Талдықорған қаласы 2017 жылғы «19» сәуір
Алматы облысының ономастикалық комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-1 бабы 2-тармағының 1), 2) тармақшаларына сәйкес Қаратал, Кербұлақ, Еңбекшіқазақ, Ақсу, Панфилов, Балқаш, Сарқан аудандарының әкімдіктері ұсынған төмендегі елді мекендерге және олардың құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау жөніндегі құжаттардың негізінде мынадай қорытындыға келді:
Қаратал ауданы Үштөбе қалалық округіне қарасты Опытное ауылын Ойсаз ауылы, Кербұлақ ауданы Қаспан ауылдық округіне қарасты Водное ауылын Қайнарлы ауылы деп қайта атау туралы ұсыныстарға оң қорытынды берілсін.
Панфилов ауданына қарасты Үлкеншыған ауылындағы жаңа көшелерге Ынтымақ, Береке, Жастар, Бәйтерек көшесі; Қырыққұдық ауылындағы жаңа көшеге - Болашақ көшесі; Кішішыған ауылындағы жаңа көшеге - Атамекен көшесі деп атау беру;
Сарқан ауданына қарасты Алмалы ауылындағы Коммунарлар көшесін Тәуелсіздік көшесі деп қайта атау туралы ұсыныстарға оң қорытынды берілсін.
Төмендегі елді мекендердің құрамдас бөліктері бойынша:
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Ә. Жақсыбековтің 2017 жылғы 2 наурыздағы № 17-388-5 және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің 2017 жылғы 7 наурыздағы №13-06-32/606-И «Объектілерге, әкімшілік-аумақтық бірліктер мен олардың құрамдас бөліктеріне кісі есімдерін беруді шектеу туралы» тапсырмаларына сәйкес Қаратал ауданы Үштөбе қалалық округі Фрунзе ауылын – Өтеген батыр ауылы; елді мекендердің құрамдас бөліктерін қайта атау бойынша Үштөбе қаласындағы Мир көшесін - Балабек Исламжанов көшесі, Іле көшесін – Рахымжан Мұраділов көшесі, Лермонтов көшесін - Қанапия Берлінбаев көшесі, Суворов көшесін - Балтабай Нұрғабылов көшесі, Фрунзе ауылындағы Фрунзе көшесін - Төлтай Төлеков көшесі, Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласы Новостройка көшесін - Әбдікерім Меңдібаев көшесі; Ақсу ауданы Қопа ауылындағы Алтай көшесін - Күлжауар Байболова көшесі, Көкөзек ауылындағы Көкөзек көшесін - Нүсіпбек Дүйсекенов көшесі; Панфилов ауданы Жаркент қаласының №1 ықшам ауданындағы №12 көшені - Барат Туғанбаев көшесі, №8 көшені - Бейсенбай Саламатұлы көшесі, №11 көшені - Зәйінтен Қабымбайұлы көшесі, №17 көшені - Нәби Сарпеков көшесі, №13 көшені - Жақып Заманбеков көшесі, Қоңырөлең ауылындағы Бейбітшілік көшесін - Отарғали Шоқпаров көшесі, Үшарал ауылындағы жаңа көшені - Шаяхмет Айдарханов көшесі, жаңа көшені – Жазылбек Шұлғауов көшесі, Шығыс көшесін - Тұрсын Имяров көшесі; Балқаш ауданы Бақанас ауылындағы Достық көшесін - Меймантай Көжеков көшесі деп атау беру және қайта атау жөніндегі ұсыныстарға келісім берілмесін.
3. Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 - бабына сәйкес ауылдық округ әкімдері облыстық ономастика комиссиясының оң қорытындысы негізінде жоғарыдағы елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау туралы тиісті шешім шығарып, Алматы облысының Әділет департаментінде тіркелуін қамтамасыз етсін.
|
Комиссия төрағасы
Комиссия төрағасының орынбасары |
Ж. Омар
А. Башбаев |
|
Комиссия мүшелері: |
|
|
Л. Базарқұлова |
|
|
|
А. Әбдуәлиев |
|
|
Ғ. Сарыбаев |
|
|
Е. Келемсейіт |
|
|
Қ. Мәдібаева |
|
|
Ғ. Тұрсынбай |
|
Комиссия хатшысы |
Г. Бітебекова |