Ономастика комиссиясының Жамбыл ауданы бойынша №5 шешімі

Талдықорған қаласы                                                                                                               2019 жылғы 8 қазан

 

Облыстық ономастика комиссиясының 2019 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес үстіміздегі жылғы қыркүйек айының 10 күні Жамбыл ауданындағы ономастикалық ахуалдың жай-күйіне жүргізілген зерделеу жұмыстарының нәтижесінде төмендегідей кемшіліктер анықталған:

  • Кеңес дәуірінен қалған Қызыләскер ауылы мен Ленин, Целинная, Новостройка, Энергетик, Подгорная, Садовая, Советская, Новая, МТФ-3, ДЭП-3, ДЭУ-1, Центральная, Импортная, Подгорная, Подстанция, Советская, Садовая, Новостройка, Целинная (елді мекенде 11, cаяжай кооперативінде 60 көше) секілді көше атауларын қайта атау бойынша тиісті шаралар жүргізілмеген. Аталған кемшіліктерді түзету керектігі туралы облыстық ономастика комиссиясының 2016 жылғы 10 наурыздағы №1 шешімінде де көрсетілген. Алайда, бүгінгі күнге дейін ретке келтірілмеген;
  • Жамбыл ауданы әкімдігі жанынан құрылған ономастикалық жұмыс тобының 2018-2019 жылғы жұмыс жоспарларында ауылдық округ әкімдіктерінің есебін тыңдау және ондағы ономастикалық ахуалдың жай-күйіне зерделеу жұмыстарын жүргізу мәселелері қаралмаған;
  • Зерделеу кезінде ұсынылған 800 көшенің 319-ында атауын растаушы құжаттары (шешімдері) жоқ;
  • «Мекен жай тіркелімі» ақпараттық жүйесінің деректер қорында аудан бойынша 1200 көше тіркелген, ал аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мәліметіне сүйенетін болсақ, 1046 көше (айырмашылығы 54 көше). Сондай-ақ, аталған деректер қорының қазақша нұсқасында кейбір көше атаулары орысша бұрмаланып жазылған. Мәселен, Бердыгулов, Калибеков, М. Маметова, Мендекулов, Уәлиханов, Нурдаулетов, Ак Дала;
  • «Тіл тазалығын сақтайық!» акциясы барысында 11 кемшілік (орналасу тәртібі сақталмағаны 5, емлелік қате орын алғаны 4, тек орыс тілінде жазылғаны 2) анықталып, 6-сы түзетілді делінген. Яғни, түзетілмеген кемшіліктер саны 5. Алайда, зерделеу барысында бір ғана аудан орталығы Ұызынағаштың өзінде 30-ға жуық кемшілік анықталып отыр. Мысалы:
  1. Vostochniy Dvor ASKHANA мен Súlu – TóR сауда орталығының атаулары қате жазылған (дұрысы – ashana, Sulý);
  2. Relax сән салоны, Элитная косметика, Пырақ жарнама, Канц. товары, ТОО «Шабыт», 1000 мелочей, Ремонт Телефонов, Бытовая техника, Panda Сдача налоговый отчетностей, Ремонт компьютерной техники секілді қызмет түрлері тек орыс тілінде жазылған;
  3. Kozildirik дүкенінде қызмет түрлері алдымен орыс тілінде одан кейін мемлекеттік тілде, яғни мәтіндердің орналасу тәртібі дұрыс сақталмай Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шiлдедегі «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Заңының 21-бабына қайшы жазылған.

Жоғарыда аталған мәселелерді ескере отырып, облыстық ономастика комиссиясы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Ә. Далабаевтың есебі назарға алынсын;
  2. Қолданыстағы заң талаптарына сәйкес аудандағы ономастикалық ахуалды ретке келтіру жұмыстары белсенді жүргізілсін;
  3. Көше атауларын біріздендіру, дұрыс рәсімдеу, аншлагтарын жаңартуға қаржы бөлу жұмыстары қолға алынсын;
  4. Көрнекі ақпараттар мен жарнамалар Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңына сәйкес ретке келтірілсін;
  5. Халыққа қызмет көрсету орындарына (дүкендер, шаштараздар, кафелер, дәмханалар, дүңгіршектер) әдістемелік көмек көрсете отырып, қолданыстағы заң талаптарына сәйкес көрнекі ақпараттар мен жарнама мәтіндерін реттеу жұмыстары жүргізілсін;
  6. 2019 жылғы 2 желтоқсанға дейін атқарылған іс-шаралар жөнінде облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасына ақпарат берілсін;
  7. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық ономастика комиссиясының хатшысы Е. Ақшабаевқа жүктелсін.

 

 

Комиссия төрағасы

Б.Байжұманов

 

 

Комиссия төрағасының орынбасары

А. Башбаев

 

 

Комиссия мүшелері

Р. Алпысбаев

 

Д. Жүнісов

 

М. Көлбаев

 

Ғ. Тұрсынбай

 

Ғ. Сарыбаев

 

А. Рахимова

 

 

Комиссия хатшысы

Е. Ақшабаев

Дата публикации
10 октября 2019