Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына кезең-кезеңімен көшіру бойынша атқарылған шаралар

Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына кезең-кезеңімен көшіру қолға алынғаннан бері облысымызда ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп келеді. Бүгінде қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жұмыстарын тиімді түрде үйлестіру тіл саласының қызметкерлеріне үлкен жауапкершілік үстемелеп отыр. Латын әліпбиіне көшу кезеңдерін жүзеге асыру шараларының көш басында Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы тұр. Осы ұлттық ғылыми-практикалық орталықтың ұйымдастыруымен өткен «Жаңа емле: құрылымы мен мазмұны» тақырыбындағы республикалық дәріс-семинар сөзімізге мысал бола алады.

Семинарды Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы орфография басқармасының басшысы, ф.ғ.к. А.Фазылжанова, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты қолданбалы лингвистика бөлімінің меңгерушісі, ф.ғ.д. А. Жаңабекова, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты фонетика бөлімінің меңгерушісі, ф.ғ.к. А. Аманбаева, А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының аға ғылыми қызметкері, ф.ғ.к. Ж. Жұмабаева жүргізді.

Екі күнге созылған семинар-дәрістің қорытындысы бойынша 60 адамға тренерлік сертификат табысталды. Сертификат алғандардың тізімінде «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының оқытушылары, аталған орталықтың аудандық, қалалық филиалдарының оқытушылары, қалалық және аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің қызметшілері, «Азаматтарға арналған үкімет», Ұлттық банк, «Қазпошта» АҚ мекемелерінің филолог мамандары бар.

Дәл осындай дайындық курсын Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы үстіміздегі жылы Сұлтан қаласында ұйымдастырды. Нұр-Сұлтан қаласында өткен 72 сағаттық оқыту курсына әдіскерлер мен оқытушылар арасынан 21 адам қатысып, тренерлік сертификатқа ие болды.

Ал «Латын графикасының емле ерекшеліктері» атты облыстық семинар-тренингке Қазақстан облыстық «Огни Алатау» газетінің бас редакторы А.Идигов және І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің қазақ тілі мен қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, философия докторы Г. Чукенаева, сондай-ақ, Талдықорған агро-техникалық колледжінің оқытушылары мен студенттері, облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының қызметкерлері, Кербұлақ ауданы Ш. Уәлиханов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі К.Шынарбаева, І. Жансүгіров атындағы ЖМУ-дың қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының магистранттары қатысты.

Латыннегізді қазақ әліпбиінің емле ережесін көпшілікке таныстыруда жаңа технологиялардың маңызы зор. Сондықтан, «Емле ережелерінің орфографиялық, орфоэпиялық заңдылықтары» атты облыстық конференцияда республикалық Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ақпараттық технология және сараптама басқармасының басшысы Н. Сейсенбек орталықтың латын әліпбиін меңгерту мақсатында әзірлеген бірнеше IT жобаларымен таныстырды.

Сонымен қатар, қазақ тілі әліпбиін латыннегізді әліпбиге көшірудің маңыздылығы мен өміршеңдігін дәріптеудегі өзіндік орны бар басылым республикалық «Егемен Қазақстан» газеті. Ғасыр төрінен орын алған газеттің жүз жылдық мерейтойына орай журналистер арасында «Тіл тарихы: жүз жылдық жылнама» атты публицистикалық байқау ұйымдастырылды. Қазылар алқасының шешімімен Б. Мәжит жеңімпаз деп танылды.

Қазіргі уақытта облыста заманауи үлгіде жабдықталған 20 тіл оқыту орталығы (облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы және аудан қалаларда орналасқан 19 филиал) жұмыс жасауда.

Айта кету керек «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының 15 компьютеріне латын графикасымен белгіленген қазақ әліпбиінің пернетақтасы орнатылды. Клавиатураларды апробациядан өткізу шарасына түрлі сала қызметкерлері қамтылды. Олар мәтінді латыннегізді әліпбиде теріп, сауалнама толтырып, жаңа клавиатураның тиімділігі мен қолайсыз тұстары туралы өз ұсыныстарын білдірді.

Ересек аудиторияларға латын негізді әліпбидің емле ережелерін мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту және латыннегізді әліпбиді ересек тұрғындарға меңгертуге қолайлы жағдай жасау мақсатында облыста бұрын оқыту орталығы болмаған 10 ауданда (Ақсу, Балқаш, Ескелді, Жамбыл, Кеген, Көксу, Кербұлақ, Панфилов, Райымбек, Талғар) тіл оқыту орталықтарының филиалдары ашылғанды.

Қазіргі уақытта облыста 20 тіл оқыту орталығында 75,5 қызметкер (облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы 21, аудандық, қалалық филиалдарда 54,5 штат қаралған) жұмыс істейді.

Оқу орталығының барлық филиалдары заманауи үлгідегі материалдық-техникалық базамен қамтамасыз етілген, әдіскерлер мен оқытушылар арасынан 22 адам Нұр-Сұлтан қаласында өткен 72 сағаттық оқыту курсына қатысып, тренерлік сертификатқа ие болды.

Биылғы жылы «Латыннегізді әліпбиінің емле ережесі» курсына 1158 тыңдаушы қабылданды. Оның ішінде анықтама алғандардың саны 1125-ті құрап отыр.

Латыннегізді қазақ тілі әліпбиінің практикалық тұрғыда меңгерілуін жан-жақты қамту, көпшілікке үйрету, қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында әр апта сайын «Жетісу» телеарнасынан «Латыннегізді әліпби» атты телехабар көрсетілуде.

Тілдерді ересек аудиторияларға жан-жақты меңгерту мақсатында Басқарманың сайтында (http://tildamytu-tdk.gov.kz/videos/) күн сайын онлайн көрсетілім арқылы сабақ өтуде.

Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы жылы да өз жалғасын табатын болады.

Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына кезең-кезеңімен көшіру бойынша атқарылған шаралар
Дата публикации
05 января 2020