- Челленждің негiзгi мақсаты мен міндеттері:
- қазақ поэзиясынан үзінді оқу арқылы жастарды еліне деген сүйіспеншілік, адалдық, әділдік, еңбекқорлық, мейірімділік, ар-намыс сияқты адамгершілік құндылықтарына тәрбиелеу;
- мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту.
- мектеп оқушыларының шығармашылық әлеуетін дамыту.
- Басты талаптары мен негiзгi шарттары:
- Челлендж Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының (бұдан әрі - Басқарма) ұйымдастыруымен Алматы облысының мектеп оқушылары (5-8 сынып) арасында өтеді.
- Ең алдымен қатысушы басқармаға ұсыныс жолдауы қажет (Қосымша-1)
- Қатысатын үміткер челлендж талабы бойынша өзі таңдаған ақынның туған жер, ел туралы өлеңдерінің біреуін мәнерлеп жатқа оқып (ұзақтығы 2 минуттан аспауы тиіс), әлеуметтік желіде #отанымалтынбесігім2022 хештегімен Facebook, Instagram әлеуметтік желілерінде жариялауы тиіс. Жарияланымда өлең оқыған оқушының аты-жөні, тегі, мектебі, сыныбы ұсынып отырған аудан немесе қала атауы міндетті түрде нақты көрсетілуі қажет.
- Байқау жеңімпаздарын анықтау және марапаттау.
- Байқау жеңімпаздары көрсетілген әлеуметтік желілердегі «лүпіл» (лайк) саны бойынша анықталады.
- Жеңімпаздарды марапаттау оффлайн форматта өткізіледі (нақты уақыты қосымша хабарланады). Байқау жеңімпаздары арнайы дипломдармен және бекітілген сыйлық қорымен марапатталады.
- Байқау жеңімпаздары туралы ақпарат шара аяқталғаннан кейінгі 10 жұмыс күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және Басқарманың интернет-ресурсында орналастырылады.
Ұйымдастырушы:
Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы
Талдықорған қаласы, Жансүгіров к-сі, 36 «Б».
Байланыс телефондары: 8(7282) 400162, 8 777 030 03 28
Электронды пошта: damira3254@mail.ru