Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс шаралар жоспарының 14-тармағын орындау мақсатында қазақ әліпбиін латынға көшіру бойынша жұмыс тобының атқарған жұмысы туралы ақпарат

Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс шаралар жоспарының 14-тармағын орындау мақсатында қазақ әліпбиін латынға көшіру бойынша жұмыс тобының атқарған жұмысы туралы ақпарат

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев алдымызға таяу жылдардағы орындайтын міндеттерді жүктеп, бірнеше жобаны жүзеге асыру қажеттігін тапсырды. Соның бірі – қазіргі қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру мәселесі.

Бүгінгі күні Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасында қазақ әліпбиін латын қарпіне көшіруді жалпыұлттық талқылау жөнінде жұмыс тобы құрылып, 2017 жылғы 16 маусымда алғашқы отырысы өтті. Топ құрамына білім, ішкі саясат, мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасарлары, І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің оқытушылары, «Нұр Отан» партиясы мен БАҚ өкілдері барлығы 22 адам кірді. Жұмыс тобының алдағы атқаратын жұмыс жоспары мен аудан, қалаларға шығу кестесі топ мүшелерімен келісіліп бекітілді.

Жұмыс тобының кезекті отырысы 29 маусымында Тіл сарайында өтті. Отырысқа Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетіні Кәсіби бағыттағы тілдер кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Ж. Әбуов, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Тіл мәдениеті бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты Н. Әміржанова, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Терминология бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент С. Құлманов, «Жаңғырудың жаңа белесі» атты ақпараттық-насихаттық жұмыс тобының мүшелері, аудан, қала әкімі орынбасарлары, «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалы қызметкерлері, І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің оқытушылары, басқарма қызметшілері, мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының қызметкерлері, аудандық, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің басшылары, тілге жауапты мамандар, зиялы қауым, БАҚ өкілдері қатысты.

Сонымен қатар аудан, қалаларда барлығы 160 адамнан тұратын «Жаңғырудың жаңа белесі» атты ақпараттық-насихаттық топтар құрылды.

Ел арасында оң көзқарас тудыру мақсатында түсіндіру жұмыстары, сауалнама жүргізілуде. Сауалнамамен қазіргі уақытта Алакөл, Ақсу, Сарқан, Қаратал, Іле, Қарасай, Еңбекшіқазақ, Ұйғыр аудандары мен Қапшағай қаласы бойынша 12 мың респондент қамтылды. Сауалнама әлі де жалғасуда.

Іс шаралар жоспарына сәйкес Жетісу телеарнасымен бірлесе отырып «Латын әліпбиі өркениетке тура жол» атты бейнероликтер топтамасын дайындау жөніндегі тапсырма бойынша бүгінгі күнге 6 бейнеролик дайындалды. Роликте І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің тарихшылары, Ассамблея өкілдері, ақпараттық-талдау орталығы, жастар қамтылды. Бейнероликтер «Жетісу» телеарнасынан көрсетілуде. Алдағы уақытта лед экрандары бар аудандарда (Ақсу, Алакөл, Панфилов, Талғар), 2 қалада (Талдықорған, Текелі) көрсету жоспарланып отыр. Облыстық «Жетісу», «Огни Алатау» газеттері мен жергілікті БАҚ-тарда латын әліпбиіне арналған пікірлер мен мақалалар тұрақты жариялануда. Сонымен бірге, «Әліпби мәдениеті» тақырыбында Жетісу телеарнасымен бірлескен ақпараттық бағдарламаның жобасы дайындалу үстінде.

2017 жылғы маусым айында латын әліпбиіне арналған бірқатар шара ұйымдастырылды. Атап айтсақ, Тіл сарайында «Рухани жаңғыру және жас қаламгерлер» тақырыбында облыстан шыққан ақын-жазушылармен рухани бас қосу кеші өтті. Шара барысында әдеби ортаның латын әліпбиіне көшудің ұтымды жақтары айтылды.

Іле, Талғар аудандарында латын әліпбиін зерттеуші ғалым Ғ. Әнес және қоғам қайраткері Д. Көшімнің қатысуымен «Латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы және тіл мәдениеті» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылып, халыққа түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Ақсу ауданы әкімдігінде ақпараттық-түсіндіру тобының жиыны өткізілді.

4 маусымда Тіл сарайында Президент жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі Ұлттық комиссияға қарасты Қазақ жазуын латын графикасы негізіндегі жаңа ұлттық әліпбиге көшіру жұмыс тобының мүшелері, белгілі саясаткерлер, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының қызметкерлері, тіл жанашырларының қатысуымен облыс көлемінде алғаш рет «Латын әліпбиіне көшу: дайындық барысы» атты семинар-кеңес өтті.

Бұл бағытта жоспарланған жұмыстар уақытында, жүйелі атқарылады.

 

Дата публикации
11 августа 2017