2018 жылдың ІІ тоқсанына ақпарат

Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы ҚР Заңы және Тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасын орындауда  2018 жылдың  ІІ тоқсанында бірқатар жүйелі  жұмыстар атқарды.

Тоқсан сайын тілдік жағдайды зерделеу мақсатында облыстық және жергілікті  атқарушы органдардың кіріс-шығыс құжаттарына мониторинг жасалып отырады. Өңірімізде мемлекеттік тілдің қолданылу көрсеткіші 99,5 пайызды құрады.

Ағымдағы жылдың ІІ тоқсанының қорытындысы бойынша, мемлекеттік Қазтестен өткендердің саны 11 776 адамды құрады. Оның ішінде сертификат – 346, республикалық  тест – 2028, жергілікті жерде тест тапсырғандардың саны – 9392 адам. (І тоқсанында мемлекеттік тілді оқыту курсына – 674 тіл үйренуші, орыс тілі курсына – 36, ағылшын тілі курсына – 283 тыңдаушы қабылданды. Барлығы – 993 адам).

Өткізілген іс шаралар туралы

Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында облысымызда 23-24 сәуір аралығында тұңғыш рет «Жетісу көктемі» атты жас әдебиетшілердің форумы өтті. Екі күнге созылған «Жетісу көктемі» облыстық форумы аясында жас қаламгерлер Қарасай ауданындағы Елбасының «Атамекен» тарихи-мәдени орталығын, «Батыр бабалар» мемориалы мен «Анаға құрмет» музейін, Кербұлақ ауданында Шоқан Уәлихановтың мемориалдық музейін аралады. Мұнан кейін қонақтармен Талдықорған қаласындағы Қаратал өзенінің жағалауында поэзия кешін өткізіп, Сүйінбай  Аронұлы мен Мұқағали Мақатаевтың ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойды. Сондай-ақ облыс орталығындағы Тіл сарайында әдебиеттің сан салалы тақырыптарын талқылаған секциялық жұмыстар ұйымдастырылды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының жарық көргеніне 1 жыл толуына орай өткізілген әдеби шара аясында «Мәңгілік елдің мұраты» атты облыстық байқаудың жеңімпаздары марапатталып, үздік шығарма авторларына «Ақ қауырсын» әдеби жүлдесі тапсырылды. Арнайы жүлдеге поэзия жанры бойынша С. Намазшамова («Атамыз – Алтай, анамыз – дала»), проза бойынша Қ.Әбілқайыр («Құйын») лайық деп танылды. Сондай-ақ, осы күні «Рух» байқауының қорытындысы бойынша жарыққа шыққан кітаптардың тұсауы кесіліп, Жазушылар одағына мүшелікке қабылданған  бір топ жас қаламгерге куәлік табыс етілді. Куәлік алғандардың  қатарында Алматы облысының үш бірдей тумасы да бар. Олар: Қ.Мұхаметқали, Е.Айдабосын, Ж.Немеребаев.

Сондай-ақ, айтар ойын екі ауыз сөзбен жеткізіп, ұрпағына тәлім-тәрбие, өнеге берер ауыз әдебиеттің асыл мұрасы мақал болғандықтан Елбасы Н. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламалық мақаласына орай рухани құндылықтарды дәріптеу, ұрпаққа үлгі ету әрі мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту мақсатында 14-17 жас аралығындағы мектеп оқушылары арасында «Мақал-сөздің мәйегі» тақырыбында байқау өткізілді. Басты міндеті жастарды қазақ тілін құрметтеуге тәрбиелеу, ана тілінде сөйлеу шеберлігін арттыру болған байқауда 19 оқушы бақ сынады. 6 кезеңнен құралған сайыстың нәтижесінде Бас жүлдені Қарасай ауданының қатысушысы С. Абдрахман жеңіп алды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 2017 жылдың шілде айында бастау алған «Жетісу – кітапқұмарлар өлкесі» Буккроссинг жобасы аудан, қалаларда  қолға алынып, салтанатты түрде ашылды. Нәтижесінде Қапшағай, Ақсу, Балқаш, Талғар, Жамбыл аудандарында халыққа қолжетімді кітап сөрелері қойылды.

Өткен жылдың күзінде «Жетісу жыр керуені» атауымен көпшілікке жол тартқан Челлендж жобасы жалғасын тауып, интернет қолданушыларының қызығушылығын арттыруда.

