Решение №3 областной ономастической комиссии по Кегенскому району

Талдықорған қаласы                                                           2019 жылғы 2 шілде

Кеген ауданы әкімдігі жанынан құрылған «Тіл және ономастика» туралы жұмыс тобының 2019 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес бірде-бір отырысы өткізілмеген.

Зерделеу кезінде ұсынылған 264 көшенің 221-де атауын растаушы құжаттары (шешімдері) жоқ.

«Мекен жай тіркелімі» ақпараттық жүйесінің деректер қорында Кеген ауданы бойынша 266 көше тіркелген, ал аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мәліметіне сүйенетін болсақ 270 көше. Сондай-ақ, аталған деректер қорының қазақша нұсқасында кейбір көше атаулары орысша бұрмаланып жазылған. Мәселен, Ә. Молдагулова, А. Жунисов, Т. Рыскулов, М. Макатаев, Нургалык Өзбековулы, Смажанулы, Курманғазы, Откелбай Боканбайулы, Әміре Уйсінбаев.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы №703 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидасына сәйкес, құжатты ресімдеу кезінде пайдаланылатын бланкілерде ұйымның ресми атауы мен ұйым туралы анықтамалық деректер көрсетілу керек. Осы орайда, кейбір ауылдық округ әкімдіктерінің бланкілері мен мөрлерінде мекеме атауы әр түрлі жазылған:

Бланкілерде:

Мөрлерде:

Алматы облысы Кеген ауданы Тұйық ауылдық округінің әкімі

Кеген ауданының «Тұйық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Алматы облысы Кеген ауданы Ұзынбұлақ ауылдық округінің әкімі

Кеген ауданының «Ұзынбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Алматы облысы Кеген ауданы Саты ауылдық округінің әкімі

Кеген ауданының «Саты ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Алматы облысы Кеген ауданының «Бөлексаз ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ

Кеген ауданының «Бөлексаз ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

 

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №72-V Заңының 1-бабы, 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Заңына өзгерістер енгізіліп, бүкiл мәтiн бойынша «ауыл (село)», «ауылдық (селолық)», «ауылдардың (селолардың)», «ауылдарды (селоларды)», «ауылдар (селолар)», «ауылдарға (селоларға)» деген сөздер тиiсiнше «ауыл», «ауылдық», «ауылдардың», «ауылдарды», «ауылдар», «ауылдарға» деген сөздермен ауыстырылған. Алайда, аудан әкімі аппараты басшысының бланкісінде көрсетілген анықтамалық деректерде Кеген селосы, Қарқара ауылдық округі әкімдігінде орналасқан стендте Қарқара селолық округі деп жазылған.

Көше атауларын біріздендіру, аншлагтарын жаңарту жұмыстары жүргізілмеген, кейбір көшелерде мүлдем аншлаг жоқ.

Халыққа қызмет көрсету орындарының (дүкендер, шаштараздар, кафелер, дәмханалар, дүңгіршектер) маңдайшаларында жазылған жазулар, хабарландырулар, жарнамалар, баға көрсеткіштері және басқа да көрнекі ақпараттар «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» ҚР Заңына сәйкес ресімделмеген. Мысалы:

  • Kegen_shop Большой Выбор одежды. Новинки. Бесплатная доставка по Кеген, КАЙСАР Мобилді телефондарды жөндеу, Фариза Канцелярские товары секілді қызмет түрлері орыс тілінде жазылған;
  • Кеген, магазин «Ынтымақ», 2 этаж, АВТОМОЙКА №1 – КӨЛІК ЖУУ, магазин Өрнек дүкен, магазин 1000 мелочей Абай 1000 ұсақ-түйек дүкенінің атауларында мәтіндердің орналасу тәртібі дұрыс сақталмай Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шiлдедегі «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Заңының 21-бабына қайшы жазылған.

Комиссия шешті:

  1. Кеген ауданындағы ономастикалық жұмыстарға байланысты атқарылған іс-шаралар туралы аудан әкімінің орынбасары К. Қабылбековтің есебі назарға алынсын;
  2. Қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес аудандағы ономастикалық ахуалды ретке келтіру жұмыстары жүргізілсін;
  3. Көше аншлагтарын біріздендіру, дұрыс ресімдеу, жаңарту жұмыстары жүзеге асырылсын;
  4. Көрнекі ақпараттар мен жарнама мәтіндері «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес ретке келтірілсін;
  5. Анықтамада көрсетілген кемшіліктер мен заң бұзушылықтарды жою және болашақта оларға жол бермеу мақсатында, зерделеу қорытындысы бойынша нақты іс-шаралар жоспарын құрып, жүзеге асырылсын;
  6. 2019 жылғы 2 тамызға дейін атқарылған іс-шаралар жөнінде облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасына ақпарат берілсін;
  7. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық ономастика комиссиясы хатшысы Е. Ақшабаевқа жүктелсін.

 

Комиссия төрағасы

А. Абдуалиев

 

 

Комиссия төрағасының орынбасары

А. Башбаев

 

 

Комиссия мүшелері

Р. Алпысбаев

 

 

 

М. Көлбаев

 

 

Ғ. Тұрсынбай

 

 

Ғ. Сарыбаев

 

 

А. Рахимова

 

Комиссия хатшысы

Е. Ақшабаев

Дата публикации
02 июля 2019