План работы отдела ономастической работы и анализа Управления по развитию языков Алматинской области на 2020 год

р/с

Атқарылатын

іс-шаралар

Орындау мерзімі

Жауапты орындаушылар

 

Басқарманың қызметіне қатысты Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын, облыс әкімінің қаулысын, шешімдері мен өкімдерін іске асыру

үнемі

Бөлім қызметкерлері

 

Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауын халық арасында кеңінен түсіндіру мақсатында жұмыс жүргізу

кестеге сәйкес

Бөлім қызметкерлері

 

Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың                                    2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қорытынды ақпарат әзірлеу, Тіл саясаты комитетімен тығыз байланыс орнату

тұрақты

Бөлім қызметкерлері

 

Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың                                   2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс шаралар жоспарының орындалуын бақылау

үнемі

Бөлім қызметкерлері

 

Облыста тіл туралы заңнамалар мен Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орындалу барысына зерделеу жүргізу, мониторинг жасау

(2020 жылдың зерделеу жоспарына сәйкес)

І

жартыжылдық

Бөлім қызметкерлері

 

Облыста тіл туралы заңнамалар мен Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орындалуына мемлекеттік бақылау жасау, тексеру жұмыстарын жүргізу

(2020 жылдың тексеру жоспарына сәйкес)

ІІ

жартыжылдық

Бөлім қызметкерлері

 

Облыстағы ономастикалық ахуалға сараптама жасау

тұрақты

Бөлім қызметкерлері

 

Атқарылған жұмыстар бойынша қорытынды жиын өткізу, алдағы міндеттерді  жоспарлау, қорытынды есеп дайындау

І, ІІ жартыжылдық

Бөлім қызметкерлері

 

Ономастикалық жұмыстарды тиімді жүргізу мақсатында жергілікті жерлерде семинар – кеңестер өткізу

қажеттілігіне қарай

Бөлім қызметкерлері

 

Облыстық ономастика комиссиясының отырысын өткізу (2020 жылдың жұмыс жоспарына сәйкес)

тоқсан сайын

Бөлім қызметкерлері

 

Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру және оларды қайта атау туралы келіп түскен ұсыныстар мен құжаттарды қарап, ономастика комиссиясының отырысына әзірлеу

үнемі

Бөлім қызметкерлері

 

Республикалық ономастикалық комиссияның оң қорытындысы берілген объектілер бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасын әзірлеу, тиісті министрліктермен келісу, ҚР Үкіметінің Кеңсесіне өткізу

қаңтар-ақпан

Бөлім қызметкерлері

 

«Атамекен» кәсіпкерлік палатасымен бірлесе отырып, басқарма тарапынан сыртқы жарнама мен көрнекі ақпарат, әсіресе тауарлық жапсырмалар (этикеткалар) мәтіндерінің қатесіз сауатты жазылуын бақылау негізінде шағын және орта бизнес өкілдері және жарнама агенттіктерімен тиісті жұмыстар жүргізу үшін тегін консультациялық, әдістемелік көмек көрсету, түсіндіру жұмыстарын жүргізу

үнемі

Бөлім қызметкерлері

 

Жеке кәсіпкерлерден және жарнама агенттіктерінен келіп түскен көрнекі ақпарат пен жарнамалардың мемлекеттік тілдегі мәтінін қарап, келісу жүргізу

үнемі

Бөлім қызметкерлері

 

Облыс аумағындағы көрнекі ақпараттардың, жарнамалардың, маңдайша жазуларының т.б. көрнекіліктердің мемлекеттік тілде жазылып, ресімделуін бақылау, рейдтер ұйымдастыру

тұрақты

Бөлім қызметкерлері

 

«Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесі бойынша жұмыс жүргізу

үнемі

Д. Кожухова

 

Аудандық, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің жұмыс жоспарын жинақтау, орындалуын бақылау

үнемі

Бөлім қызметкерлері

 

Облыс бойынша ісқағаздарының мемлекеттік тілде жүргізілуіне сараптама және мониторинг жүргізу

тоқсан сайын

Д. Кожухова

 

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетіне облыс бойынша құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлесі туралы мәлімет ұсынып отыру

тоқсан сайын

Д. Кожухова

 

Құжат айналымның (ЛОТОС, МОИП, Е-қызмет) дұрыс жүргізілуін қамтамасыз ету

тұрақты

Д. Кожухова

Г. Әбіләжімова

 

Басқармаға келіп түскен өтініштерді, хат-хабарларды қарап, бақылаудағы хаттардың мерзімінде орындалуын қамтамасыз ету

үнемі

Басқарма бөлімдері

 

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібін реттейтін құжаттармен қызметшілерді ұдайы таныстырып отыру, тиісті мемлекеттік органдардың қатысуымен семинар-кеңес жұмысын өткізу

