Елбасы Н. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласының «Туған жер» бағдарламасы аясында жыл басынан 3 мәрте «Әдебиет – руханияттың діңгегі» атты қазақ әдебиетінің үш буын өкілімен дәстүрге айналған кездесу кеші ұйымдастырылды. Ақпан айында – Жұмабай Шаштайұлы, Дәурен Қуат, Айнұр Төлеу, наурызда – Ғұсман Жандыбаев, Жанарбек Әшімжан, Мақпал Мыса, сәуірде – Бексұлтан Нұржекеұлы, Есей Жеңісұлы, Қанат Әбілқайыр әдебиет сүйер қауыммен қауышты.
«Тағзым» әдеби-музыкалық еске алу шарасы да өз жалғасын тапты. Кеште Жетісу өңіріне еңбегі сіңген, бүгінде дүниеден озған сегіз бірдей әдебиет пен мәдениет саласының есімі ұлықталды.
Сондай-ақ «Рухани жаңғыру» бағдарламасының 1 жылдығы қарсаңында өткізілетін көрмеге латын әліпбиіне көшуге байланысты бейнежазбалар, кітапшалар арнайы әзірленді.
Наурыз айында А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының басшысы, Ұлттық комиссияның мүшесі Е. Қажыбек және аталған институт ғалымдарының қатысуымен «Жаңа қазақ әліпбиін енгізудің ғылыми және ұйымдастырушылық негіздері» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 2017 жылдың шілде айында бастау алған «Жетісу – кітапқұмарлар өлкесі» Буккросинг жобасы аудан, қалаларда қолға алынып, салтанатты түрде ашылды. Нәтижесінде Қапшағай, Ақсу, Балқаш, Талғар, Жамбыл аудандарында халыққа қолжетімді кітап сөрелері қойылды.
Өткен жылдың күзінде «Жетісу жыр керуені» атауымен көпшілікке жол тартқан Челлендж жобасы жалғасын тауып, интернет қолданушыларының қызығушылығын арттыруда. Бүгінде арнайы талаптарға сай бейнежазба түсіріп, әлеуметтік желіге жүктегендердің саны 51-жетті.