Тілдерді дамыту бөлімінің 2021 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша атқарған жұмысы туралы ақпарат

Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңы және Қазақстан Республикасындағы  тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) жүзеге асыруда облыстық іс-шаралар жоспарына сәйкес жүйелі жұмыстар атқарды.

Тілдік жағдайды зерделеу мақсатында облыстық және жергілікті  атқарушы органдардың кіріс-шығыс құжаттарына тоқсан сайын мониторинг жүргізіліп келеді. Нәтижесінде өңірімізде 2021 жылдың 9 айдың қорытындысына сәйкес мемлекеттік тілдің қолданылу көрсеткіші 99,5%-ті құрады.

Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, этнос өкілдерінің арасында қазақ тілін этносаралық қатынас тіліне айналдыру үшін өзінің ана тілімен қатар қазақ тілін жетік меңгеру, оның қолданыс аясын кеңейту, жетік меңгерген азаматтарды үлгі ету, олардың санын көбейту мақсатында облыс аумағында әлеуметтік желілерде (Instagram, Facebook)      2021 жылдың 10 ақпан - 1 наурыз аралығында «Тілге құрмет – елге құрмет» атты челлендж ұйымдастырылды. Челленджге мемлекеттік тілді меңгерген барлығы 274 этнос өкілдері қатысып, белсенділік танытты. Қатысушылар еркін форматта мемлекеттік тілде 3-5 минуттық бейнероликтер әзірлеп, әлеуметтік желілерде кеңінен насихатталды.

Мемлекеттік тіл саясатын бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау мақсатында дәстүрлі түрде өтетін «Мемлекеттік тіл және БАҚ» облыстық байқауының да жеңімпаздары анықталды. Байқау қағидаларына сәйкес қатысушылар үш номинация бойынша, яғни «Үздік мақала», «Үздік телебағдарлама (үздік телесюжет)», «Үздік сайт мақаласы (үздік әлеуметтік желі)» бойынша барлығы 21 өтінім өтінім қабылданды. Нәтижесінде «Үздік мақала» номинациясы бойынша I орынды  аудандық «Алакөл» газетінің жауапты хатшысы А. Есенбеков, «Үздік сайт мақаласы» номинациясы бойынша I орынды Алматы облыстық «Жетісу» газетінің тілшісі  М. Молдағалиева және «Үздік телебағдарлама, үздік телесюжет» номинациясы бойынша I орынды «Жетісу» радиосының жетекешісі Е. Айдабосын иеленіп, республикалық байқауға жолдама алды.

Қазақ тілінің көркемдік ерекшелігін Абай шығармашылығы арқылы қазақтың тілі мен әдебиетіне, мәдениетіне деген ықыласын арттыру мақсатында дәстүрлі түрде өтетін «Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлері» облыстық байқауында 17-35 жас аралығындағы азаматтар бақ сынасты. Байқау шартына сәйкес қатысушылар Абайдың шығармаларынан проза және поэзия жанрлары бойынша үзіндіні жатқа оқып, бейнеролик түсіріп, (16 аудан, қала) 24 үміткер қатысты. Нәтижесінде талдықорғандық А. Алиева I орынға лайық деп танылды.

Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, қазақ тілінің этносаралық қарым-қатынас тілі ретіндегі қызметін нығайту мақсатында ұйымдастырылған «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік символы» байқауына мемлекеттік тілді жетік меңгерген 21-35 жас аралығындағы этнос жастары қатысып, алдын ала                            (3 минуттық) оқу орны немесе жұмыс орны туралы ақпарат, қоғамдық жұмысынан қысқаша көрініс, мемлекеттік тілді дамытуға қосқан үлесі және жетістіктері туралы қысқаметражды фильм ұсынып, ой толғауға онлайн режимінде қатысты. Нәтижесінде Панфилов ауданының тұрғыны                        А. Абдушакиров I орынды еншілеп, республикалық байқауға жолдама алды.

