Байқаудың негiзгi мақсаты мен міндеттері:
Байқау арқылы студент жастардың патриоттық сезімін нығайту, шығармашылық әлеуетін, лингвистикалық капиталын дамыту.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай тіл және тәуелсіздік тақырыбын шығармаға арқау ету. Талантты жастарға қолдау көрсету.
Басты талаптары мен негiзгi шарттары:
- Байқау Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен Алматы қаласы және Алматы облысының жоғарғы оқу орындарының студенттері арасында өтеді.
- Әр қатысушы өз таңдауымен қазақ немесе орыс тілінде эссе ұсына алады:
- А4 форматында, Times New Roman 14 шрифт, 1,0 интервалымен жазылуы тиіс.
- Әр үмiткердiң сөзік қоры, сөз көркемдігі, идеялық серпіні ескеріледі.
- Байқауға ұсынылатын эссе тақырыптары (қатысушы 1 тақырыпты таңдайды):
- «Жасампаздыққа толы жылдар»;
- «Тәуелсіздік пен тіл – мәңгілік елдің мұраты»;
- «Тәуелсіздік архитекторы»;
- «Қазақстандық даму моделі»;
- «Жастарды жігерлендіруші тұлға»;
- «Бейбітшілік пен тұрақтылық кепілі»;
- «Қазіргі заманғы тиімді мемлекет»;
- «Тәуелсіздік табыстары»;
- «Қазақстан – 2040»;
- «Ұлттық код»;
- «Лингваэкологиялық мәселелерді шешу жолдары»;
- «Ұлттық рух – ұлт тамыры»;
- «Адами капитал»;
- «Ұлы Даланың жеті қыры»;
- «Тәуелсіздік – жүзеге асқан арман»;
- «Тіл және тәрбие»;
- «Қазақ жолы»;
- «Ой-тек концепциясы»;
- «Ұлттық стратегема»;
- «Арманымдағы Қазақ елі»;
- «ХХІ ғасыр қазағы»;
- «Ұлт санын көбейту жолдары»;
- «Қазақстан: жаңа әлемдік тәртіп»;
- «Қазақ миссиясы»;
- «Ұлттық идея»;
- «Ұлттық идеология»;
- «Халықаралық аядағы Қазақстан»;
- «Дәулетті Қазақ елі»;
- «Қазақ тілі – халықаралық тіл»;
- «Тиімді қазақ әліпбиі»;
- «Мемлекеттік тіл және саяси иденттілік мәселесі»;
- «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік билік егеменділігін іске асырушы негізгі құрал»;
- «Тәуелсіздіктің тілі және тіл тәуелсіздігі»;
- «Мемлекеттік тіл қайтсе заң тіліне айналады!?»;
- «Мемлекеттік тіл – қайтсе ғылым тілі болады!?»;
- «Мемлекеттік тіл қайтсе ұлтаралық тілге айналады!?»;
- «Мемлекеттік тіл – мемлекеттің негізгі белгілерінің бірі ме!?»;
- «Алдымен экономика, сосын саясат» VS «алдымен Рухани жаңғыру, сосын экономика»: мемлекеттік тәуелсіздік пен тілдің контексінде салыстырмалы талдау жүргізу»;
- «Қалалық кеңістікті қазақ тілінің игеру мәдениеті: жағдайы және даму мәселелері»;
- «Әскер және қорғаныс қауіпсіздігіндегі мемлекеттік тілдің жағдайы мен болашағы»;
- «Кәсіпкерлерлік субъектілері бухгалтерлік есептері мен түрлі салықтық құжаттарын мемлекеттік тілде тапсыруға міндетті ме?!»;
- «Елді мекендер мен географиялық атаулардың тілдік унитаризмі»;
- «500 жылдан кейінгі егеменді Қазақ Елі?!»;
- «Болашақ» бағдарламасы аясында мемлекеттік тілді дамытуға қажетті заманауи мамандықтарды әзірлеудің жай-күйі»;
- «Қазақ тілі және интернет»;
- «Мемлекеттік тілдегі саяси риторика: пәні, технологиясы және мәселелері»;
Қазылар алқасы:
- Қазылар құрамына кәсiби бiлiктi мамандар кiредi.
- Қазылар алқасының шешiмiне сәйкес хаттама толтырылады, шешім өзгертiлмейдi.
Бағалау критерийлері:
- Қазылар алқасы байқауға ұсынылған шығармашылық жұмыстарды бағалауда келесі шарттарды басшылыққа алады:
- тақырыптың ашылуы;
- тақырыптан ауытқымауы;
- эссенің көркемдік деңгейі, өзектілігі, жаңалығы және тартымдылығы;
- ойдың логикалық бірізділігін сақтауы;
- сөз орамдарын орынды қолдануы;
- оқырманға ерекше әсер беру мақсатында көркем тіл құралдарын қолдануы;
- грамматикалық жағынан сауатты жазуы;
- мазмұны, ой тереңдігі;
- жазылу стилі;
- өзіндік көзқарасын білдіруі.
- Қатысушылардың жолдаған шығармалары антиплагиатқа тексерілетін болады.
Өтiнiш беру шарттары:
- Үміткердің өтініші мен эссе 2021 жылғы 10 қыркүйек-15 қазан аралығында қабылданады.
Ұсынылатын құжаттар:
- төлқұжат көшірмесі PDF форматта;
- 20 таңбалы банк счетының анықтамасы PDF форматта;
- үміткердің өмірбаяны, түрлі-түсті фотосуреті 13х18/ электронды нұсқасымен;
- мекенжайы, байланыс телефондары.
- Байқау жүлдегерлері арнайы Дипломдармен, Алғыс хаттармен және жүлде қорымен бекітілген ақшалай сыйлықтармен марапатталады.
Ұйымдастырушы:
Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы
Талдықорған қаласы Жансүгіров к-сі, 36 Б.
Байланыс телефондары: 8(7282) 400162, 8 777 03 03 28
Электронды пошта: damira3254@mail.ru)