Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) іске асыру жөніндегі Алматы облысы әкімдігінің 2019 жылғы 26 ақпандағы №79 қаулысымен бекітілген 2017-2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Бағдарламаны іске асыру 3 кезеңді қамтып (I кезең – 2011-2013 жж., II кезең – 2014-2016 жж., III кезең – 2017-2019 жж), негізгі 4 бағыт және 8 нысаналы индикатор бойынша жүзеге асырылады.
Бағдарламаның бағыттары:
Нысаналы индикаторлар:
1) мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың үлесі (2017 жылы - 83%, 2018 жылы - 88%, 2019 жылы - 92%);
2) мемлекеттік тілді В1 деңгейінде меңгерген мектеп түлектерінің үлесі (2017 жылы - 80 %, 2018 жылы - 90 %, 2019 жылы - 100 %);
3) мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарындағы қазақ тіліндегі контенттің үлесі (2017 жылы - 65%, 2018 жылы - 68 %, 2019 жылы - 72 %);
4) тұрғындардың ономастикалық комиссиялардың жұмысындағы шешім қабылдау процесін талқылау кезінде қоғамдық қолжетімділік пен ашықтық қағидаттарының сақталуы бөлігінде қанағаттанушылық дәрежесі (2017 жылы - 80 %, 2018 жылы - 81 %, 2019 жылы - 82 %;
5) орыс тілін меңгерген тұрғындардың үлесі (2017 жылы - 79 %, 2018 жылы - 79,5 %, 2019 жылы - 80 %);
6) этномәдени бірлестіктер жанындағы қазақ және ана тілдерін оқытатын курстармен қамтылған этностардың үлесі (2017 жылы - 63 %, 2018 жылы - 66 %, 2019 жылы - 70 %);
7) ағылшын тілін меңгерген тұрғындардың үлесі (2017 жылы - 9 %, 2018 жылы - 11 %, 2019 жылы - 13 %);
8) үш тілді (мемлекеттік, орыс және ағылшын) меңгерген тұрғындардың үлесі (2017 жылы - 8,5 %, 2018 жылы - 10 %, 2019 жылы - 11,5 %).
Бағдарламаның 4 бағыт 8 нысаналы индикаторы бойынша көрсеткіштеріне қол жеткізілді.
Биылғы жылы облыс тұрғындары арасында мемлекеттік тіл саясаты бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға деген халықтың көзқарасын анықтау үшін жүргізілген әлеуметтік зерттеу жөніндегі сауалнамаға 2018 респондент қатысты. Бағдарламаның нысаналы индикаторына сәйкес облыста мемлекеттік тілді меңгергендердің үлесі - 92,0%, орыс тілін меңгергендердің үлесі – 80,3%, ағылшын тілін меңгергендер - 13%, үш тілді (мемлекеттік, орыс, ағылшын) меңгерген тұрғындардың үлесі - 14,7% құрады.
Облыс көлемінде тілді меңгеруге, оқуға барлық мүмкіндік жасалған.
Үстіміздегі жылы латыннегізді әліпбиді меңгертуге қолайлы жағдай жасау мақсатында оқыту орталығы жоқ 10 ауданда тіл оқыту орталықтарының филиалдарын ашу үшін жергілікті бюджеттен 80 млн. теңге қаржы бөлінді.
Қазіргі уақытта облыста заманауи үлгіде жабдықталған 20 тіл оқыту орталығы жұмыс жасайды.
Соңғы үш жылда дәріс алған тыңдаушылардың жалпы саны 5857, биылғы жылы қабылданған тыңдаушылар саны - 2110, 2017 жылы - 1808, 2018 жылы - 1939. Мемлекеттік тілді оқыту курсына 869 (2017 жылы - 1339, 2018 жылы - 1347), орыс тіліне 21 (2017,2018 жылдары - 46), ағылшын тіліне 462 (2017 жылы - 423, 2018 жылы - 546), латыннегізді әліпбиді оқыту курсына 758 тыңдаушы қабылданды.
Қазтест жүйесі негізінде тест тапсырғандардың жалпы саны 52864 (2017 жылы - 24777, 2018 жылы - 20672), жыл басынан тест тапсырғандардың саны 7415. Диагностикалық тест тапсырғандар 7256 (2017 жылы - 24294, 2018 жылы - 20144), сертификаттық тест тапсырғандар 159 (2017 жылы - 483, 2018 жылы - 528).
Мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарындағы қазақ тіліндегі контенттің үлесі 2019 жылы 92 % құрады.
Тоқсан сайын тілдік жағдайды зерделеу мақсатында облыстық және жергілікті атқарушы органдардың құжат айналымына мониторинг жасалады. Үстіміздегі жылдың 9 айының қорытындысы бойынша мемлекеттік тілдегі ісқағаздардың үлесі 99,5%-ті құрады (2017 жылы - 99,4%, 2018 жылы - 99,5%). 2017 жылмен салыстырғанда 0,1%-ке өскен.
Ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Ақсу, Балқаш, Панфилов, Райымбек, Сарқан, Талғар аудандары мен Талдықорған, Текелі қалалары ісқағаздарын толық мемлекеттік тілде жүргізіп отыр.
«Тіл тазалығын сақтайық» акциясы барысында барлық аудан, қала әкімдіктері тарапынан арнайы жұмыс тобы құрылып, іс-шаралар жоспарына сәйкес жұмыстар атқарылып, қорытындысы шығарылды.
Нәтижесінде 6032 нысанға 1214 рейдтік тексеру жұмыстары жүргізіліп, 1290 кемшілік анықталған. Оның ішінде орналасу тәртібі сақталмағаны 360, емлелік қате орын алғаны 213, стилистикалық қатемен жазылғаны 152, тек орыс тілінде жазылғаны 384, ағылшын тілінде жазылғаны 51, түзетілген кемшіліктердің саны 756.
Облыста жоспарға сәйкес тұрғындардың ономастикалық комиссиялардың жұмысындағы шешім қабылдау процесін талқылау кезінде қоғамдық қолжетімділік пен ашықтық қағидаттарының сақталуына қанағаттанушылық дәрежесі 99,3% құрады.
Алматы облысының ономастикалық комиссиясының жыл сайынғы жұмыстарының нәтижесінде:
Бағдарламаның ІІІ кезеңінде (2017-2019 жылдары) 26 әкімшілік-аумақтық бірліктің, 1508 құрамдас бөліктің, 18 білім және мәдениет ұйымдарының, барлығы 1552 ономастикалық нысанның атауы өзгертілді. Келіп түскен ұсыныстардың 828 қайта атау, 724 жаңадан беріліп отырған атау. Оның ішінде 779 дәстүрлі атаулар, 247 жер-су аттары, 526 кісі есімдері. Ал, енді осы берілген 526 кісі есімінің 473 тарихи тұлғалар тізіміне енгізілгендер, 53 жергілікті жерлерден шыққан аса көрнекті мемлекет және қоғам, ғылым, мәдениет қайраткерлерінің және Қазақстан Республикасы мен әлемдік қоғамдастық алдында еңбек сіңірген басқа да адамдардың есімдері берілген (2017-2019 жылдары келіп түскен ұсыныстардың ішінде бекітілген тарихи тұлғалар тізіміне енгізілмеген кісі есіміне байланысты 82 ұсыныс мақұлданбады).
Идеологиялық тұрғыдан ескірген атаулар мен қайталанатын атауларды тарихи жер-су атауларына алмастыру жұмыстары Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясымен мақұлданған «Тарихи тұлғалар», «Тарихи жер-су аттары», «Дәстүрлі атаулар» тізімдерінің негізінде жүргізілуде. Осы бағытта облыс бойынша 3 ауданның, 8 ауылдық округтің, 19 елді мекеннің, 3091 көшенің, 111 білім, 2 мәдениет ұйымдарының атауы (барлығы 3234) тарихи тұлғалардың атымен аталады.
Тізімде көрсетілген 150 тарихи тұлғаның 139-ның есімі ұлықталып отыр.
2017 жылы облыс аумағындағы 7 ауылдық округтің, 19 елді мекеннің, 1152-ге жуық көшенің (10%) атаулары идеологиялық тұрғыдан ескірген атаулар болса, соңғы екі жылда атқарылған жұмыстардың нәтижесінде аталған көрсеткіш 4,2%-ке төмендеді.
Облыс әкімдігінің қолдауымен «Жаңа әліпби – жаңа дәуір бастауы» атты жұмыс тобы құрылып, аталған топ 2017 жылғы 12 қазан-23 қараша аралығында аудан, қалаларда ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізді. Нәтижесінде 16 аудан, 3 қаланың 70 елді мекенінде жүргізілген түсіндіру жұмысына 40 мыңға жуық адам қатысты.
2018 жылғы 30 қазан-15 қараша аралығында 17 аудан, 3 қаланың 66 елді мекенінде жүргізілген ақпараттық-түсіндіру жұмыстарымен 35 мыңнан астам адам қамтылды. Алғашқы жылы латыннегізді әліпбидің маңыздылығы түсіндірілсе, бұл жолы аудан орталығынан шалғайда орналасқан елді мекен халқымен кездесу барысында жаңа әліпбидің емле ережелері туралы толық ақпарат берілді.
Ағымдағы жылы бекітілген кестеге сәйкес облыс көлемінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, әр мекеме, кәсіпкерлік нысандары, халыққа қызмет көрсету орындары, жекелеген ұжымдарды қамту жоспарланды.