Қазақ поэзиясынан үзінді оқу арқылы жастарды еліне деген сүйіспеншілік, адалдық, әділдік, еңбекқорлық, мейірімділік, ар-намыс сияқты адамгершілік құндылықтарына тәрбиелеу мен қазақ тілінің этносаралық қарым-қатынас тілі ретіндегі қызметін нығайту мақсатында «Мен қазақша сөйлеймін» республикалық акциясы жарияланды. Қағидаға сәйкес өңіріміздің этнос өкілдері ақындар өлеңдерінің біреуін таңдап, мәнерлеп жатқа оқып (ұзақтығы       2 минуттан аспауы тиіс), әлеуметтік желіде #менқазақшасөйлеймін2021 хештегімен кеңінен тарату тиіс болды. Үздіктер әлеуметтік желілердегі қаралым, яғни «лайк», пікір қалдыру саны бойынша анықталады. 5 кезеңнен      (1 кезең 5-8 сыныптың оқушылары арасында, 2 кезең 9-10 сынып оқушылары арасында, 3 кезең ЖОО студенттері арасында, 4 кезең ересек тұрғындар арасында, 5 кезең құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында) тұратын акцияның 1 кезеңі бойынша Алматы облысынан (20 аудан, қала) барлығы         65 үміткер қатысты. Нәтижесінде республика бойынша Қарасай ауданының        7 сынып оқушысы Л. Шарипова Бас жүлдені иеленсе, Қарасай ауданының          7 сынып оқушысы И. Ибрагимова I орынға ие болды. Сонымен қатар облысымыздың 27 этнос өкілі аталған акцияға белсене қатысқаны үшін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитетінің Алғыс хатымен марапатталды.

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне  орай жоспарланған іс-шаралар тізімін орындау бойынша Басқарманың мемлекеттік қызметшілері, Алматы облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының қызметкерлерінің қатысуымен (2021 жылғы 4 маусым күні сағат 11:00) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындау салтанаты өтті. Қазақстан Республикасы Елтаңбасының авторы, белгілі сәулетші Жандарбек Мәлібековтің бейнеқұттықтауы қатысушылар назарына ұсынылды. Жиын соңында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай басқарманың, сонымен бірге облыстың белсенді азаматтарына басқарманың Алғыс хаттары табысталды.

2021 жылдың 23 маусымында терминологиялық жұмыстарды жүйелендіру, қазақ тілінің терминологиялық базасын жетілдірудің алгоритмін жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитетінің ұйымдастыруымен онлайн форматта өткен «Терминологиялық база: тәжірибе және технология» атты республикалық әдістемелік семинарға басқарманың тілдерді дамыту бөлімінің мамандары мен Алматы облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының меңгерушілері қатысып, пікір алмасты.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын ұлықтау, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимн авторларының бірі, көрнекті ақын, жазушы Жұмекен Нәжімеденовтің әдеби мұрасын жастар арасында насихаттау, оның шығармашылығы арқылы адамгершілікке, ұлттық рухқа, отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында Атырау облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен Жұмекен Нәжімеденов атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің «Тәуелсіз Еліме – 30 жыл!» атты республикалық байқауы бойынша 2021 жылдың қыркүйек айында іріктеу кезеңі өтті. Облыс бойынша 18-35 жас аралығындағы 12 үміткер ұсыныс білдіріп, нәтижесінде Талдықорған қаласының № 28 ІТ мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі       М. Аңсат республикалық байқауға жолдама алды.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Қазақстан халқы тілдері мерекесіне арналған «Тіл – тұғыр» атты Тіл фестивалі өтті.

Облыс көлемінде Қазақстан халқы тілдерінің күніне арналған іс-шара жоспарына сәйкес Тіл фестивалі аясында облыс көлемінде аудан, қала әкімдіктері, мемлекеттік мекемелер, қоғамдық ұйым өкілдерінің қатысуымен 820 шара (4-еуі республикалық, 14-і облыстық, 802-сі аудандық, қалалық, ауылдық) ұйымдастырылды.

