Аймақта тіл саясатын жүргізу және тұрғындардың көзқарасын зерделеу жөніндегі әлеуметтік сауалнаманың қорытындысы

2019 жылдың сәуір айында Алматы облысының барлық аудан, қалаларында мемлекеттік тіл саясаты бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға көзқарастарын анықтау мақсатында облыс тұрғындары арасында әлеуметтік сауалнама жүргізілді. Сауалнамаға іріктеме негізінде әр аудан, қаладан 100-ден астам респонденттен қатысты. Жалпы саны 2018 адамды құрады.

Кешенді әлеуметтік зерттеудің мақсаты – мониторинг жағдайында облыстағы тілдік ахуалды зерттеу (халық арасында сауалнама жүргізу) және тілді әр тарапта қолдану (қоғамдық өмірдің негізгі салаларында, мемлекеттік қызметте, қызмет көрсету орындарында т.б.) мемлекеттік, орыс және басқа тілдердің (ағылшын тілі) дамуын және қолдану аясын анықтау.

Зерттеудің негізгі міндеттері аталған мақсатқа жетуде облыс тұрғындары арасындағы тілдік ахуалды төменде келтірілген аспектілер бойынша талдау арқылы анықталған:

  • облыс тұрғындарының қазақ тілін білу деңгейі;
  • облыс тұрғындарының орыс тілін білу деңгейі;
  • облыс тұрғындарының ағылшын тілін білу деңгейі;
  • қоғамдық өмірдің негізгі салаларында мемлекеттік тілдің қажеттілік деңгейі;
  • латыннегізді әліпби туралы халықтың көзқарасы;
  • «Тіл» оқу-әдістемелік орталықтарының қызметі жайлы халықтың пікірі;
  • тұрғылықты жердегі ономастикалық ахуал жағдайы.

 

1-диаграмма. РЕСПОНДЕНТТЕРДІҢ ҚАТЫСУЫ

Аталмыш сауалнамаға қатысқандардың 738 (36,6%) ер, 1280 (63,4%) әйел адамдар болды.

2-диаграмма. РЕСПОНДЕНТТЕРДІ ЖАСЫНА ҚАРАЙ БӨЛУ

 

 

Сауалнамаға қатысқан респонденттердің жас ерекшеліктері төмендегідей:               918 (45,5%) 18-29 жасқа дейінгілер, 472 (24,4%) 30-39 жас, 389 (19,3%)  40-49 жас, 196 (9,7%) 50-59 жас,  43 (2,1%) 60 және одан жоғары.

 

3-диаграмма. РЕСПОНДЕНТТЕРДІҢ ЭТНИКАЛЫҚ БӨЛІНІСІ

 

 

 

 

Сауалнамаға 1748 (86,6%) қазақ, 100 (5%) орыс, 98 (4,9%) ұйғыр, 34 (1,7%) татар, 12 (0,6%) неміс, 5 (0,2%) поляк, 24 (1,2%) өзге ұлт өкілдері қатысты. 

 

4-диаграмма. РЕСПОНДЕНТТЕРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰРАМЫ

 

 

Сауалнамаға қатысқандардың: 14,1%-студент, 7,1%-кәсіпкер, 14,2%-қызмет көрсету саласы қызметкері, 24,8%-білім беру саласы қызметкерлері,                                17%-мемлекеттік қызметшілер, 6,4%-денсаулық сақтау саласы қызметкерлері,                     0,4%-құрылысшылар, 5,4%-мәдениет саласы қызметкерлері,                                            1,5%-ауылшаруашылығы қызметкерлері, 1,2%-әскери және құқық қорғау қызметкерлері, 1,1%-шағын және орта бизнес өкілдері, 1,3%-өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, 2%-үй шаруасындағылар, 1,5%-жұмыссыздар, 1,2%-зейнеткерлер және 1,2%-өзге қызмет иелері.

 

5-диаграмма. ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТІЛДЕРДІ МЕҢГЕРУ ДЕҢГЕЙЛЕРІ

 

 

«Сіз мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін қаншалықты меңгергенсіз?» деген сұраққа респонденттердің 80,3% қазақ тілін толық меңгергенмін деп жауап берсе, респонденттердің 58,7% орыс тілін толық білетінін, сондай-ақ 6% ағылшын тілін толық меңгергенін көрсеткен.

 

6-диаграмма. САУАЛНАМАҒА ҚАТЫСҚАН 5% ОРЫС ҰЛТЫНЫҢ ҚАЗАҚ ТІЛІН БІЛУ КӨРСЕТКІШІ

 

 

Сауалнамаға қатысқан 2018 респонденттің 100-і орыс ұлтының азаматтары. Олардың ішінде мелекеттік тілде сөйлей алатындары 62% құраса, ал 38% қазақ тілін білмейтіндердің үлесінде.

 

7-диаграмма. НЫСАНАЛЫ ИНДИКАТОРҒА СӘЙКЕС ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТІЛДЕРДІ МЕҢГЕРУ ДЕҢГЕЙЛЕРІ

 

 

Аймақта тіл саясатын жүргізу және тұрғындардың көзқарасын зерделеу жөнінде жүргізілген әлеуметтік сауалнаманың нәтижесі төмендегідей.

