Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы және Қазақстан Республикасы Суретшілер одағы Алматы облыстық филиалымен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тіл және Тәуелсіздік» атты республикалық көрме-байқаудың ЕРЕЖЕСI

Байқаудың негiзгi мақсаты мен міндеттері:

Суретшілер көзімен бейнелеу өнері арқылы мәдениетіміз бен руханиятымыздың маңызын өскелең ұрпақтың бойына сіңіру, қазақстандық патриотизмді, тілге, елге, жерге деген сүйіспеншіліктерін қалыптастыру.

Қылқалам шеберлерінің «Тіл және Тәуелсіздік» тақырыбына арналған шығармаларын өнерсүйер қауымға насихаттау, кәсіпқой суретшілердің туындыларынан жинақталған көрме ұйымдастыру.

Мемлекеттік тіл мәртебесіне ие қазақ тілінің өткенін, бүгінін, келешегін суреттеу.

Еліміз Тәуелсіздік алғалы бері жүргізіліп келе жатқан тіл саясатының арқасында тіл туралы оңды көзқарас қалыптасқандығын көркем туындыға арқау ету.

Басты талаптары мен негiзгi шарттары:

  1. Байқауға барлық кәсіби суретшілер қатыса алады.
  2. Әр қатысушы бірнеше туынды ұсына алады:
  • багетімен безендірілген;
  • туынды көлемі 60х80см-дан кем болмауы тиіс.
  1. Туынды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында «Тіл және Тәуелсіздік» тақырыбына арналуы тиіс (графика, майлы бояу, су бояуы (акварель), гуашь, акрил).
  2. Әр үмiткердiң шеберлiгi ескеріледі.
  3. Байқауға ұсынылған жұмыстардың ішінен жүлделі орынды иеленген туындылар кері қайтарылмайды. Шығармашылық туындылар тарихи-мәдени мұра ретінде Басқарманың қорында сақталып, көрмеге қойылып, халық назарына ұсынылады. Көрмеге қатысқан әр автордың шығармашылық туындылары кітап-альбом каталогқа енгізіледі.

Қазылар алқасы:

  1. Қазылар құрамына кәсiби бiлiктi мамандар кiредi.
  2. Қазылар алқасының шешiмiне сәйкес хаттама толтырылады, шешім  өзгертiлмейдi.

Жүлде қоры:

Ұйымдастырушылар тарапынан ынталандыру мақсатында жүлделі орындарға түрлі деңгейдегі Диплом, қаржылай сыйлық қарастырылған:

Бас жүлде – 500 000 теңге

І орын – 400 000 теңге

ІІ орын – 300 000 теңге

ІІІ орын – 250 000 теңге

Арнайы сыйлық – 100 000 теңге

 Ынталандыру сыйлықтары – 80 000 теңге

Қазылар алқасының шешімімен жүлде қоры бірнеше қатысушыға бөлінуі мүмкін.

Өтiнiш беру шарттары:

8. Үміткердің өтініші мен туындылары 2021 жылдың 10-тамызы мен 8-қыркүйек аралығында қабылданады.

Ұсынылатын құжаттар:

  • заңды түрде расталған төлқұжатының көшірмесі;
  • 20 таңбалы банк счетының көшірмесі;
  • үміткердің өмірбаяны, түрлі-түсті фотосуреті (жоғары сапалы) 13х18 /электронды нұсқасымен/;
  • мекенжайы, байланыс телефондары;
  • үміткердің көрмеге қойылатын туындыларының (жоғары сапалы) 13х18 көлемдегі түрлі-түсті фотосуреттері /электронды нұсқасымен.
  1. Ұсынылған шығармашылық туындының сипаттамасы.
  2. Ұсынылатын туындыны ережеде көрсетілген мекенжайға жеткізу, қайтарып алу шаралы қатысушылар тарапынан жүргізіледі.
  3. 2021 жылдың 8-10 қыркүйек аралығында іріктеу жұмыстары жүргізіледі;
  4. 2021 жылғы Қазақстан халқы тілдері күні қарсаңында байқау қорытындысы негізінде көрме ұйымдастырылып, жеңімпаздар марапатталатын болады.

Ұйымдастырушы: «Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі  басқармасы» мемлекеттік мекемесі.

Байқауға туындыларды 2021 жылдың 10 тамыз-8 қыркүйек аралығында төменде көрсетілген мекенжайға кешіктірілмей жіберілуі қажет. Соңғы қабылдау күні 2021 жылғы 8-қыркүйек.

Талдықорған қаласы Тіл сарайы Жансүгіров көшесі, 36 «Б»

Байланыс телефондары: 8(7282) 400161, 400162, 87012222153.

Электронды пошта:onomastika_obltildamytu@bk.ru 

Дата публикации
16 августа 2021