Тіл фестивалі «Тіл және Тәуелсіздік» қылқалам шеберлерінің республикалық көрме-байқауының ашылуымен басталды. 

Фестивалге республикаға, облысқа танымал мемлекет және қоғам қайраткері, белгілі сәулетші, ҚР Мемлекеттік Елтаңба авторы Жандарбек Мәлібекұлы, қоғам қайраткері, белгілі тіл жанашырлары Асылы Осман, Оразкүл Асанғазы, ф.ғ.д., профессор Ғарифолла Әнес, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры Анар Фазылжанова, Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының атқарушы директоры Ербол Тілешов арнайы шақырылды.

Көрменің лента қию рәсіміне облыстық мәслихат хатшысы                      Ж. Жөргенбаев, ҚР суретшілер одағының төрағасы Ө. Жұбаниязов, мемлекет және қоғам қайраткерлері, белгілі тіл жанашырлары Оразкүл Асанғазы, Асылы Осман қатысты.

Республикамызда тұңғыш рет өткен байқаудың мақсаты – мемлекеттік тіл мәртебесіне ие қазақ тілінің өткенін, бүгінін, келешегін қылқалам шеберлерінің суреттері арқылы насихаттау.

Байқауға республиканың барлық өңірінен 109 үміткер қатысып,              164 шығармашылық туынды жиналды. Қатысушылардың ең үлкені Түркістан облысы Түлкібас ауданының тұрғыны 66 жастағы зейнеткер болса, ең кіші қатысушы Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының 9 жасар мектеп оқушысы. Үміткерлер қатарында Сейсенхан Махамбет, Өсербай Шуранов, Марат Әбдіреев сынды танымал суретшілер, халықаралық, республикалық байқаулардың жеңімпаздары, сонымен қатар өнер мектептерінің оқушылары да болды.

Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Түркістан, Қостанай, Павлодар, Ақтөбе, Алматы  облыстары мен Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларынан келген туындылардың жазу техникасы майлы бояу, акварель, гризаль, шыны, импато және сәндік қолданбалы өнер стиліндегі жұмыстар.

Байқаудың бас жүлдесін Марат Абдреев иеленсе, жүлделі I орынға Ө. Жұбаниязов ие болды. Қалған жеңімпаздар онлайн марапатталып, есімдері мен туындылары интернет ресурстарында жарияланды.

Тіл фестивалі аясында 2021 жылдың 22 қыркүйегінде республикаға, облысқа танымал мемлекет және қоғам қайраткерлері, тіл жанашырларының қатысуымен «Тіл – ең асыл құндылық» атты республикалық дөңгелек үстел өтті.

Жиынға арнайы шақырылған мемлекет және қоғам қайраткері, белгілі сәулетші, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының авторы Жандарбек Мәлібекұлы, қоғам қайраткері, белгілі тіл жанашырлары Асылы Осман, Оразкүл Асанғазы, ф.ғ.д., профессор Ғарифолла Әнес, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры Анар Фазылжанова, Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының атқарушы директоры Ербол Тілешов тіл саясаты мәселесіне қатысты баяндамаларын оқып, өз пікірлерімен бөлісті.

Сонымен қатар өңіріміздің дамуына сүбелі үлес қосып жүрген зиялы қауым, БАҚ өкілдері, аудан, қала әкімдері, әлеуметтік салаға жауапты орынбасарлар, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшылары, тілге жауапты мамандар, тіл оқыту орталығы, филиалдары қызметкерлері онлайн режимде ZOOM платформасы арқылы қатысты (барлығы 130 адам).

