- Жалпы ережелер
Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) Қазақстан Ресубликасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай онлайн режимде дәстүрлі түрде «Жетісу - кітапқұмарлар өлкесі» байқауын өткізеді.
Байқаудың мақсаты мен міндеті:
1) Кітап оқу мәдениетін дамыту және қолдау;
2) Облыс тұрғындарын кітап оқуға ынталандыру;
3) Үздік көркем әдеби шығамаларды кеңінен насихаттау.
- Байқаудың тәртібі
- Басқарма байқаудың ұйымдастырушысы болып табылады.
- Байқау 2021 жылғы 27 қазанда басталады және 22 қарашада аяқталады.
- Байқауға облыстың студенттері және ересек тұрғындары қатыса алады. Қатысушылардың санына және жасына шектеу қойылмайды.
- Байқау туралы толық ақпарат Басқарманың ресми сайтында, Facebook, Instagram әлеуметтік желілерінде орналастырылады.
- Байқаудың шарты
- Байқауға қатысушыларға ағымдағы жылғы 8 қарашаға дейін алдын ала тіркеу жүргізіледі.
Ол үшін қатысушы-үміткерлер өтінім толтырып, жеке куәлігінің көшірмесімен бірге kitapoqu@mail.ru электрондық поштасына жолдауы керек. Тіркелмеген қатысушылар байқауға қатыса алмайды.
- Байқау екі кезең бойынша өткізеледі.
- Бірінші кезеңде тіркелген қатысушылар ағымдағы жылғы 22 қарашаға дейін 2 кітап оқиды және тест тапсырады:
- студенттер - О. Бөкей «Атау кере», Е. Ергелді «Жаңа өмірге мотивация»;
- ересектер – Т. Ахтанов «Шырағың сөнбесін», Р. Кийосаки «Бай әке, кедей әке».
Тест Телеграм каналында өтеді, әр шығарма бойынша 30 сұрақ, жалпы 60 сұрақ беріледі. Тест уақыты 30 минут болады. Берілген уақыт аяқталғаннан кейін тестке жіберілген жауаптар есептелмейді.
- Екінші кезеңге І кезеңнің қорытындысы бойынша тестен өткен қатысушы үміткерлер жіберіледі. Бұл кезең ZOOM платформасы арқылы өтеді. Қатысушылар ұяшықтарды таңдау арқылы оқыған кітаптары бойынша ішіндегі сұрақтарға жауап береді. Нәтижесі қазылар алқасының бағасымен есептеледі.
- Қорытынды ережелер
- Байқау қатысушыларының жұмысын бағалау және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау үшін қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасының құрамын Басқарма анықтайды.
- Қазылар алқасы шешім шығару барысында төмендегілерді ескереді:
1) тестілеудің қорытындысы;
2) сұрақ-жауаптың бағасы (ZOOM-да өткен).
- Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері қазылар алқасының дауыс беру қорытындысына сәйкес шығарылады.
- Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері Тәуелсіздік күні қарсаңында Басқарманың І, ІІ, ІІІ дәрежелі Дипломдарымен, Алғысхаттарымен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады (уақыты қосымша хабарланады) .
- Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері туралы ақпарат Бақарманың интернет ресурстарында орналастырылады.
Туындаған сұрақтар бойынша төмендегі телефондарға хабарласуға болады: 8(7282) 400165; 87074546058.