 Іс шаралар жоспарында мемлекеттік тілді меңгергендердің үлесі 92% болса, сауалнама қорытындысына сәйкес 85,5% (-6,5%). Орыс тілін меңгергендер 80% болса, сауалнама қорытындысында 80,3% (+0,3%). Үш тілді меңгергендердің үлесі 11,5% сауалнама нәтижесінде 14,7% (+3,2%).

 

8-диаграмма. ТҰРҒЫНДАРДЫҢ КҮНДЕЛІКТІ ӨМІРДЕ СӨЙЛЕСЕТІН ТІЛІ

 

 

«Күнделікті өмірде қай тілде сөйлесесіз?» деген сауалға тұрғындардың жауабы төмендегідей болды: Қазақ тілінің қолданыс аясы диаграммада көрініп тұрғандай 65,1%, орыс тілі 8,1%. Десек те халық көбіне қазақ және орыс тілдерін қолданғанымен, өзге этнос өкілдері күнделікті өмірде ішінара ана тілдерінде сөйлеседі.

 

9-диаграмма. АУДАН, ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ «ТІЛ» ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЫ

«Ауданыңызда (қала) тіл оқыту орталығы бар екенін және онда тегін оқытатынын білесіз бе?» деген сауалға  респонденттердің (орталығы бар аудан, қала) 56,1% білемін, 36,4% білмеймін деп өз пікірлерін білдірген.

 

10-диаграмма. ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ЖАҢА ҚАЗАҚ ЖАЗУЫНА ДЕГЕН КӨЗҚАРАСЫ

 

 «Сіз қазақ тілі әліпбиінің латыннегізді әліпбиге көшуін қолдайсыз ба?» деген сұраққа респонденттердің жартысынан көбі 54,3% қолдайтындығын,                     32,9% қолдамайтындығын, 12,8% жауап беруге қиналатындығын көрсетті.

 

11-диаграмма. ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ЛАТЫННЕГІЗДІ ӘЛІПБИГЕ ҚАТЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ШАРАЛАР ТУРАЛЫ ХАБАРЫ

 

 

Бұл диаграммада көрсетілгендей латыннегізді әліпбиге қатысты аудан, қалада мұндай шаралар жиі ұйымдастырылады деген тұрғындардың үлесі 48,7%, сирек өтеді дегендер 35,8%, ал қалған 1,4% жауап беруге қиналамын деген.

 

12-диаграмма. КӨРНЕКІ АҚПАРАТТАР МЕН СЫРТҚЫ ЖАРНАМАЛАРҒА ТҰРҒЫНДАРДЫҢ БЕРГЕН БАҒАСЫ

 

 

Көрнекі ақпараттар мен жарнамалар мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеретін және оны кең түрде насихаттайтын құралдың бірі екенін ескере отырып, олардың қай тілде жазылатынын, онда қандай проблемалар кездесетінін зерделеу мақсатында қойылған сұраққа респонденттердің ішінде мәтіндердің қате немесе мағынасыз аударылуын байқағандар 44,1% болса, мекеме, тауар атауларының шет тілінде жарнамалануына назар аударғандар 13%, ақпараттардың тек орыс немесе ағылшын тілінде жазылуына көңіл бөлгендер 6,3%.

 

13-диаграмма. ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДАН ЕСКІРГЕН АТАУЛАРҒА ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ЕСІМІН БЕРУ

 

 

Қазіргі таңда елімізде алдыңғы кезекте тарихи ортақ сана қалыптастыратын атаулар берілуде. Сауалнама барысында идеологиялық тұрғыдан ескірген атауларға тарихи тұлғалардың есімін беруді қолдайтындар 79,6%, қолдамайтындар 10,8%, қалған 9,7% респондент жауап беруге қиналамын нұсқасын таңдаған.

Ономастикалық атаулардың өзгертілуіне, тарихи тұлғалар есімін беруге, тарихи атаулардың сақталуына деген көзқарасты жақтайтын респонденттердің 92,2%-ды құрауы көңіл қуантады. Жауап беруге қиналамын деп әлі де болса ойы екіге бөлінгендердің үлесі 4,6%. Келесі диаграммада (14-диаграмма) қай аудан, қала тұрғындарының тарихи жер-су атауларының сақталуы дұрыс емес деп жауап бергендерін  3,2% көруге болады.

 

14-диаграмма. ТАРИХИ ЖЕР-СУ АТАУЛАРЫНЫҢ САҚТАЛУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ РЕСПОНДЕНТТЕРДІҢ ПІКІРІ

 

 

Жүргізілген сауалнама нәтижесі орын алған олқылықтар мен кемшіліктерді анықтап, алдағы уақытта басты назарда ұстайтын мақсат, міндеттерді нақтылауға мүмкіндік туғызды. Тілдік ахуалды жандандыру мақсатында сауалнама жүргізу, талдау жасау жұмыстарын жалғастыру жоспарлары жүйелі жұмыс жасауға септігін тигізетіндігін көрсетті.

 

Дата публикации
15 мая 2019