Тілдерді оқыту орталықтары бойынша атқарылған жұмыстар

2022 жылдың I тоқсанында қабылданған тыңдаушылар саны – 1939, топ саны - 147, оның ішінде 553-і мемлекеттік, 1089-ы бюджеттік сала қызметкерлері, 297-і жеке тұлға. Ұлттық құрамы: 1349-ы қазақ, 590-ы этнос өкілдері (30%).

2022 жылдың I тоқсанында мемлекеттік тілді оқыту курсында 1454 тіл үйренуші, топ саны - 111, оның ішінде 433 мемлекеттік, 795 бюджеттік сала қызметкерлері, 226 жеке тұлға. Ұлттық құрамы: 885-і қазақ, 569-ы этнос өкілдері (39%). 48 сағаттық бағдарлама негізінде В2 ортадан жоғары және іс жүргізу курстарына қабылданған 665 тіл үйренушінің 645-і сертификат, 12 тіл үйренуші анықтама алды.

Орыс тілі курсына 52 тыңдаушы қабылданды. Топ саны – 4, мемлекеттік қызметшілер 20, бюджеттік сала қызметкерлері 5, жеке тұлға 27. Ұлттық құрамы бойынша барлығы қазақ.

Ағылшын тілі курсына 433 тыңдаушы қабылданды. Топ саны – 32, оның ішінде 100 мемлекеттік қызметші, 289 бюджеттік сала қызметкерлері және 44 жеке тұлға. Ұлттық құрамы: 412 қазақ, 21 этнос өкілі.

Алматы облысы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы, аудандық және қалалық филиалдарында барлығы 71 іс-шара өтті. Оның ішінде: танымдық сабақ - 12, ашық сабақ - 23, байқау - 4, семинар - 3, дөңгелек үстел - 6, эссе байқауы - 7, поэзиялық, мерекелік кештер - 15.

Алматы облысының Наурыз мейрамын тойлаудың іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру мақсатында «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы Алакөл, Ұйғыр, Талғар, Кеген аудандық филиалы тыңдаушылары 1 - наурыз Алғыс айту күніне орай әзірлеген бейнероликтері әлеуметтік желіде кеңінен жарияланды. Сонымен қатар Алматы облысы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы аудандық, қалалық филиалдарында «Алғыс айту – адамдықтың нышаны», «Алғыс айту – парызым», «Алғыс айту – асыл қасиет» тақырыбында ашық сабақ, танымдық сабақ ұйымдатырылды.

14 наурыз күні Алматы облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының бастамасымен Наурыз мейрамының басы, ежелден келе жатқан төл мереке – Көрісу күні аталып өтті.

Сонымен қатар, Алматы облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының аудандық, қалалық филиал тыңдаушыларының қатысуымен 2022 жылдың наурыз айында мемлекеттік тілді оқыту курсы бойынша өзге этнос өкілдері арасында «Қош келдің әз, Наурыз!» атты диктант, «Ұлыстың ұлы күні - Наурыз» атты мерекелік кештер, «Қош келдің, құтты Наурызым!» тақырыбында ашық сабақтар, «Welcome Nauryz!» атты мерекелік ашық сабақтар ұйымдастырылып, өтті.

2022 жылдың 17-18 наурыз күндері Алматы облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Ақпараттық коммуникациялық технология дағдыларын оқыту үдерісіне ықпалдастыру» атты 16 сағаттық оқытушылардың біліктілігін арттыру курсы өтті. Курс барысында Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Ақпараттық технологиялар басқармасының басшысы М. Бақытқызы «Sozdikqor.kz сервисінің артықшылығы», «Termincom.kz» -  сапалы аударма жасаудың бірден-бір көзі, «Emle.kz» сайты арқылы сөздерді дұрыс жазу, «Танымдық, әдістемелік құралдардың қоры мол контент: tilalemi.kz, tilmedia», «Bala.kz сайтын қолдану нұсқаулығы» тақырыптарын қамтып, презентация ұсынды. Курсқа 44 оқытушы қатысып, меңгерген тақырыптары бойынша практикалық тапсырмалар орындады. Біліктілік арттыру курсы пікір алмасумен жалғасып, курсқа қатысқан орталық қызметкерлеріне сертификат табысталды.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитеті Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен «Тілді үйретудегі отандық әдістемелердің тәжірибесі» атты онлайн семинарға, «Мектеп терминологиясы: бүгінгі жай-күйі мен жүйелеу мәселесі» онлайн форматта республикалық семинарлар өтті. Аталған семинарларға Алматы облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы мен аудандық, қалалық филиал қызметкерлері мен оқытушылары қатысты.

Дата публикации
06 апреля 2022