«Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік тірегі» атты облыстық пікір-сайыс турнирінің ЕРЕЖЕСІ

  1. Жалпы ережелер

1.1. Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Алматы облысының Жастар мәселелері басқармасымен бірлесе Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай және Қазақстан халқы тілдері күні аясында рухани құндылықтарды насихаттау, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында Алматы облысының жоғары оқу орындарының студенттері  мен  колледж студенттерінің арасында «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік тірегі» атты облыстық пікір-сайыс турнирін жариялайды.

  1. Турнирді ұйымдастыру тәртібі

  2.1. Турнирді ұйымдастырушысы - Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы, Жастар мәселелері басқармасы.

 2.2. Байқауды өткізу туралы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және Басқармалардың интернет-ресурсына (https://www/gov/kz/memleket/entities/zhetysu-til?lang=kk, Facebook, Instagram) орналастырылады.

  1. Турнирдің талаптары мен шарттары

3.1. Турнирге Алматы облысының 3 қала 17 ауданнан жоғарғы оқу орындарымен колледж студенттері (қазақ тілді 1 команда, орыс тілді 1 команда)  қатысады.

3.2. Пікір-сайыс турнирі АПФ (Американдық - парламенттік форматы) бойынша өтеді.

3.3. Әр топта - 2 ойыншы болуы шарт.

3.4. Өтінімнің электрондық нұсқасы (қосымшаға сәйкес нысан бойынша) 2021 жылғы 20 қыркүйекке дейін қабылданады.

  1. Турнирдің төрешілер алқасы

4.1. Турнирді өткізу үшін төрешілер алқасы құрылады. Төрешілер алқасының құрамын бекіту, олардың жұмыс регламентін турнирдің ұйымдастырушылары бекітеді.

  1. Турнирдің қарарлары
  1. Бұл палата Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жетілдіру механизмін ұсынады (финал тақырыбы);
  2. Бұл палата «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының тиімді орындалуының тетіктерін ұсынады (жартылай финал тақырыбы);
  3. Бұл палата латын реформасын тиімді іске асыру моделін ұсынады;
  4. Бұл палата деректемелер мен көрнекі ақпараттарды реттеу тетіктерін ұсынады;
  5. Бұл палата ұлттық терминологияны біріздендіру механизмін ұсынады.
  1. Турнирдің қорытындысы

6.1. Турнир жеңімпаздары төрешілердің шешіміне сәйкес І, ІІ, ІІІ орындармен, «Үздік спикер», «Үздік сөз шебері» номинациялары бойынша және қатысқан командалар алғыс хатпен марапатталады.

Жүлде қоры:

Ұйымдастырушылар тарапынан ынталандыру мақсатында жүлделі орындарға түрлі деңгейдегі Диплом, қаржылай сыйлық қарастырылған:

І орын – 100 000 теңге

ІІ орын – 80 000 теңге

ІІІ орын – 50 000 теңге

Ынталандыру сыйлықтары – 30 000 теңге

 «Үздік спикер» номинациясы – 30 000 теңге

«Сөз шебері» номинациясы – 30 000 теңге

  1. Өткізілетін уақыты мен орны

7.1. 2021 жылғы 22 қыркүйек күні ZOOM платформасында ақпараттық түсіндіру жұмыстар өтеді.

7.2. 2021 жылғы 23 қыркүйек күні ZOOM платформасында іріктеу кезеңі өтеді.

7.3. 2021 жылғы 28 қыркүйек күні «Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ-сі (Талдықорған қаласы, 7 ықшам ауданы, Қонаев көшесі № 47) оффлайн форматта жартылай финал, финал, марапаттау рәсімі өтеді.

Қосымша ақпарат

Өтінім org-otdel2014@mail.ru поштасына жолдану тиіс.

Алматы облысы бойынша пікір-сайыс координаторы 

Валиханов Дамир Канатханович ұялы телефон нөмірі – 8 775 928 2773

Өтінім үлгісі

Р/н

Тегі,

аты-жөні

Оқу орны

Команда атауы

Жаттықтырушының аты-жөні (толық), байланыс телефондары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
24 августа 2021