Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 8-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына (бұдан әрі -Қағида) сәйкес, Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының (бұдан әрі - Басқарма) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (бұдан әрі - Талдау) жүргізді.
Талдау Басқарма басшысы міндетін атқарушысының 2022 жылғы 21 шілдедегі №63-н/қ бұйрығымен бекітілген келесі құрамдағы жұмыс тобымен 2022 жылғы 25-28 шілде аралығында жүзеге асырылды:
Басқарма өз қызметін Алматы облысы әкімдігінің 2016 жылғы 29 маусымдағы №339 қаулысымен бекітілген «Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесіне (бұдан әрі - Ереже) сәйкес жүзеге асырады.
Ережеге сәйкес Басқарма облыста бірыңғай мемлекеттік тіл саясатын жүргізу үшін мемлекеттік басқару және бақылау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Басқарманың міндеттері:
Басқармада мемлекеттік қызмет көрсету функциясы жоқ, адамдармен бетпе бет қарым-қатынас жасалмайды, рұқсаттар мен хабарламалар берілмейді.
Басқармадағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:
Басқарманың құқықтық актілерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
Басқарманың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Басқарманың қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілер:
- «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 23.11.2015 жылғы №416- V Заңы;
-«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының 11.07.1997 жылғы №151 Заңы;
- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 18.11.2015 жылғы №410- V Заңы;
- Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
- «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін» 29.06.2020 жылғы №350-VI Кодексі;
- «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 04.12. 2015 жылғы №434- V Заңы;
- 23.11.2015 жылғы № 414-V Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі;
- «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020–2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» ҚР Президентінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы №1045 Жарлығы;
- «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 138 қаулысы;
- «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 5 наурыз N 281;
- «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 31.12.2015 жылғы №1193 Қаулысы.
Тілдерді дамыту бөлімі Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының, тіл саясатын іске асырудың мемлекеттік бағдарламасының облыста жүзеге асыру барысына, тілдерді дамыту мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарын, Үкіметтің қаулыларын, облыс әкімдігі қаулыларының, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуына бақылау жасайды, тілдерді қолдану мен дамыту іс-шараларының жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.
Тіл жөніндегі заңнаманың сақталуын бақылау жөніндегі жұмыстарға, рейдтерге, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуының жай-күйін тексеруге қатысады.
Тілдерді дамытудың ұзақ және қысқа мерзімге арналған жұмыс жоспарларының жобасын әзірлеуге, тіл саясатының мәселелері жөнінде семинарлар, мәжілістер, конференциялар, конкурстар және басқа да көпшілік шараларды әзірлеуге және өткізуге, облыстық мемлекеттік мекемелердегі, аудандар мен қалалардағы тіл саясатын үйлестіру, мемлекеттік тілді дамыту жұмыстарын жүргізеді, жергілікті атқарушы органдарда, департамент, басқармалардағы мемлекеттік тілдің қолданылуын бақылауға алады, тиісті құжаттарын жинақтайды, әдістемелік көмек көрсетеді, тексеру, зерделеу жұмыстарын жүргізеді, нәтижелері бойынша құжаттар дайындайды.
Тілдерді дамыту бөлімінің қызметінде сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын тәуекелдер анықталған жоқ.
Ұсыныс: Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіруге байланысты нормативтік-құқықтық актіде көрсетілген, бірақ іс жүзінде іске асырылмайтын функцияларға байланысты басқарманың Ережесіне өзгерістер енгізуді қамтамасыз ету.
Ономастика бөлімінде кәсіпкерлердің жарнамаларын алдын-ала заңға сәйкестігін тексеріп, пайдалануға келісім беру тәжірибесі қолға алынған. Бөлімнің атқарып отырған бұл жұмысы тіл туралы заңдардың дұрыс қолданылуына, көрнекі ақпараттардың заңға сәйкес орналастырылуына, терминдерді халықтың өз бетінше аударып қолданылуын шектеуге, республикалық терминология комиссиясы бекіткен терминдердің қолдану аясын кеңейтуге үлкен үлес қосатын жақсы бастама болып табылады.
Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 75-бабының 3 және 4 бөліктері бойынша деректемелер мен көрнекi ақпаратты орналастыру жөнiндегi талаптарды бұзғаны үшін кінәлі тұлға ескерту түріндегі әкімшілік жазаға, ал әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет үшін лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салу түріндегі әкімшілік жаза көзделген.
Облыстың аумағы бойынша кеңінен етек жайып отырған көрнекі ақпараттардың орналасуына байланысты құқық бұзушылықтар үшін хаттама толтыру аудан, қалалар бойынша бұл құқық бұзушылықтарды анықтап, әкімшілік іс қозғау құқығы ешкімде жоқ. Тілдер туралы заңдарды бұзғаны үшін кінәлі тұлғаларды әкімшілік жауаптылыққа тарту механизмі уәкілетті орган тарапынан белгіленіп, заңдастырылмаған. Басқарма тарапынан рейд нысанында жүргізген тексерулері барысында анықталған көрнекі ақпараттарды орналастыру тәртібін бұзу түріндегі құқық бұзушылықтың анықталғанына қарамастан басқарма құзырында жоқ функция болғандықтан кінәлі тұлғалар тиісті әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды.
Кодекстің 4-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған тұлға осы құқық бұзушылық жасалған уақытта қолданылған заңнаманың негiзiнде әкімшілік жауаптылыққа тартылуы тиіс.
Ал, тіл заңнамаларының орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру бағытында құқық бұзушыларды тиісті жауапкершіліктен заңсыз босатуы мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық болып саналады және ол сыбайлас жемқорлық тәуекелін туғызуы мүмкін.
Ұсыныс. Тіл заңнамаларының орындалуына мемлекеттік бақылау жасау, құқық бұзушыларды әкімшілік жауапкершілікке тарту тәртібі мен механизмін реттейтін нормативтік акт қабылдау үшін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясатын іске асыру комитетіне тиісті ұсыныс енгізу.
III.БАСҚАРМАНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ-БАСҚАРУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНДЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АНЫҚТАУ
Басқармада екі бөлім бар: тілдерді дамыту;
ономастикалық жұмыс және талдау бөлімі.
Заңды тұоғаның тіркелген мекен-жайы, инд. 400800, Алматы облысы, Қонаев қаласы, 1 шағын аудан 28/а,
2022 жылғы талдау жүргізу кезеңіндегі мәліметтер бойынша басқарманың штаттық саны 8 адамды құрайды, бос орындар - 2, басқарма басшысы-1, ономастикалық жұмыс және талдау бөлімінің басшысы -1, нақты – 6 маман қызмет атқарады (талдау кезеңінде 1 бас маман кезекті еңбек демалысында).
2021-2022 жылдар аралығыдағы талдау кезеіңде мемлекеттік әкімшілік бос лауазымға орналасубойынша конкурс өткізілген жоқ. Тілдерді тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Ардақ Мәкенқызы Сеңгірбаеваның 2022 жылдың 14 шілдесінен бастап ұзақ мерзімді демалысынан шығып, өзінің қызметіне кірісуіне байланысты уақытша негізгі қызметкердің бала күтімі демалысы кезеңінде міндетін атқарушы А. Қанайбаева жұмыстан босатылды. Талдау жүргізілген кезең қызметтен кеткендер немесе басқа мемлекеттік органға жұмысқа орналасқан қызметкерлер болған жоқ. Басқарманың ішкі құжаттарын зерделеу барысында жеке және негізі құрам бойынша шығарылған бұйрықтар «Е-қызмет» бағдарламасына уақытында орналастырған, басқармадағы барлық 6 қызметшінің жеке іс құжаттары бағдарламаға толық енгізілген. 2021 жылдың қорытындысы және 2022 жылғы шілде айына дейін тәртіптік жазаға тартылғандар болмаған және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілерімен анықталғандар тіркелмеген. Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасына 2021 жылдың қорытындысы бойынша түскен арызшағымдар мерзімінде қаралып, жазбаша жауаптар берілген. 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 27 шілдеге дейін жеке және заңды тұлғалардан 46 өтініш келіп түсті. Оның ішінде арыз-26, шағым-5, ұсыныс-6, басқа (хабарлама, сұрау салу, үн қосу) -9.
