«Кітап – асыл қазына» кітап оқу байқауының ережесі

  1. Жалпы ережелер

Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы (бұдан әрі – Басқарма)   «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Кітап – асыл қазына» кітап оқу  байқауын өткізеді.

Байқаудың мақсаты мен міндеті:

1) Кітап оқу мәдениетін дамыту және кітапсүйер оқырманға қолдау көрсету;

2) Облыс тұрғындарын кітап оқуға ынталандыру;

3) Үздік көркем әдеби шығамаларды кеңінен насихаттау.

  1. Байқаудың тәртібі

  2. Басқарма байқаудың ұйымдастырушысы болып табылады.

  3. Байқау 2022 жылғы 7 қарашада басталады және 7 желтоқсанда аяқталады.

  4. Байқауға студенттер және облыстың ересек тұрғындары қатыса алады. Қатысушылардың санына және жасына шектеу қойылмайды.

  5. Байқауға қатысушылар https://clck.ru/32L2Gq осы сілтеме арқылы міндетті түрде телеграм қаналға тіркеледі.

  6. Байқау туралы толық ақпарат, PDF форматтағы кітаптардың электрондық нұсқалары, қажетті мәліметтер телеграм каналда, Басқарманың  ресми сайтында, Facebook, Instagram әлеуметтік желілерінде орналастырылады.

  7. Байқаудың шарты

  1. Байқау келесі тәртіппен ұйымдастырылады.

  • Байқауға қатысушы https://clck.ru/32L2Gq сілтеме арқылы телеграм каналға  тіркелгеннен кейін бекітілген кітапты оқиды. Кітаптарды офлайн және онлайн  PDF форматта электрондық нұсқаларын   жүктеп оқи аласыздар.

  • 2022 жылғы 27 қарашаға дейін студенттер – Жәди Шәкенұлы «Қаралы көш» романын, ересектер – Смағұл Елубай «Ақ боз үй» романын оқып бітіруі керек.                   

  • Байқауға қатысушылар бекітілген күні Google формада тест тапсырады.

Тест Телеграм каналында өтеді, бекітілген шығарма бойынша 100 сұрақ     беріледі.  Тест уақыты 90 минут болады. Берілген уақыт аяқталғаннан кейін тестке жіберілген жауаптар есептелмейді.

  1. Қорытынды ережелер

  1. Байқау жеңімпаздары Тестің нәтижесінде (жинаған балы, уақыты ескеріледі) анықталады.

  2. Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері Тәуелсіздік күні қарсаңында Басқарманың І, ІІ, ІІІ дәрежелі Дипломдарымен, Алғысхаттарымен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады (уақыты қосымша хабарланады).

  3. Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері туралы ақпарат Бақарманың интернет ресурстарында орналастырылады.

Туындаған сұрақтар бойынша  төмендегі телефондарға хабарласуға болады: 8(72772) 2-38-99; 87074546058.

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
07 ноября 2022