үнемі

Д. Кожухова

 

«Жетісу-адалдық алаңы» жобасымен жұмыс жүргізу

тұрақты

Г. Әбіләжімова

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Алматы облысы бойынша департаменті өкілдерінің қатысуымен қызметшілерге мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін түсіндіру жөнінде семинар өткізу

маусым

Бөлім қызметкерлері

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы ережелері) нормаларының мемлекеттік қызметшілер тарапынан сақталуын қамтамасыз ету

тұрақты

Г. Әбіләжімова

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы жұмыс жоспарын құру, сайтқа орналастыру

қаңтар

Г. Әбіләжімова

 

«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Ашық Үкімет интранет-порталындағы «Ашық НҚА», «Ашық деректер», құжаттар кітапханасы бөлімдері бойынша тиісті ақпараттардың уақытылы енгізілуін қамтамасыз ету

тұрақты

Бөлім қызметкерлері

 

Басқарма мен «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының жұмысына ішкі талдау жүргізу

қыркүйек

Г. Әбіләжімова

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Алматы облысы бойынша департаментіне, облыс әкімдігінің бірыңғай персоналды басқару бөліміне кадр мәселелері бойынша апталық, айлық, тоқсандық, жылдық есептер мен ақпараттарды дайындап, белгіленген мерзімде тапсыру

тұрақты

Г. Әбіләжімова

 

Талдықорған қаласы бойынша біріккен қорғаныс істері жөніндегі  басқармасына қызметкерлердің саны және броньдалған әскери міндеттілер туралы есептерді тапсыру

бекітілген кестеге сай

Г. Әбіләжімова

 

Басқарма жанынан құрылған комиссиялар құрамын пысықтау, қажеттілігіне қарай қайта құру, бұйрықтарын рәсімдеу

қаңтар-ақпан

Г. Әбіләжімова

 

Штаттан тыс кіші техникалық қызметкерлердің жеке еңбек шарттарын ұзарту, сапалық құрамын қарап, өзгерген мәліметтермен толықтыру, тізімін дайындау, еңбек өтілдерін анықтау

қаңтар

Г. Әбіләжімова

 

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге арналған қайта даярлау, біліктілігін арттыру курстары бойынша жоспар дайындау, бекітілген кестеге сәйкес қызметкерлердің курстардан өтуін қамтамасыз ету

кестеге сәйкес

Г. Әбіләжімова

 

Архивтік құжаттарды жинақтау, ретке келтіру жұмыстарын ұйымдастыру

қаңтар

Г. Әбіләжімова

 

«Абай мұрасы – халық ұлағаты» дөңгелек үстел

ақпан

Г. Әбіләжімова

 

«Анамның тілі – аяулы үні» облыстық байқау

наурыз

Д. Кожухова

 

Абай  атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің облыстық байқауы

мамыр

Г. Әбіләжімова

 

«Ономастика саласын дамыту – елдік мұратымыз» республикалық конференция

мамыр

Е. Ақшабаев

 

«Тілі мықтының – елі мықты» атты дөңгелек үстел

мамыр

Д. Кожухова

 

«Ұлттық ономастика – ел айнасы» облыстық байқауы

маусым

Д. Кожухова

 

«Алматы облысында тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының І жартыжылдықта орындалуы: ІІ жартыжылдыққа арналған міндеттер» облыстық жиын

маусым

Бөлім қызметкерлері

 

«Ономастика мәселелерін оңтайландыру жолдары» семинар-тренинг

маусым-тамыз

Е. Ақшабаев

 

«Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» дөңгелек үстел

шілде

А. Арслан

 

«Ең сауатты жарнама» облыстық байқау

тамыз

Г. Әбіләжімова

 

«Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік символы» облыстық байқау

қазан

А. Арслан

 

«Ономастикалық кеңістікті латынграфикалы әліпби негізінде реттеу» әдістемелік семинар-кеңес

қазан

Е. Ақшабаев

 

Өңірлік коммуникация орталығының брифинг алаңына қатысу

жылына 2 рет

Бөлім қызметкерлері

 

Басқарманың ресми сайтының жұмыстарын ұйымдастыру, қажетті материалдардың жаңартылуын және өткізілген шаралар туралы ақпараттардың мерзімінде орналастыруын қамтамасыз ету

тұрақты

Бөлім қызметкерлері

 

Бұқаралық ақпарат құралдарында ономастика мәселесіне байланысты материалдар жариялап отыру

тұрақты

Бөлім қызметкерлері

 

Шаралардың әлеуметтік желілерде насихатталуын ұйымдастыру

тұрақты

Бөлім қызметкерлері

 

Бөлім басшысы                                                                                     Е. Ақшабаев

Дата публикации
06 января 2020