Басқарма тарапынан  қазақ әліпбиін латын графикасына көшіруге байланысты түсіндіру жұмыстары жүйелі жүргізілуде. Соның негізінде Талдықорған қалалық Медициналық колледжінде «Латын әліпбиі: алдағы міндеттер» тақырыбында семинар-кеңес ұйымдастырылып, жиында А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының ғалымдары З. Базарбаева, Д. Пашан, Ж. Жұмабаева мен колледж оқытушылары, студент жастар өзара пікір алмасты.  Аталмыш білім ордасында бас қосқан тіл жанашырлары қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшірудің маңыздылығы мен өміршеңдігіне тоқталды.

Халықты латын графикасына негізделген  жаңа қазақ әліпбиінде жазуға, оқуға машықтандыру, латын қарпінде таңбалауға бейімдеу мақсатында «Арман қала – Астана» атты  латын графикасына негізделген жаңа қазақ графикасында эссе жазу байқауы Астананың 20 жылдығы қарсаңында өтті. Байқау нәтижесі бойынша Бас жүлдені №12 мектептің ұстазы Г.Тілеуханова иеленді.

Сонымен қатар, Елорданың 20 жылдығына орай политехникалық колледжде өткен «Әлем таныған Астана» тақырыбындағы семинарда облысымыздың зиялы қауым өкілдері бас қосты. Жиында түрлі ірі бастамаларға негіз болып жүрген қазақ елінің Бас қаласының бүгіні мен ертеңі жайында сөз қозғалды.

Облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастырумен Елорданың 20 жылдық мерейтойына орай «Мерейлі менің – Астанам» тақырыбында апталық өтті. Апталық аясында «Астана – шетелдіктердің көзқарасымен» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылып, жиында шетел азаматтарының  ағылышын тілінде арнайы дайындаған бейне сұрақтарына курс тыңдаушылары мен шара қонақтары жауап берді. Шара бастан-аяқ тек ағылшын тілінде жүргізілді. «Ертегідей Елорда» айдарымен өткен бүлдіршіндердің сурет көрмесі және «Астананы асқақтатқан 20 жыл» латын графикасында диктант жазу байқауы да аталмыш апталық аясында жүзеге асырылды.

Сондай-ақ, Елбасының көшелі бастамасы мен кемеңгер саясатының нәтижесінде бас көтерген Бас қаланың 20 жылдығына орай облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы қызметшілерінің қатысуымен арнайы «Айбыны асқақтаған – Астана» флешмобы ұйымдастырылды.

Облыстық «Жетісу» және «Огни Алатау» газеттерінің 100 жылдық мерейтойына орай журналистер арасында «Тәуелсіздік шырағданы» атты публицистикалық шығармалар байқауы өтті. Байқаудың қорытындысы бойынша «Егемен Қазақстан» газетінің меншікті тілшісі Қ. Мұхаметқали Бас жүлде иегері атанды.

Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдық мерейтойы қарсаңында «Мағжан оқулары» байқауы ұйымдастырылды. Сайысқа 17 мен 25 жас аралығындағы жетісулық жастар белсене қатысты. Поэзия мен проза бойынша сынға түскен жастардың арасынан Ескелді ауданының қатысушысы Д. Мұқият Бас жүлдені алды.

Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес және Мемлекеттік қызмет органдарының 20 жылдық мерейтойына орай «Тіл шебері-2018» байқауы өткізілді. Басты мақсаты қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген мемлекеттік қызметшілерді анықтау әрі қолдау болып табылған додада Бас жүлдені  Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің бас маманы  Д.Қалдығожин иеленді.

«Үздік оқытушы» байқауында өңіріміздің аудан, қалаларынан келген оқытушылар бақ сынады. Олар ұйымдастырылған үш кезеңде өздерінің оқыту шеберліктері мен кәсіби біліктіліктерін көрсетті. Нәтижесінде Қапшағай қаласының намысын қорғаған Г. Дусанбаева жеңімпаз деп танылды.

Байланыс және ақпарат күніне орай мемлекеттік тіл саясатын  бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттап, тілдің мәртебесін көтеріп, қолданылу аясын кеңейтуге үлес қосып жүрген журналистер «Мемлекеттік тіл және БАҚ» байқауында сынға түсті. Төртінші билік иелерінің ішінен ең үздік деп Т. Мыңжасардың («Хабар» агенттігі), Х. Еспанның («Огни Алатау» газеті) және М. Тоқтасынның («Жетісу» телеарнасы) авторлық материалдары танылды.

Қазақстан Республикасында  тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында белгіленген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында «Ономастика және көрнекі ақпарат мәселелері» атты семинар-кеңес болып өтті. Жиынға А. Байтұрсынұлы атындағы институттың ғалымдары, аудандық, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшылары мен салаға жауапты мамандары қатысты. Басқосуда облысымыздың ономастикалық ахуалы кеңінен талқыланды.

 
Дата публикации
02 июля 2018