Облыс көлемінде алғаш рет ұйымдастырылған «Латын әліпбиіне көшу: дайындық барысы» атты семинар-кеңеске Президент жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі Ұлттық комиссияға қарасты Қазақ жазуын латын графикасы негізіндегі жаңа ұлттық әліпбиге көшіру жұмыс тобының мүшелері, белгілі саясаткерлер, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білім институтының қызметкерлері, тіл жанашырлары, БАҚ өкілдері қатысты. Семинар-кеңесте жұмыс тобы мүшелері бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қазақ жазуын латын графикасына көшіру қазақ халқының ұлттық бірегейлігін қалыптастыруда басты қадам болатынын, түркілік бірегейлікті нығайтудың маңызды тетігі екенін, ол қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі мәртебесін нығайта түсетінін, қазақ тілінің әлемдік ақпарат кеңістігіне енуі үшін қажетті алғышарт қалыптастырып, Қазақстанда ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың кеңінен таралуына мүмкіндік жасалатынын т.б. тиімді жақтарын түсіндірді (шараға қатысқандар саны – 90 адам).
Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен І. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласынан туындайтын шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша көңіл бөлу, мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру және мемлекеттік органдардағы мемлекеттік тіл саясатын жүргізудегі өзіндік үлесін айқындау, мемлекеттік қызметшілерді ынталандыру мақсатында өткен «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте» атты облыстық байқауда Бас жүлдеге ие болған Талдықорған қаласы әкімдігінің «ЭКСПО» тобы алдағы уақытта өтетін республикалық байқауда Алматы облысының намысын қорғайтын болады (шараға қатысқандар саны – 700-ден астам). Сонымен қатар жастардың көркем әдебиетті оқуға ынтасын арттыру, көркем әдебиетті насихаттау мақсатында ұйымдастырылған Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің облыстық байқауында Бас жүлдеге ие болған І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің ІІ курс студенті С. Байбосынова (Қаратал ауданы) республикалық байқауға жолдама алды (шараға қатысқандар саны – 50 адам).
«Тіл» оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында атап көрсетілген жалпыұлттық патриотизм ұғымын кеңейтуге бағытталған «Туған жер» бағдарламасын насихаттау мақсатында өткен «Туған жер – алтын бесік» атты іс шарада Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «54380 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері белсенділік танытты (шараға қатысқандар саны – 50 адам).
Басқарма тарапынан қазақ жазуын латын графикасы негізіндегі әліпбиге көшіру және үш тілділік жөнінде ел арасында оң көзқарас тудыру мақсатында сауалнама жүргізілді. Сауалнамамен облыс көлемінде 65 мыңнан астам респондент қамтылып, талдау жасалды.
Ұйымдастырылған шаралар жөніндегі ақпараттар әлеуметтік желілірде, жергілікті БАҚ-та жарияланды (10 мақала).
Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастыратын болады.