Тіл жанашырлары Алматы облысы әкімінің Құрмет грамотасымен, ҚР Білім және ғылым министрлігінің, Тіл саясаты комитетінің, Басқарманың Құрмет грамотасымен марапатталды.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай және Қазақстан халқы тілдері күні аясында рухани құндылықтарды насихаттау, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мақсатында Алматы облысының жоғары оқу орындарының студенттері  мен  колледж студенттерінің арасында «Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік тірегі» атты облыстық пікір-сайыс турнирі ұйымдастырылды.

Американдық-парламенттік форматта өткен турнирге Алматы облысының 3 қала 17 ауданнан жоғарғы оқу орындары мен колледж студенттері арасынан барлығы 46 (шартқа сәйкес әр командада 2 ойыншы) команда қатысып, бақ сынасты (қазақ лигасы - 32 команда, орыс лигасы - 14 команда).

2021 жылғы 22 қыркүйекте ZOOM платформасында ұйымдастырушылар тарапынан ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, 23 қыркүйекте онлайн режимінде төрешілер іріктеу кезеңін өткізді. Нәтижесінде жартылай финалға қазақ лигасынан 4 команда іріктелді.

Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жетілдіру механизмі қарарымен өткен финалдық пікір-сайыс турнирінде командалар жақсы кейс ұсынып, пікірталастың негізгі ережелерін сақтап, жақсы ойын көрсетті. Төрешілердің шешімімен қазақ лигасынан жүлделі I орынды І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің «Tas zharady» командасы иеленсе, орыс лигасынан I орынды Сулейман Демирель атындағы университеттің «Panem» командасы жеңіп алды.

Бата беру дәстүрін дәріптеу, ұлттық салт-дәстүр мен батаның тәрбиелік мәнін насихаттау мақсатында Қазақстан халқы тілдерінің күні қарсаңында облыстық «Батагөй» байқауы өтті. Екі бағытта ұйымдастырылған байқауға облыс бойынша 35 жастан асқан 37 үміткер өтінім білдірді. Байқау ережесіне сәйкес қатысушы үміткер ел арасында кең таралған баталарды немесе өзі жазған батасын нақышына келтіре жатқа айтып бейнеролик дайындап #Батагөй2021 хэштегімен инстаграм әлеуметтік желісіне жариялады. Қазылар алқасы 2021 жылғы 4 қазанда іріктеу турын өткізді. Нәтижесінде «Шебер орындаушы» номинациясына Қ. Сүлейменов, К. Тәлімов, Б. Қауыш, «Үздік батагөй» номинациясына Р. Өтегенов, Б. Атагелдиев және М. Мықышев ие болды. Сонымен қатар белсенділік танытқан қатысушылар Басқарманың ынталандыру сыйлығын иеленді.

Сонымен қатар Тіл фестивалі аясында қазыналы қарттарымыздың, өңірімізді дамытуға сүбелі үлес қосқан зиялы қауым өкілдерінің тәлімін, ғибратты өмірін жастарға үлгі ету, дәстүр сабақтастығын ұрпақтан ұрпаққа аманат етуге арналған «Тіл және тәрбие» тәлім-сабақ, студент жастардың патриоттық сезімін нығайту, шығармашылық әлеуетін, лингвистикалық капиталын дамытуда «Бар бақытым – қасиетті Отаным» облыстық байқауы ұйымдастырылып, «Тіл тазалығын сақтайық» акциясының қорытындысы шығарылмақ.

2021 жылдың 9 айы бойынша мемлекеттік тілді қолдануға және оны насихаттауға  байланысты облыстық және қалалық баспасөз беттерінде жарық көрген мақалалар саны 36. Оның ішінде облыстық «Жетісу» газетінде 10 мақала, облыстық «Огни Алатау» газетінде 5 мақала, «Алатау» қоғамдық-саяси газетінде 16 мақала, қалалық «Талдықорған» газетінде 5 мақала жарық көрді. Сонымен қатар тілдік ахуалға қатысты әлеуметтік желілердегі (Facebook, Instagram) жарияланымдар саны 179.

