Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы облыстық білім басқармасымен бірлесе Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында тіл мәдениетін дамытуға және ұлттық дәстүр мен өнерді насихаттауға бағытталған «Жыр – жауһар» атты облыстық жас жыршылар байқауын (бұдан әрі – Байқау) жариялайды.
Байқаудың мақсаты:
- сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, қазақ халқының батырлық эпостық жырларын насихаттау;
- ұлттық өнердің мәйегі болып табылатын жыр жанрын дамыту;
- жас ұрпақтың шығармашылық және зияткерлік қабілетін дамытуға жағдай жасау, көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру;
- оқушыларды патриотизмге тәрбиелеу, намысшылдық, қайсарлық қасиеттерге баулу;
- дарынды жыршы балаларды анықтау және оларға қолдау көрсету.
Байқаудың шарттары:
Байқауға әр аудан қаладан (санына шектеу қойылмайды) мемлекеттік және мемлекеттік емес жалпы орта білім беретін мектеп, лицей, гимназиялардың оқушылары қатыса алады.
І кезеңде Алпамыс, Орақты, Қобыланды батыр жырының бірінен үзінді орындайды (бейнеролик);
ІІ кезеңде (сахнада):
– кез келген жыршының (жыраудың) шығармасын орындайды (5-7 минут);
– батырлар жырынан үзінді (5-7 минут) орындайды.
Жырды жатқа айту, орындау шеберлігі, тіл нормасының сақталуы, сахна мәдениеті, әр сөздің мағынасы мен мазмұнын түсіну басты талаптардың бірі.
Байқауды өткізудің тәртібі
Байқауға қатысу үшін жазбаша өтінімді жергілікті атқарушы органдар (Білім бөлімдері) Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасына 2021 жылдың 30 қарашасына дейін төмендегі құжаттармен бірге жібереді:
1) өтінім (осы Ереженің қосымшасына сәйкес);
2) туу туралы немесе жеке куәліктің көшірмесі;
3) І кезеңнің бейнеролигі (сапалы 5-7 минуттық);
4) ІІ кезеңге арналған 2 тапсырманың (жырдың) мәтіні компьютерге Times New Roman қарпімен, 14-кегльмен терілгенде, бес парақтан аспауы керек (электронды нұсқа).
Басқармаға ұсынылған құжаттар қайтарылмайды.
Байқаудың ІІ кезеңі 2021 жылғы 8 желтоқсанда Талдықорған қаласында ұйымдастырылатын болады.
Қорытынды ережелер
Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлерді анықтау үшін қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасының құрамын Басқарма бекітеді.
Қатысушылардың өнері 10 балдық жүйемен бағаланады.
Байқау 2 кезеңнен тұрады.
Қатысушының шығарманы оқу мәнеріне және әртістік шеберлігіне назар аударылады, яғни батырлар жырын нақышына келтіріп, жыршылар мақамымен екпіндетіп, төгілдіріп жырлауы ескеріледі. І кезеңде іріктеуден өткен қатысушы келесі ІІ кезеңге өтеді.
Қазылар алқасының шешімі түбегейлі болып табылады және қайта қаралмайды.
Байқауға қатысушыларға Басқарманың Алғыс хаты, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы Диплом мен бекітілген сыйлық қоры табыс етіледі.
Анықтама үшін:
Талдықорған қаласы, І. Жансүгіров көшесі, 36/б Тіл сарайы, Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы.
Байланыс телефондары: 8 (7282) 40-01-62, 8-777-030-03-28 damira3254@mail.ru