында жүргізілетін жұмыс жағдаяттарына (ситуация) және «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020 − 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына» байланысты қойылған сұрақтарға жауап беру (үш-бес минут);
3) Викториналық сұрақтарға жауап беру (үш-бес минут).
Конкурсты бағалау
Конкурсқа қатысушылардың қабілеті мен шеберлігін бес адамнан тұратын қазылар алқасы сараптап, бағалайды.
Қазылар алқасының талаптарына сәйкес жеңімпаздар анықталады.
Конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.
Байланыс телефондары: 8 (71772) 2-38-99, 87074546058
E-mail: bitebekova@mail.ru