«Тіл – ғұмыр» атты облыстық жас қаламгерлер байқауын өткізу қағидалары

  1. Жалпы ережелер
  1. Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Қазақстан Жазушылар одағы Алматы облыстық филиалымен, «Janr» Жетісу әдеби клубымен және Халықаралық «Қазақ тілі қоғамы» қоғамдық бірлестігі Алматы облыстық филиалымен бірлесе Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына және Алматы облысының 90 жылдығына орай рухани құндылықтарды насихаттау, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, әдебиеттің дамуына ықпал етіп, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында Алматы облысы әкімінің «Ақ қауырсын» жүлдесі үшін «Тіл – ғұмыр» атты байқау жариялайды.
  2. Байқауды өткізудің мақсаты:
  • Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру;
  • Ахмет Байтұрсынұлының еңбектері мен шығармашылығын кеңінен насихаттау;
  • Алматы облысының 90 жылдығын кеңінен насихаттау, ел игілігі жолында адал қызмет етуге, қайырымдылыққа баулу;
  • ұлттық құндылықтарды дәріптейтін қазіргі заманғы қазақстандық әдебиетті дамыту және оған қолдау көрсету;
  • мемлекеттік тілдің барлық салада кең көлемде қолданылуына жағдай туғызу;
  • мемлекеттік тіл саясатын үйлестіруде жастардың белсенділігін арттыру, жас қаламгерлерді танымал ету.
  1. Байқауды ұйымдастыру тәртібі
  1. Байқаудың ұйымдастырушысы – Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы.
  2. Байқауды өткізу туралы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және Басқарманың интернет-ресурсына (https://www/gov/kz/memleket/entities/zhetysu-til?lang=kk, Facebook, Youtube, Instagram) орналастырылады.
  3. Байқаудың шарттары
  1. Поэзия бәйгесі:

1)      «Ел бүгіншіл, менікі ертең үшін» тақырыбына бір өлең (Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай);

  1. Проза бәйгесі:

1)      Алматы облысының 90 жылдығына арналған шығарма.

  1. Әр автордың бұған дейін еш жерде жарияланбаған шығармасы, яғни поэзия 4 бет, проза 15 беттен аспауы шарт. Сонымен қатар шығарма компьютерде Times New Roman қарпімен, 1,5 интервалымен, 14 кегльмен терілуі шарт.
  2. Байқауға 18-35 жас аралығындағы (қаламгерлер, ақындар, журналистер) аудандық, қалалық іріктеу кезеңінен өткен байқаудың жеңімпаздары қатыса алады.
  3. Шығарманы бағалауда көркемдік деңгейінің жоғары болуына, идея ерекшелігіне, әдеби-көркем құндылығына, баяндау реттілігі мен мағыналылығына, жанрға сәйкестігіне, эстетикалық әсер теңдігіне, грамматикалық және стилистикалық қателердің болмауына, тақырыптың жан-жақты ашылуына мән беріледі (плагиатқа тексеріледі).
  4. Байқауға барлық шартқа сай (техникалық, мазмұндық, т.б.) әзірленген шығармалар қабылданады.
  5. Шығармалар 2022 жылғы 9 наурыздан 5 мамырға дейін қабылданады. Шығарманың электронды нұсқасы, қатысушының аты-жөні (жеке куәлігінің скан.нұсқасы), тұрғылықты мекенжайы, ұялы телефон нөмірі, электронды мекенжайы, өмірбаяны мен шығармашылығы туралы қысқаша ақпарат (қосымша берілген үлгіге сәйкес) Басқармаға ұсынылады.
  6. Қорытынды ережелер
  1. Байқауға келіп түскен шығармаларды танымал қаламгерлерден құрылған қазылар алқасы сараптайды. Қазылар алқасының шешімі қайта қарауға жатпайды.
  2. Байқауға түскен барлық шығарма іріктеліп, үздік деп танылғаны Басқарманың ресми сайтында және әлеуметтік желілерде жарияланады.
  3. Жеңімпаздарды марапаттау уақыты қосымша хабарланады.
  4. Байқаудың І орын иегеріне «Ақ қауырсын» атты Алматы облысы әкімінің арнайы жүлдесі табысталады. Сондай-ақ жүлделі орын иелері арнайы дипломдармен, алғысхаттармен және бекітілген сыйлық қорымен марапатталады.                                                                                   Байқауға «Ақ қауырсын» жүлдесінің иегерлері қатыстырылмайды.                                             Біздің мекенжайымыз: Талдықорған қаласы, І. Жансүгіров көшесі, 36 Б, Тіл сарайы, 20 кабинет.

Байланыс телефондары: 8 (7282) 40-01-60, 8 (708) 702 8575 Аида Қанайбаева, электрондық пошта адресі: a.kanaibaeva@zhetysu.gov.kz.

 

Дата публикации
05 марта 2022