«Мен қазақша сөйлеймін» акциясы

1. Акцияның мақсаты:
- қазақ поэзиясынан үзінді оқу арқылы жастарды еліне деген сүйіспеншілік, адалдық, әділдік, еңбекқорлық, мейірімділік, ар-намыс сияқты адамгершілік құндылықтарына тәрбиелеу;
- қазақ тілінің этносаралық қарым-қатынас тілі ретіндегі қызметін нығайту;
- қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту.
2. Акцияға қатысатын үміткер акция талабы бойынша берілген ақындар өлеңдерінің біреуін таңдап, мәнерлеп жатқа оқып (ұзақтығы 2 минуттан аспауы тиіс), әлеуметтік желіде #менқазақшасөйлеймін2021 хештегімен кеңінен таратуы тиіс. Жарияланымда жыр оқыған тұлғаның аты-жөні, тегі, ұлты, оқу немесе жұмыс орны, ұсынып отырған аудан немесе қала атауы міндетті түрде нақты көрсетілуі қажет.
3. Байқауға облыстың этнос өкілдері қатысады.
Акцияның талаптары
Акция 5 кезеңнен тұрады:
Бірінші кезең
5-8 сыныптың оқушылары үшін акция 2021 жылы 5 мамыр 3 маусым аралығында өтеді.
Акцияға қатысатын үміткер өзі таңдаған ақынның туған жер, ел туралы өлеңдерінің біреуін мәнерлеп жатқа оқып (ұзақтығы 2 минуттан аспауы тиіс), Инстаграм әлеуметтік желісінде #менқазақшасөйлеймін2021 хештегімен кеңінен таратуы қажет.
Екінші кезең
9-10 сынып оқушылары үшін акция 2021 жылы 3 маусым 2 шілде аралығында өтеді.
Акцияға қатысатын үміткер өзі таңдаған ақынның туған жер, ел туралы өлеңдерінің біреуін мәнерлеп жатқа оқып (ұзақтығы 2 минуттан аспауы тиіс), Фейсбук әлеуметтік желісінде #менқазақшасөйлеймін2021 хештегімен кеңінен таратады.
Үшінші кезең
Жоғары оқу орындарының студенттері арасында акция 2021 жылы 5 шілде 5 тамыз аралығында өтеді.
Акцияға қатысатын үміткер өзі таңдаған ақынның туған жер, ел туралы өлеңдерінің біреуін мәнерлеп жатқа оқып (ұзақтығы 2 минуттан аспауы тиіс), YouTube желісінде #менқазақшасөйлеймін2021 хештегімен жариялауы тиіс.
Төртінші кезең
Ересек тұрғындар үшін акция 2021 жылы 6 тамыз 6 қыркүйек аралығында өтеді.
Акцияға қатысатын үміткер өзі таңдаған ақынның туған жер, ел туралы өлеңдерінің біреуін мәнерлеп жатқа оқып (ұзақтығы 2 минуттан аспауы тиіс), Инстаграм әлеуметтік желісінде #менқазақшасөйлеймін2021 хештегімен жариялайды.
Бесінші кезең
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері үшін акция 2021 жылы 6 қыркүйек 6 қазан аралығында өтеді.
Акцияға қатысатын үміткер өзі таңдаған ақынның туған жер, ел туралы өлеңдерінің біреуін мәнерлеп жатқа оқып (ұзақтығы 2 минуттан аспауы тиіс), Фейсбук әлеуметтік желісінде #менқазақшасөйлеймін2021 хештегімен жариялайды.
Акция жеңімпаздарын анықтау және марапаттау.
1. Акция жеңімпаздарын анықтау үшін құрамы кемінде бес адамнан тұратын қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасының шешімі хаттама түрінде ресімделеді.
2. Акция жеңімпаздары көрсетілген әлеуметтік желілердегі «лүпіл» (лайк) саны бойынша анықталады.
3. Жеңімпаздарды марапаттау 2021 жылдың 15 қазанында онлайн режимде өткізіледі. Акция жеңімпаздары арнайы дипломдармен және бекітілген сыйлық қорымен марапатталады.
4. Акцияның жеңімпаздары туралы ақпарат шара аяқталғаннан кейінгі 10 жұмыс күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және Басқарманың интернет-ресурсында орналастырылады.
Шараның өткізілуіне жауапты тұлға: Аида Қанайбаева, 8(7282) 40-01-60, 8(708)702 8575.
Дата публикации
11 мая 2021