Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) Алматы облысының 2022 жылғы Наурыз мерекесін атап өту жөніндегі іс-шаралар жоспарының 28-тармағына сәйкес ұлттық салт-дәстүр мен батаның тәрбиелік мәнін насихаттау мақсатында облыстық «Батагөй» байқауын жариялайды.
- бата беру дәстүрін дәріптеу;
- кейінгі ұрпақты үлкенді құрметтей білуге, аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу;
- асыл жырдың ғибраттарын ұрпақтың бойына сіңіру.
- Байқауға қатысушы «Наурыз – жыл басы» тақырыбында өзі жазған батасын нақышына келтіре жатқа айтуы қажет. Бата мазмұны ел тірлігі, азаматтық парыз, елдік тұтастық, берекелі бейбіт өмір, ынтымақ, бірлікті паш етуі шарт.
Байқау екі кезеңнен тұрады:
I кезең. Аудан, қалалық деңгейде, яғни аудан, қала әкімдіктерінің ұйымдастыруымен өтеді.
Аудан, қалаларда арнайы қазылар алқасы құрылып, қатысушыларды іріктейді.
Әрбір өңірден аудан, қала әкімдіктері арқылы іріктелген 1 қатысушы туралы толық ақпарат (1 адам) 2022 жылғы 17 наурызға дейін Басқармаға жолданады. Қатысушы туралы толық ақпаратта жеке куәлігінің көшірмесі, батасының мәтіні, қысқаша өмірбаяны, 3х4 түрлі-түсті суреті (жоғары сапалы) тұрғылықты мекенжайы, телефон нөмірі көрсетілуі керек.
IІ кезең. Бұл кезеңде әр аудан, қаладан іріктеуден өткен қатысушылар облыстық «Батагөй» байқауына қатысады. Ереженің 4-тармағында көрсетілген тәртіпте өтеді. Басқармада құрылған қазылар алқасы сараптап, үздіктерді анықтайды.
Қазылар алқасы:
Байқау жүлдегерлері арнайы Дипломдармен және сыйлықтармен марапатталады.
Облыстық байқау 2022 жылдың 25 наурызында сағат 11.00-де Тіл сарайында өтеді.
Біздің мекенжайымыз: Талдықорған қаласы, Жансүгіров көшесі 36 Б, Тіл сарайы, 13 кабинет. Байланыс телефоны: 8 (7282) 40-01-65, e-mail: bitebekova@mail.ru