Решение № 7 областной ономастической комиссии по Кербулакскому району

Аудан бойынша 15 ауылдық округ, 64 елді мекен, 51 мектеп және 336 көше бар. Кісі есімімен аталатын көшелер саны – 187, оның ішінде 97 көше «Тарихи тұлғалар» тізімінде көрсетілген кісі есімдерімен аталады. Идеологиялық тұрғыдан ескірген екі мектеп бар – №49 орта мектебі, Водное орта мектебі. Өзгертуді қажет ететін елді мекен, көше атаулары жоқ.

Кербұлақ аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің әр тоқсан сайынғы құжат айналымы бойынша есептерінде құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлесі 99,7-99,9% деп көрсетілгенмен бұл ақпараттың қате екендігі анықталды. Бөлімдердің және ауылдық округ әкімдіктерінің шығыс құжаттарында орыс тілінде жазылған хаттар көптеп кездеседі;

Аудан орталығы Сарыөзек ауылының көшелерінде орналасқан қоғамдық көпшілік орындары мен сауда нысандарының маңдайшаларының көбі тек қана орыс тілінде немесе ағылшын тілінде жазылған. Мысалы, «Студия красоты «Королева», «Автоэлектрик, электрик, ремонт бытовых приборов», «pizza MAX», «Пиво ВСЕГДА ЖИВОЕ ШЫМКЕНТСКОЕ», «Гостиница «Ұлар», «Огонек» фотосалон» және латыннегізді қазақ әліпбиінің әріптерімен жазылған «Elya» SAUDA ORTALYGY – деген жазу қазақ тілі емлесінің негізгі ережелеріне сәйкес ресімделмеген. Дұрысы – «Elya» SAÝDA ORTALYǴY»;

«Қызылжар ауылының дәрігерлік емханасында» бірқатар хабарландырулар, стендтер тек орыс тілінде берілген, «тегін берілетін дәрілер» стендінде e.zan сайтынан алынған орыс тіліндегі нұсқаулықтар ілулі, ал, жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша ескертпелерінің мәтінінде орфографиялық қателер өріп жүр. Мысалы, жУКпалы (жұқпалы), жҮғатын (жұғатын), Үқсас (ұқсас), аурудыН (аурудың), кезеНі (кезеңі), қайталанатын-дыГын (қайталанатындығын), ауратын (ауыратын), кУресу (күресу), емделуіНіз (емделуіңіз). Бұл қателер бірнеше абзацтық мәтіннен ғана алынған. Аталған емхананың іс жүргізу және т.б. ішкі құжаттары зерделеуге ұсынылмады;

Қызылжар ауылының кіреберісіндегі маңдайша жазуында ауылдың атауы «QYZYLJAR AYˊYLY» деп апострофпен қате жазылған, дұрысы - «QYZYLJAR AÝYLY». Көшелерінде орналасқан сауда нысандарының маңдайшаларында өрескел қателер бар. Мысалы, ауыл орталығында орналасқан «Сәтті» дүкені өзінің маңдайша жазуын ««Saˊtti» дүкені» - деп қате көрсеткен. Дұрысы – Sátti dúkeni;

Қызылжар ауылындағы орта мектептің маңдайшасында мектептің атауы: QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY BILIM JÁNE ǴYLYM MINISTRLIGI ALMATY OBLYSY «KERBULAQ AÝDANDYQ BILIM BOLIMINIŃ» MEMLEKETTIK MEKEMESI «J.JAPAROV ATYNDAǴY ORTA MEKTEP MEKTEPKE DEIINGI ShAǴYN ORTALYǴYMEN» KOMMÝNALDYQ MEMLEKETTIK MEKEMESI деп қазақшасында, «РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ АЛМАТИНСКАЯ ОБЛАСТЬ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ КЕРБУЛАКСКОГО РАЙОНА» «СРЕДНЯЯ ШКОЛА ИМЕНИ Ж.ЖАПАРОВА С ДОШКОЛЬНЫМ МИНИ-ЦЕНТРОМ» КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ» - деп орысшасында да қате жазған. КММ-нің заңды тіркеу куәлігінде мектептің атауы «Кербұлақ аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ж. ЖапаровА атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі» - деп тұр. Ал, жарғысында мектеп атауы толық көрсетілмеген;

Қызылжар ауылдық округі әкімдігінің бірқатар хаттары орыс тілінде жолданған.

 

Комиссия шешті:

  1. Кербұлақ ауданындағы ономастикалық жұмыстарға байланысты атқарылған іс-шаралар туралы аудан әкімі орынбасарының м.а. Г. Бекбатырованың есебі назарға алынсын;
  2. Қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес аудандағы ономастикалық ахуалды ретке келтіру жұмыстары жүргізілсін;
  3. Көрнекі ақпараттар мен жарнама мәтіндері «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес ретке келтірілсін;
  4. 2019 жылғы 2 наурызға дейін атқарылған іс-шаралар жөнінде облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасына ақпарат берілсін;
  5. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық ономастика комиссиясы хатшысы Е. Ақшабаевқа жүктелсін.

 

 

Комиссия төрағасы

Б. Байжұманов

 

 

Комиссия төрағасының орынбасары

А. Башбаев

 

 

Комиссия мүшелері

Р. Алпысбаев

 

Д. Жүнісов

 

М. Көлбаев

 

Қ. Манапов

 

Ғ. Тұрсынбай

 

Ғ. Сарыбаев

 

Е. Келемсейіт

 

А. Рахимова

 

 

Комиссия хатшысы

Е. Ақшабаев

Дата публикации
25 декабря 2019