Талдықорған қаласы 2019 жылғы 8 қазан
Облыстық ономастика комиссиясының 2019 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес үстіміздегі жылғы қыркүйек айының 11 күні Талғар ауданындағы ономастикалық ахуалдың жай-күйіне жүргізілген зерделеу жұмыстарының нәтижесінде төмендегідей кемшіліктер анықталған:
- Грушовая, Заводская, Мира, Набережная, Садовая, Школьная, Заречная, Береговая, Ключевая, Новая, Молодежная секілді идеологиялық тұрғыдан ескірген 234 көше мен Қызыл Ту-4 ауылының атауы өзгертуді қажет етеді;
- Зерделеу барысында ұсынылған 1627 көшенің 384-де атауын растаушы құжаттары (шешімдері) жоқ;
- «Мекен жай тіркелімі» ақпараттық жүйесінің деректер қорында аудан бойынша 2056 көше тіркелген, ал аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мәліметі бойынша 1671 көше (айырмашылығы 385 көше). Сондай-ақ, аталған деректер қорының қазақша нұсқасында кейбір көше атаулары орысша бұрмаланып жазылған. Мәселен, Гөлдала ауылы, М.Маметова, Жансугуров көшелері;
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы №703 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидасына сәйкес, құжатты ресімдеу кезінде пайдаланылатын бланкілерде ұйымның ресми атауы мен ұйым туралы анықтамалық деректер көрсетілу керек. Осы орайда, кейбір ауылдық округ әкімдіктерінің бланкілері мен мөрлерінде мекеме атауы әр түрлі жазылған:
|
Бланкілерде:
|
Мөрлерде:
|
|
Алматы облысы Талғар ауданы Гүлдала ауылдық округінің әкімі
|
«Талғар ауданының Гүлдала ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
|
|
Алматы облысы Талғар ауданы Панфилов ауылдық округінің әкімі
|
«Талғар ауданының Панфилов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
|
|
Алматы облысы Талғар ауданы Талғар қаласының әкімі
|
«Талғар қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
|
- Қаржы, ауыл шаруашылық, спорт, білім, автомобиль жолдары бөлімдері пайдаланылатын бланкілерде Қонаев даңғылы, ал басқа бөлімдердің бланкілерінде Қонаев көшесі делінген;
- Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №72-V Заңының 1-бабы, 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Заңына өзгерістер енгізіліп, бүкiл мәтiн бойынша «ауыл (село)», «ауылдық (селолық)», «ауылдардың (селолардың)», «ауылдарды (селоларды)», «ауылдар (селолар)», «ауылдарға (селоларға)» деген сөздер тиiсiнше «ауыл», «ауылдық», «ауылдардың», «ауылдарды», «ауылдар», «ауылдарға» деген сөздермен ауыстырылған. Алайда, Белбұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының мөртабанында Белбұлақ селолық округі деп жазылған;
- Халыққа қызмет көрсету орындарының (дүкендер, шаштараздар, кафелер, дәмханалар, дүңгіршектер) маңдайшаларында жазылған жазулар, хабарландырулар, жарнамалар, баға көрсеткіштері және басқа да көрнекі ақпараттар «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» ҚР Заңына сәйкес ресімделмеген. Мысалы:
- D.A. QONAEV ATYNDAGY ÝNIVERSITETINIŃ KOLLEDJI және M. BISEBAEV ATYNDAG’Y TALG’AR AGROBIZNES JA’NE MENEDJMENT KOLLEDJI деген атауларда:
- ATYNDAGY, ATYNDAG’Y, TALG’AR, JA’NE – деген сөздерде ғ, ә дыбыстары апостроф арқылы Ǵ, Á деп жазылады;
- KOLLEDJI, MENEDJMENT – сөз ортасында лл дыбыстарын білдіретін әріптердің бірі түсіріліп жазылады және дж әріп тіркесі бар сөздерде д әрпі түсіріліп, қосымшалар үндестік заңы бойынша жазылады;
- Дұрыс нұсқасы – D.A. QONAEV ATYNDAǴY ÝNIVERSITETINIŃ KOLEJI, M.BISEBAEV ATYNDAǴY TALǴAR AGROBIZNES JÁNE MENEJMENT KOLEJI;
- Нотариальная контора, Все виды интернет услуги, Агенство недвижимости Канцтовары, Независимая оценка имущества, Узаконение индивидуального жилого дома секілді қызмет түрлері орыс тілінде жазылған;
- Образовательный центр «МЕДЕЯ» білім орталығы, BON STYLE сұлулық салоны, Дом моды Евгения сән үйі секілді нысандарда мәтіндердің орналасу тәртібі дұрыс сақталмай Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шiлдедегі «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Заңының 21-бабына қайшы жазылған;
- BIG Family, NICE street food тек ағылшын тілінде жазылған;
- Кейбір көше аншлагтарында ул. Садовая, ул. С. Муратбаева, ул. Курчатова, ул. А. Матросова деп орыс тілінде жазылған.
Жоғарыда аталған мәселелерді ескере отырып, облыстық ономастика комиссиясы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Талғар ауданы әкімінің орынбасары Д. Қыдырбек-ұлының есебі назарға алынсын;
- Қолданыстағы заң талаптарына сәйкес аудандағы ономастикалық ахуалды ретке келтіру жұмыстары белсенді жүргізілсін;
- Көше атауларын біріздендіру, дұрыс рәсімдеу, аншлагтарын жаңартуға қаржы бөлу жұмыстары қолға алынсын;
- Көрнекі ақпараттар мен жарнамалар Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңына сәйкес ретке келтірілсін;
- Халыққа қызмет көрсету орындарына (дүкендер, шаштараздар, кафелер, дәмханалар, дүңгіршектер) әдістемелік көмек көрсете отырып, қолданыстағы заң талаптарына сәйкес көрнекі ақпараттар мен жарнама мәтіндерін реттеу жұмыстары жүргізілсін;
- 2019 жылғы 2 желтоқсанға дейін атқарылған іс-шаралар жөнінде облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасына ақпарат берілсін;
- Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық ономастика комиссиясының хатшысы Е. Ақшабаевқа жүктелсін.
|
Комиссия төрағасы
|
Б. Байжұманов
|
|
|
|
|
Комиссия төрағасының орынбасары
|
А. Башбаев
|
|
|
|
|
Комиссия мүшелері
|
Р. Алпысбаев
|
|
|
Д. Жүнісов
|
|
|
М. Көлбаев
|
|
|
Ғ. Тұрсынбай
|
|
|
Ғ. Сарыбаев
|
|
|
А. Рахимова
|
|
|
|
|
Комиссия хатшысы
|
Е. Ақшабаев
|