А. Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай Қазақстан халқы Тілдері мерекесі айлығы аясында өтетін «Қасиетті өлке, киелі мекен» атты байқаудың ережесі

Байқаудың негiзгi мақсаты мен міндеттері: Байқау арқылы оқушылардың патриоттық сезімін нығайту, шығармашылық әлеуетін, лингвистикалық капиталын дамыту.

А. Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы аясында «Қасиетті өлке, киелі мекен» тақырыбын шығармаға арқау ету. Талантты жастарға қолдау көрсету.

Басты талаптары мен негiзгi шарттары:

  1. Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен өтетін «Қасиетті өлке, киелі мекен» атты шығарма байқауы Алматы облысының жоғарғы сынып (9-11 сынып) оқушыларын қамтиды.

А4 форматында, Times New Roman 14 шрифт, 1,0 интервалымен 2-3 парақ көлемінде жазылуы тиіс.

  1. Әр үмiткердiң сөздік қоры, сөз көркемдігі, идеялық серпіні ескеріледі.
  • Қазылар алқасы:
  1. Қазылар құрамына кәсiби бiлiктi мамандар кiредi.
  2. Қазылар алқасының шешiмiне сәйкес хаттама толтырылады, шешім өзгертiлмейдi.

Бағалау критерийлері:

  1. Қазылар алқасы байқауға ұсынылған шығармашылық жұмыстарды бағалауда келесі шарттарды басшылыққа алады:
  • тақырыптың ашылуы;
  • тақырыптан ауытқымауы;
  • ойдың логикалық бірізділігін сақтауы;
  • сөз орамдарын орынды қолдануы;
  • оқырманға ерекше әсер беру мақсатында көркем тіл құралдарын қолдануы;
  • грамматикалық жағынан сауатты жазуы;
  • мазмұны, ой тереңдігі;
  • жазылу стилі;
  • өзіндік көзқарасын білдіруі.
  1. Қатысушылардың жолдаған шығармалары антиплагиатқа тексерілетін болады.

Өтiнiш беру шарттары:

  1. Конкурсқа қатысу үшін өтінім (қол қойылған, сканерлеген) ardak.sengirbaeva.78@mail.ru электрондық поштасына, «Қасиетті өлке, киелі мекен» деген белгімен 2022 жылғы 20 қыркүйекке дейін мынадай құжаттармен бірге жолдануы тиіс:
  • төлқұжат көшірмесі PDF форматта;
  • үміткердің өмірбаяны, түрлі-түсті фотосуреті 13х18/ электронды нұсқасымен;
  • мекенжайы, байланыс телефондары.
  1. Байқау жүлдегерлеріне арнайы Дипломдар, Алғыс хаттар және бекітілген жүлде қоры табысталады.

Ұйымдастырушы:

Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы

Қонаев қаласы,  1-шағын ауданы, 28/А

Байланыс телефондары: 8(72727) 23902, 8 77778 269 08 14

 

Дата публикации
05 сентября 2022