Талдықорған қаласы 2019 жылғы 13 наурыз
Аудан бойынша 17 ауылдық округ, 49 елді мекен, 48 мектеп және 357 көше бар. Кісі есімімен аталатын көшелер саны – 264, оның ішінде 88 көше «Тарихи тұлғалар» тізімінде көрсетілген кісі есімдерімен аталады.
Идеологиялық тұрғыдан ескірген Казсельхозтехника және Энергетик ауылдары мен ДМСУ-45, Интернациональная, Тас жол, Депо көшелерінің атауы өзгертуді қажет етеді.
Көше аншлагтарының жазылу, орналасу тәртібін зерделеу барысында көптеген үйлердің қабырғаларында аншлагтардың ілінбегені, болған жағдайда да олардың тозығы жетіп, ескіргендігі анықталды.
Зерделеу барысында бірқатар аудандық мемлекеттік мекемелерде, қоғамдық қызмет көрсету орындарында көрнекі ақпараттарды орналастыру бөлігінде тіл заңнамаларының сақталу барысына зерделеу жүргізіліп, келесі мән-жайлар анықталды.
- «Ақсу аудандық ауруханасы» МКҚК-да бірқатар хабарландырулар, стендтер тек орыс тілінде берілген, аты-жөні, лауазымы жазылған барлық тақтайшалар заң талаптарына сәйкес емес (орысшасы жоғарғы жағында, қазақшасы төменгі жағында);
- Жансүгіров ауылының көшелерінде орналасқан қоғамдық көпшілік орындары мен сауда нысандарының маңдайшаларында өрескел қателер бар. Мысалы ауыл орталығында орналасқан көлік сақтандыру пункттерінде АВТОСТРАХОВАНИЕ, ТЕХОСМОТР деп, «Мадина», «Хозяюшка» дүкендерінің маңдайшасында ОПТОВКА – деп тек орыс тілінде жазылған;
- Есеболатов ауылдық округі әкімінің аппаратында аты-жөні, лауазымы жазылған барлық тақтайшалар заң талаптарына сәйкес емес (орысшасы жоғарғы жағында, қазақшасы төменгі жағында). Медициналық пунктінде жарнама, ақпараттық стендттердің барлығы орыс тілінде жазылған. Мекеменің барлық ішкі құжаттары (бұйрықтары, кіріс-шығыс хаттары) тек орыс тілінде жүргізіледі;
- Сағабүйен ауылдық әкімдігінде әдеп кодексі жазылған стенд қазақшасы оң жағына, орысшасы сол жағына ілініп, заң талаптарын өрескел бұзған. Ауылдық амбулаторияға кіре берісте мекеменің атауы жазылған тақтайшаның орысшасы мен қазақшасының орны ауысып ілінген;
- Ауыл саябағының атауы латыннегізді қазақ әліпбиімен «JASTAR SAIˊABAǴY» - деп апострофпен қате жазылған. Дұрысы - «JASTAR SAIABAǴY».
Сонымен қатар, Ақсу аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің әр тоқсан сайынғы құжат айналымы бойынша берілетін есептерінде құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлесі 100% деп көрсетілгенімен берілген ақпараттың қате екендігі анықталды. Бөлімнің және ауылдық округ әкімдіктерінің шығыс құжаттарында орыс тілінде жазылған хаттар бар.
Комиссия шешті:
- Ақсу ауданындағы ономастикалық жұмыстарға байланысты атқарылған іс-шаралар туралы аудан әкімінің орынбасары Ғ. Есжановтың есебі назарға алынсын;
- Қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес аудандағы ономастикалық ахуалды ретке келтіру жұмыстары жүргізілсін;
- Көше аншлагтарын біріздендіру, дұрыс ресімдеу, жаңарту жұмыстары жүзеге асырылсын;
- Көрнекі ақпараттар мен жарнама мәтіндері «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес ретке келтірілсін;
- 2019 жылғы 15 мамырға дейін атқарылған іс-шаралар жөнінде облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасына ақпарат берілсін;
- Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық ономастика комиссиясы хатшысы Е. Ақшабаевқа жүктелсін.
|
Комиссия төрағасы
|
А. Абдуалиев
|
|
|
|
|
Комиссия төрағасының орынбасары
|
А. Башбаев
|
|
|
|
|
Комиссия мүшелері
|
Р. Алпысбаев
|
|
|
Д. Жүнісов
|
|
|
М. Көлбаев
|
|
|
Д. Нұржанов
|
|
|
Ғ. Тұрсынбай
|
|
|
Ғ. Сарыбаев
|
|
|
Е. Келемсейіт
|
|
|
А. Рахимова
|
|
|
|
|
Комиссия хатшысы
|
Е. Ақшабаев
|