 

2021 жылдың 9 айы бойынша тыңдаушылар саны - 5170 (оның ішінде 1628 мемлекеттік, 2877 бюджеттік сала қызметкерлері, 665 жеке тұлға). Топ саны - 359. Ұлттық құрамы: 3189 - қазақ, 1981 - этнос өкілдері.

Мемлекеттік тілді оқыту курсына 4097 тіл үйренуші қабылданды. Топ саны - 293 (оның ішінде 1193 мемлекеттік, 2383 бюджеттік сала қызметкерлері, 521 жеке тұлға). Ұлттық құрамы: 2165-і қазақ, 1932-і этнос өкілдері (46 %).

Орыс тілі курсына 105 тыңдаушы қабылданды. Оқытылған топ саны - 7, (оның ішінде мемлекеттік қызметшілер 37, бюджеттік сала қызметкерлері 20, жеке тұлға 48). Ұлттық құрамы бойынша барлығы қазақ.

Ағылшын тілі курсына 968 тыңдаушы қабылданды. Оқытылған топ саны - 71 (оның ішінде 398 мемлекеттік қызметші, 474 бюджеттік сала қызметкерлері және 96 жеке тұлға). Ұлттық құрамы: 919 қазақ, 49 этнос өкілі.

2021 жылдың II жартыжылдығы бойынша қабылданған тыңдаушылар саны  - 1879 (оның ішінде 639-ы мемлекеттік, 959-ы бюджеттік сала қызметкерлері, 281-і жеке тұлға. Ұлттық құрамы: 1254-і қазақ, 625-і этнос өкілдері). 

Бағдарламаның нәтижелі көрсеткіштердің бірі – Қазтест жүйесі арқылы анықталатын мемлекеттік тілді орта және жоғары деңгейде меңгерген мемлекеттік қызметшілер мен мемлекеттік қызмет көрсететін және өзге сала мамандарының үлесін арттыруға бағытталған. Қазтест жүйесі негізінде жалпы тестілеуден өткендер саны 1563 адам (оның ішінде мемлекеттік қызметшілер 627, бюджеттік сала қызметкерлері 829, мемлекеттік емес сала қызметкерлері 29, мемлекеттік қызмет көрсету ұйымдары 78).

Республикалық ҚР Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК қызметкерлерінің қатысуымен кезекті сертификаттық, диагностикалық тестілеуді 2021 жылғы 20-22 қазан аралығында өткізу жоспарланды.

Бағдарлама аясында мемлекеттік тілді оқытудың қалыптасқан әдіснамалық негіздері мен әлемдік тәжірибелерді басшылыққа ала отырып, қазақ тілін деңгейлеп оқытудың әдіснамасын жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитеті Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен «Қазақ тілін үйретудің заманауи әдіснамасы», «Қазақ тілін үйретудің авторлық әдістемесі» тақырыбында онлайн форматта республикалық семинарлар өтті. Аталған семинарларға Алматы облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы мен аудандық, қалалық филиал қызметкерлері мен оқытушылары қатысты.

Алматы облысы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығында жергілікті жердің этнос өкілдеріне арналған қазақ тілін грамматикасыз, жеңіл әрі оңай жолмен, яғни ауызекі сөйлеуді үйрету мақсатында  «Қазақша сөйлейік» клубы құрылды. Этномәдени бірлестіктерден 12 адам клубқа мүше болды. Бұл бағытта  түрлі тақырыпта сөздіктер құрастырылып, сабақ үлгілері әзірленуде.

2021 жылғы 8-10 қыркүйек аралығы Славян жазбалары күндерін мерекелеу шеңберінде «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы және оның аудандық, қалалық филиалдарының ұйымдастыруымен жоспарлы шаралар өткізілді (ашық сабақ, танымдық сабақ, дикант, эссе байқауы, семинарлар, пікір алмасу). Аталған шараларға барлығы 200 жуық тыңдаушы онлайн форматта қатысты.

Дата публикации
13 октября 2021