«Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік символы» облыстық байқауын өткізу ережесі

  1. Байқаудың мақсаты

1.1. «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік символы» облыстық байқауын (бұдан әрі – Байқау) өткізу мақсаты: мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, қазақ тілінің этносаралық қарым-қатынас тілі ретіндегі қызметін нығайту, мемлекеттік тілді меңгерген белсенді өзге ұлт жастарын ынталандыру.

  1. Байқауды ұйымдастыру тәртібі

2.1. Байқаудың ұйымдастырушысы  Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы  ММ болып табылады.

2.2. Байқауды өткізу туралы хабарландыру басқарманың ресми интернет-ресурсында және әлеуметтік желілерде жарияланады.

  1. Байқауға қатысу тәртібі

3.1. Байқауға облысымыздағы 17 аудан және 3 қала бойынша алдын-ала  іріктеуден өткен, мемлекеттік тілді жетік меңгерген 21-35 жас аралығындағы этнос жастары қатыса алады.

3.2. Байқауға қатысу үшін үміткер алдын ала 3 минуттық қысқа метражды фильм ұсынуы тиіс. Фильмде үміткердің мемлекеттік тілді дамытуға қосып жүрген үлесі, қоғамдағы белсенді рөлі кеңінен ашылып көрсетілуі тиіс.

3.3. Байқау 2 кезеңнен тұрады.

Бірінші кезеңде қазылар алқасы аудан, қалалардан іріктеу турынан өткен, байқауға қатысушылардың өтінімі бойынша түскен бейнематериалдарды бағалайды.

Екінші кезең.  Байқау онлайн режимде өткізіледі. Қатысушылар берілген тақырыпта ой толғайды (3 минут) және мақалдың мазмұнын ашады (2 минут). Өтетін уақыты қосмымша хабарланады.

3.4. Байқау жеңімпаздарына диплом, алғыс хат, ұйымдастырушылармен бекітілген жүлде қорының көлеміндегі сыйлықтар табысталады.  

  1. Қорытынды ережелер

4.1. Байқауға қатысушылардың жұмысын бағалау және жеңімпаздарды анықтау үшін тіл мен әдебиет салаларының білікті мамандары, ғалымдар, зиялы қауым өкілдерінен   тұратын қазылар алқасы құрылады.

4.2. Байқауға қатысу туралы өтінім 2021 жылғы 20 мамырға дейін қабылданады (қосымшаға сәйкес).

4.3. Ұсынылған бейнематериалдар «Tilalemi.kz» порталындағы «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік символы» айдарына және әлеуметтік желілерге (фейсбук, инстаграмм) орналастырылады.

4.4. Белгіленген мерзімнен кешіктіріліп ұсынылған өтінімдер қабылданбайды.

4.5. Байқауға қатысуға ұсынылған құжаттар қайтарылмайды.

4.6. Байқау материалдарын aotil5@mail.ru   @ g.ablashimova@zhetysu.gov.kz электронды поштасына жолдау қажет. Байланыс телефондары: 8 (7282) 401049, 400167, 8(777) 838 19 36.

«Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік символы»

облыстық байқауын өткізу

жөніндегі ережеге қосымша

«Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік символы» облыстық

байқауға қатысу үшін өтінім

 

  1. Т.А.Ә. _______________________________________________________
  2. Жасы ________________________________________________________
  3. Жынысы ____________________________________________________
  4. Білімі________________________________________________________
  5. Оқу немесе жұмыс орны _________________________________________
  6. Мекенжайы___________________________________________________
  7. Байланыс телефондары_________________________________________

Қолы

Күні

Бейнематериалмен бірге ұсынылатын қосымша құжаттар:

-  түйіндеме;

- жетістіктерін растайтын құжаттар (мақтау қағаздарының, дипломдардың, сертификаттардың, баспа, телевизиялық және электронды БАҚ-тағы мақалаларының көшірмелері және т.б.);

- 3х4 фотосурет;

- жеке куәліктің көшірмесі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
03 мая 2021