Буккроссинг «Жетісу – кітапқұмарлар өлкесі» атты еркін кітапалмас

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен жылы бастау алған буккроссинг «Жетісу – кітапқұмарлар өлкесі» атты еркін кітапалмасу шарасы Ақсу, Алакөл, Балқаш, Жамбыл, Іле, Қаратал, Кербұлақ, Көксу, Панфилов, Талғар, Ұйғыр аудандары мен  Қапшағай, Талдықорған, Текелі қалаларында жалғасын табуда.

Аталған шараның негізгі мақсаты жастарды кітап оқуға тарту. Бүгінде Буккроссинг көшпелі кітапханасы қаланың 3 жеріне (Жастарға қызмет көрсету орталығы, Қаратал өзені жағалауы, Арбат) орналастырылды. Сондай-ақ, көпшіліктің сұранысына ие әлем классиктері мен қазақ классиктерінің, танымдық, психологиялық, балаларға арналған жаңа кітаптары кітап сөрелерін толықтырды.

Дата публикации
27 апреля 2018