Талдықорған қаласы 2019 жылғы 2 шілде
Кеген ауданы әкімдігі жанынан құрылған «Тіл және ономастика» туралы жұмыс тобының 2019 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес бірде-бір отырысы өткізілмеген.
Зерделеу кезінде ұсынылған 264 көшенің 221-де атауын растаушы құжаттары (шешімдері) жоқ.
«Мекен жай тіркелімі» ақпараттық жүйесінің деректер қорында Кеген ауданы бойынша 266 көше тіркелген, ал аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мәліметіне сүйенетін болсақ 270 көше. Сондай-ақ, аталған деректер қорының қазақша нұсқасында кейбір көше атаулары орысша бұрмаланып жазылған. Мәселен, Ә. Молдагулова, А. Жунисов, Т. Рыскулов, М. Макатаев, Нургалык Өзбековулы, Смажанулы, Курманғазы, Откелбай Боканбайулы, Әміре Уйсінбаев.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы №703 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидасына сәйкес, құжатты ресімдеу кезінде пайдаланылатын бланкілерде ұйымның ресми атауы мен ұйым туралы анықтамалық деректер көрсетілу керек. Осы орайда, кейбір ауылдық округ әкімдіктерінің бланкілері мен мөрлерінде мекеме атауы әр түрлі жазылған:
|
Бланкілерде: |
Мөрлерде: |
|
Алматы облысы Кеген ауданы Тұйық ауылдық округінің әкімі |
Кеген ауданының «Тұйық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі |
|
Алматы облысы Кеген ауданы Ұзынбұлақ ауылдық округінің әкімі |
Кеген ауданының «Ұзынбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі |
|
Алматы облысы Кеген ауданы Саты ауылдық округінің әкімі |
Кеген ауданының «Саты ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі |
|
Алматы облысы Кеген ауданының «Бөлексаз ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ |
Кеген ауданының «Бөлексаз ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі |
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №72-V Заңының 1-бабы, 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Заңына өзгерістер енгізіліп, бүкiл мәтiн бойынша «ауыл (село)», «ауылдық (селолық)», «ауылдардың (селолардың)», «ауылдарды (селоларды)», «ауылдар (селолар)», «ауылдарға (селоларға)» деген сөздер тиiсiнше «ауыл», «ауылдық», «ауылдардың», «ауылдарды», «ауылдар», «ауылдарға» деген сөздермен ауыстырылған. Алайда, аудан әкімі аппараты басшысының бланкісінде көрсетілген анықтамалық деректерде Кеген селосы, Қарқара ауылдық округі әкімдігінде орналасқан стендте Қарқара селолық округі деп жазылған.
Көше атауларын біріздендіру, аншлагтарын жаңарту жұмыстары жүргізілмеген, кейбір көшелерде мүлдем аншлаг жоқ.
Халыққа қызмет көрсету орындарының (дүкендер, шаштараздар, кафелер, дәмханалар, дүңгіршектер) маңдайшаларында жазылған жазулар, хабарландырулар, жарнамалар, баға көрсеткіштері және басқа да көрнекі ақпараттар «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» ҚР Заңына сәйкес ресімделмеген. Мысалы:
Комиссия шешті:
|
Комиссия төрағасы |
А. Абдуалиев |
|
|
|
|
Комиссия төрағасының орынбасары |
А. Башбаев |
|
|
|
|
Комиссия мүшелері |
Р. Алпысбаев |
|
|
|
|
|
М. Көлбаев
|
|
|
Ғ. Тұрсынбай
|
|
|
Ғ. Сарыбаев
|
|
|
А. Рахимова
|
|
Комиссия хатшысы |
Е. Ақшабаев |