- Акцияның мақсаты
«Бала тілі – бал» облыстық акциясын (одан әрі – Акция) өткізу мақсаты: мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, қазақ тілінің қарым-қатынас тілі ретіндегі қызметін нығайту.
- Акцияға қатысу тәртібі
- Акцияға облыстың 9 аудан, 1 қаладағы әр балабақшадан 1 бала қатыса алады.
- Акцияға қатысушылар туған жер, Отан, тіл туралы өлеңдерді жатқа оқып (ұзақтығы 2,5 минуттан аспауы тиіс), бейнематериалды әлеуметтік желіде (facebook) #балатілібал2022 хештегімен кеңінен таратуы тиіс.
- Жарияланымның астында міндетті түрде көрсетілуі тиіс ақпарат:
- Балабақшаның атауы;
- байланыс нөмірі (ұялы телефон);
- қатысушы баланың аты-жөні;
- ұсынып отырған аудан немесе қала атауы.
Акция жеңімпаздары сараптама тобының іріктеуі бойынша анықталады және бейнематериал астындағы лүпіл назарға алынады.
- Қатысушыға қойылатын ерекше талаптар
- Қатысушы өлең жолдарын мәнерлеп жатқа оқуы тиіс. Қатысушының Акция аясындағы материалы оқу талаптарына сай келмеген жағдайда, қазылар алқасының шешімімен «лүпіл» саны ескерілмейді.
- Акция жеңімпаздарын анықтау және марапаттау
- Акция осы Ереже жарияланған уақыттан бастап 2022 жылдың 25 қыркүйегіне дейін жүргізіледі.
- Акция жеңімпаздары арнайы дипломдармен және бекітілген сыйлық қорымен марапатталады.
Байланыс телефоны: 8 778 269 08 14