Өңіріміздегі ономастикалық ахуал

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі                      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 24 қарашадағы № 75-VII Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру мақсатында Алматы облыстық ономастика комиссиясы қайта құрылып,  облыс әкімінің 2022 жылғы 18 наурыздағы №21-ө н/қ өкімімен бекітілді. Осы орайда ономастикалық жұмыстарды ұйымдастыратын әдістемелік ұсынымдар, ономастика комиссиялары туралы үлгілік ережесі жасалған. Идеологиялық тұрғыдан ескірген атаулары бар елді мекендер мен олардың құрамдас бөліктерін қайта атау жөніндегі 2022-2025 жылдарға арналған жол картасы бекітіліп, ономастикалық ахуалды оңтайландыру мақсатында белгілі бір нысандарға атау беру, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту жөнінде жұмыс жүргізілуде.

Атап айтқанда облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың І тоқсанында Іле, Панфилов, Ұйғыр аудандарында ономастикалық ахуалды реттеу негізінде зерделеу жұмыстары жүргізіліп, анықталған кемшіліктер бойынша аудан әкімі орынбасарларының есептері тыңдалды. 4 елді мекенге, 866 құрамдас бөлікке, 10 білім беру және мәденет ұйымына атау беру және оларды қайта атау, олардың атауларының транкрипциясын нақтылау мен өзгерту туралы ұсыныстар қаралды.

Республикалық ономастика комиссиясының қорытындысына сәйкес «Алматы облысының кейбір білім беру ұйымдарына атау беру және атауларын өзгерту туралы» қаулы жобасы әзірленіп, тиісті министрліктердің келісімімен Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына жолдануда.

Мәлімет үшін:

1)  «Алматы облысы білім басқармасының Іле ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№46 орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесіне Әл-Фарабидің;

2) «Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№28 ІТ мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Құлжабай Қасымовтың;

3) «Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Мектепке дейінгі шағын орталығы бар №9 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Сайын Мұратбековтің;

4)  «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Талдықорған қаласындағы олимпиадалық резервтің облыстық мамандырылған мектеп-интернаты-колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне «Жақсылық Үшкемпіровтің;

5)    «Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «1 Май орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Қапал батырдың;

6)    «Алматы облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жетісу орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Еділ Ерғожиннің есімдерін беру туралы.

Қапшағай қаласының атауын Д. Қонаев қаласы деп қайта атау бойынша бекітілген «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы» жұмыс алгоритмі негізінде қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес тиісті аумақ халқының пікірі ескерілген Қапшағай қалалық мәслихатының тұрақты комиссиясының хаттамасы мен жергілікті өкілді және атқарушы органдардың бірлескен шешімі шығарылды. Осы ретте қала атауын өзгерту жөніндегі ұсыныс құжаттар 2022 жылғы 28 наурыз күні Республикалық ономастика комиссиясының қарауына жолданып, оң қорытынды берілді. Қазіргі таңда заңдастыру мәселесі жүргізілуде.

Алматы облысын бөлу жолымен жаңадан құрылатын облысқа Жетісу атауын беру туралы жұмысты үйлестіру шараларын жүзеге асыру, Республикалық ономастика комиссиясының қарауына ұсыну шаралары бекітілген іс-қимыл алгоритміне сәйкес атқарылуда.

Алматы облысының әкімдігі көрнекі ақпараттардың мемлекеттік тілдің нормасына сәйкес жазылуын қамту дәрежесі және көрнекі ақпараттардың  дұрыс жазылуы бойынша түсіндіру және әдістемелік көмек беру жұмыстарын жүйелі жүргізіліп келеді.

2022 жылдың бірінші тоқсанында облыс көлеміндегі көрнекі ақпарат құралдарына 194 зерделеу жұмыстары жүргізіліп, зерделеумен 1338 нысан қамтылды. Анықталған кемшіліктер саны - 238, оның ішінде түзетілгені - 142. Ескерту берілгендер саны - 97.

 

 

Дата публикации
06 апреля 2022