Облыстық ономастика комиссиясының Сарқан ауданы бойынша №8 шешімі

2019 жылғы желтоқсан айының 9-10 күндері аралығында Сарқан ауданындағы ономастикалық ахуалдың жай-күйіне жүргізілген зерделеу барысында төмендегідей кемшіліктер анықталды:

  • 2017 жылғы 2 ақпандағы №7-ө-өкімі және 2018 жылғы 10 мамырдағы №35-өн/қ өкімімен аудан әкімі орынбасарының төрағалығымен 9 мүшеден тұратын жұмыс тобы құрылған, топтың жұмыс жоспары бекітілген. Жоспарға сәйкес жылына 4 отырыс өткізілген және аудандық ономастикалық ахуалды жақсарту мақсатында жұмыстар жүргізілген. Жұмыстар бойынша ақпараттар 5 папкаға жинақталған. Алайда ономастика мәселелері бойынша 2019 жылға арналған жұмыс жоспары дайындалып, отырыстар өткізілгенімен ағымдағы жылдың басында жұмыс тобын құру жөніндегі аудан әкімінің жұмыс тобын құру жөніндегі өкімі шығарылмаған;
  • «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесі қорына енгізілген көше атауларында орыс тілі транскрипциясы басшылыққа алынып, Қойлық ауылдық округіне қарасты Қойлық ауылындағы 17 көшенің атауы: А Байтурсынова, Акын Сара, Б Майлина, Б МомышУлы, Богембай батыра, Г ОРМАНОВА, И Жансугурова, Кабанбай батыра, Казбек Би, М Толебаева, М Тынышбаева, Н Алдабергенова, С Сейфуллина, Т. Рыскулова, Толе Би, Ш Кудайбердиева, Ш Уалиханова деп қате жазылған;
  • Облыстағы ономастикалық ахуалды насихаттау бағытында 2018 жылы БАҚ құралдарында ешбір мақала жарияланбаған, сұхбат берілмеген;
  • 2019 жылы тіл саласына қатысты жарияланған 36 мақаланың екеуі ономастика мәселелеріне қатысты жарияланған хабарландырулар. Тілдерді дамыту мен қолдануды жүзеге асыру, насихаттау мақсатында жұмыс жоспарына сәйкес тілдік шаралар өткізіліп отырған, бірақ 2017-2019 жылдар аралығында ономастика саласында бірде-бір семинар, дөңгелек үстел немесе басқа да шаралар ұйымдастырылмаған, өткізілмеген;
  • Сарқан қаласындағы көрнекі ақпаратты орналастыру мен безендіру жұмыстарын жүргізу барысында халық көп шоғырланған орталық көшелерде, базарда дүкендер, шаштараздар, кафелер, дәмханалардың маңдайшаларында жазылған жазулар, хабарландырулар, жарнамалар, баға көрсеткіштері және басқа көрнекі ақпараттар «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы», «Жарнама туралы» Заңдарына сәйкес рәсімделмеген. Бірыңғай орыс тілінде жазылған, жазулары ескіріп, тозығы жеткен немесе әріптері түсіп қалған, мысалы: ТУРКМЕНСКИЙ ТЕКСТИЛЬ постельное бельё 1,5; 2-ка семейное Полотенце банное, для лица, для рук КОСМЕТИКА: Mary Kay, Amway, Oriflame. ТҰЛПАР _мбебап дүкені - ә әріпі түсіп қалған, АҚЖОЛ дүкенінің маңдайшада тек атауы жазылған және төменгі жағында көрсетілетін МАНИКЮР, ГЕЛЕВОЕ ПОКРЫТИЕ, УКЛАДКИ, ПРИЧЕСКА секілді қызмет атаулары тек орыс тілінде жазылған. Орталық көшенің біріндегі Betline компаниясының Сату және қызмет көрсету орталығының аншлагы тозған, жыртылған, алып тастауды қажет етеді. Дукендердің терезелеріне, көшедегі өсіп тұрған ағаштарға, тұрғын үйлердің қақпасына жапсырылған түрлі-түрлі: ТАКСИ по городу КРУГЛОСУТОЧНО тел.28707. «Aına» сауда үйінің жанындағы дүкенде ет сатылатыны туралы жарнама мәтіндерінде орын тәртібі сақталмаған, орталық базардың маңында орналасқан дүкенде «Рахат сауда орталығының» тәтті өнімдері сатылатыны туралы, «САМИҒА» дүкенінің жанында орналасқан ғимараттың қақпасындағы той көліктерін жалға беру туралы және автобекеттегі көліктерге арналған тұрақтың ақылы екендігі туралы жарнамалар тек орыс тілінде жазылып, «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы», «Жарнама туралы» Заңдарына сәйкес рәсімделмей, Заңның 21 бабы өрескел бұзылған;
  • Сарқан қаласы бойынша орталық көшелердің біріндегі «Айна» сауда үйінің латын әліпбиіндегі маңдайша жазуында «Aina» деп қате жіберілген. (Дұрыс жазылуы «Aına»). МАДИНА дүкенінің жанындағы «КӘУАП» деген жарнама «КАУАП» деп қате жазылған;
  • Алмалы ауылдық округінің орталық көшесінде казіргі кезде халыққа қызмет көрсетпейтін, апатты жағдайда тұрған НҰРЗИЛА және МАЙРА дүкендерінің иелеріне жұмыс істемеген жағдайда маңдайша жазуларын алып тастау керектігін түсіндіру қажеттілігі аудандық бөлімдегі жауапты мамандарға ескертілді.

 

Комиссия шешімі:

  1. Сарқан ауданы әкімінің орынбасары Ғ. Маманбаевтың есебі назарға алынсын;
  2. Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміндегі кадр мәселесі назарға алынсын, тіл және ономастика мәселесіне жауапты маманды бекітілсін;
  3. «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесі қорына енгізілген Қойлық ауылдық округіне қарасты Қойлық ауылындағы 17 көшенің атауы бойынша жіберілген кемшіліктер түзетілсін;
  4. Ономастика мәселелеріне қатысты әдістемелік семинарлар, дөңгелек үстел және түсіндіру жұмыстары жүргізілсін, БАҚ құралдарында насихаттау шараларын, мақала жариялау қамтамасыз етілсін;
  5. Аудан орталығындағы халыққа қызмет көрсету орындары (дүкендер, шаштараздар, кафелер, дәмханалардың) иелеріне әдістемелік көмек көрсете отырып, қолданыстағы заң талаптарына сәйкес көрнекі ақпараттар мен жарнама мәтіндерін жүйелендіру жұмыстары жүргізілсін;
  6. 2020 жылғы 2 наурызға дейін атқарылған іс-шаралар жөнінде облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасына ақпарат берілсін;
  7. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық ономастика комиссиясының хатшысы Е. Ақшабаевқа жүктелсін.

 

 

Комиссия төрағасы

Б. Байжұманов

 

 

Комиссия төрағасының орынбасары

А. Башбаев

 

 

Комиссия мүшелері

Р. Алпысбаев

 

Д. Жүнісов

 

М. Көлбаев

 

Қ. Манапов

 

Ғ. Тұрсынбай

 

Ғ. Сарыбаев

 

Е. Келемсейіт

 

А. Рахимова

 

 

Комиссия хатшысы

Е. Ақшабаев

Дата публикации
25 декабря 2019