Жоғарыда көрсетілген өтініштердің ішінде «Е-Өтініш» АЖ-де 7 арыз бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес тыңдалым өткізіліп, келіп түскен барлық өтініштер бойынша арыз иелеріне уақытылы әрі сапалы жауаптар жолданған. Қазіргі таңда орындауда тұрған өтініштер саны - 3.
Басқарма қызметшілері және бағынысты мекеме қызметкерлерінің заң бұзушылықтарға жол бермеу, алдын алу мақсатында сенім телефондары көрсетілген стенд дайындалып, басқарманың заңды тұрақты мекен-жайы анықталған соң орналастырылатын болады.
Ұсыныс:
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қарсы мәдениетті қалыптастыру және алдын-алу бағыты бойынша жұмысты жалғастыру, жұмыс тиімділігін арттыру;
Мүдделер қақтығысын реттеу: Барлық мемлекеттік қызметшілер атқаратын лауазымына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келеді. 2021 жылы бекітілген кестеге сәйкес қызметкерлердің біліктілігін арттыру курсынан -2 адам өтіп сертификаттарын алған. 2022 жылдың қараша айында 1 бас маманның қызметкерлердің біліктілігін арттыру курсынан өтуі жоспарланған. Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлері 2021 жылғы табыстары туралы декларацияларын жаңа үлгі бойынша барлық мемлекеттік қызметші мерзімінде тапсырған, облыс әкімінің персоналды басқару бөліміне ақпарат берілген.
Басқарма қызметінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, бюджет қаражатын мақсатты түрде пайдалану, сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылықтар жасау фактілеріне жол бермеу, мемлекеттік сатып алудың объективтілігін қамтамасыз ету басқарма басшысының тарапынан үнемі қызметкерлерге ескертіліп, назарға алу қатаң тапсырылған.
Қызметшілер тарапынан мемлекеттік қызметте болуға байланысты еңбек тәртібін және шектеулерді бұзу, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық, қылмыс жасаған адамдарды жұмысқа қабылдау фактілері тіркелмеген.
Ұсыныс: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын сақтау. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жою және қызметте болдырмау бойынша қажетті бақылау шараларын қабылдау.
Басқарманың құзырында мемлекеттік қызмет көрсету, рұқсат беру функциялары жоқ.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алулар туралы» № 434-V Заңына сәйкес Басқармада 2022 жылдың I жартыжылдығында тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша 62 келісім шарт жасалды. Оның ішінде баға ұсынысын сұрату тәсілі арқылы - 31, өтпеген мемлекеттік сатып алу бойынша -20, бір көзден тікелей шарт жасау арқылы-9, аукцион-1, электрондық сатып алу арқылы-1 келісім шарт жасалған. Барлық келісім шарттар бойынша міндеттемелер мерзімінде орындалған, төлемдері жүргізілген. асалған.
Ұсыныс: веб-портал арқылы хабарламада берілген тауарлардың, қызметтердің техникалық сипаттамаларға сәйкес келуін анықтау бойынша ұйымдастырушылық-құқықтық сипаттағы шаралар қабылдау ұсынылады.
Жоғарыда аталғандардың негізінде және Басқарма қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою мақсатында төмендегі іс шараларды атқаруға ұсыныстар енгізіледі.
Топ жетекшісі Г. Әбіләжімова
Топ мүшелері: Д. Кожухова
А. Сеңгірбаева
Ж. Ақылова
А. Мәнібекова