2021 жылдың 9 айы бойынша тыңдаушылар саны - 5170 (оның ішінде 1628 мемлекеттік, 2877 бюджеттік сала қызметкерлері, 665 жеке тұлға). Топ саны - 359. Ұлттық құрамы: 3189 - қазақ, 1981 - этнос өкілдері.
Мемлекеттік тілді оқыту курсына 4097 тіл үйренуші қабылданды. Топ саны - 293 (оның ішінде 1193 мемлекеттік, 2383 бюджеттік сала қызметкерлері, 521 жеке тұлға). Ұлттық құрамы: 2165-і қазақ, 1932-і этнос өкілдері (46 %).
Орыс тілі курсына 105 тыңдаушы қабылданды. Оқытылған топ саны - 7, (оның ішінде мемлекеттік қызметшілер 37, бюджеттік сала қызметкерлері 20, жеке тұлға 48). Ұлттық құрамы бойынша барлығы қазақ.
Ағылшын тілі курсына 968 тыңдаушы қабылданды. Оқытылған топ саны - 71 (оның ішінде 398 мемлекеттік қызметші, 474 бюджеттік сала қызметкерлері және 96 жеке тұлға). Ұлттық құрамы: 919 қазақ, 49 этнос өкілі.
2021 жылдың II жартыжылдығы бойынша қабылданған тыңдаушылар саны - 1879 (оның ішінде 639-ы мемлекеттік, 959-ы бюджеттік сала қызметкерлері, 281-і жеке тұлға. Ұлттық құрамы: 1254-і қазақ, 625-і этнос өкілдері).
Бағдарламаның нәтижелі көрсеткіштердің бірі – Қазтест жүйесі арқылы анықталатын мемлекеттік тілді орта және жоғары деңгейде меңгерген мемлекеттік қызметшілер мен мемлекеттік қызмет көрсететін және өзге сала мамандарының үлесін арттыруға бағытталған. Қазтест жүйесі негізінде жалпы тестілеуден өткендер саны 1563 адам (оның ішінде мемлекеттік қызметшілер 627, бюджеттік сала қызметкерлері 829, мемлекеттік емес сала қызметкерлері 29, мемлекеттік қызмет көрсету ұйымдары 78).
Республикалық ҚР Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК қызметкерлерінің қатысуымен кезекті сертификаттық, диагностикалық тестілеуді 2021 жылғы 20-22 қазан аралығында өткізу жоспарланды.
Бағдарлама аясында мемлекеттік тілді оқытудың қалыптасқан әдіснамалық негіздері мен әлемдік тәжірибелерді басшылыққа ала отырып, қазақ тілін деңгейлеп оқытудың әдіснамасын жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитеті Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен «Қазақ тілін үйретудің заманауи әдіснамасы», «Қазақ тілін үйретудің авторлық әдістемесі» тақырыбында онлайн форматта республикалық семинарлар өтті. Аталған семинарларға Алматы облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы мен аудандық, қалалық филиал қызметкерлері мен оқытушылары қатысты.
Алматы облысы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығында жергілікті жердің этнос өкілдеріне арналған қазақ тілін грамматикасыз, жеңіл әрі оңай жолмен, яғни ауызекі сөйлеуді үйрету мақсатында «Қазақша сөйлейік» клубы құрылды. Этномәдени бірлестіктерден 12 адам клубқа мүше болды. Бұл бағытта түрлі тақырыпта сөздіктер құрастырылып, сабақ үлгілері әзірленуде.
2021 жылғы 8-10 қыркүйек аралығы Славян жазбалары күндерін мерекелеу шеңберінде «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы және оның аудандық, қалалық филиалдарының ұйымдастыруымен жоспарлы шаралар өткізілді (ашық сабақ, танымдық сабақ, дикант, эссе байқауы, семинарлар, пікір алмасу). Аталған шараларға барлығы 200 жуық тыңдаушы онлайн форматта қатысты.