«Тас жүректі тіліммен тілімдедім» атты облыстық байқауын өткізу қағидалары

Жалпы ережелер

  1. Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында рухани құндылықтарды насихаттау, әдебиеттің дамуына ықпал етіп, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына орай «Тас жүректі тіліммен тілімдедім» атты байқау жариялайды.
  2. Байқаудың мақсаты:

- Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру;

- М. Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойын кеңінен насихаттау;

- мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру;

- мұқағалитану арнасының кеңеюіне үлес қосу;

- ақын мұрасын жаңа көзқараспен сараптау;

- асыл жырдың ғибраттарын ұрпақ тәрбиесіне пайдалану.

Байқауды ұйымдастыру тәртібі

  1. Байқаудың ұйымдастырушысы – Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы (бұдан әрі – Басқарма), ақпараттық қолдау көрсетуші – «Мұқағали» республикалық әдеби-мәдени танымдық журналы.
  2. Байқауды өткізу туралы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және Басқарманың интернет-ресурсына орналастырылады.

Байқаудың шарттары

  1. Байқау екі бағытта ұйымдастырылады:
  • «Қазақтың қара өлеңі – құдіретім».

 Мұқағалиға арнау өлеңін (бұрын еш жерде жарияланбаған) жазбаша жолдайды және ақынның бір өлеңін мәнерлеп оқып, әлеуметтік желідегі аккаунттарымызды (Аlmaty Oblysy Til Basqarmasy – фейсбук,  tilbasqarmasy_almobl – инстаграм) белгілеп жариялайды. Сондай-ақ, #Мұқағали90жыл хештегін міндетті түрде жазуы тиіс. Мәнерлеп оқу ырғағына және бейнеролик сапасына мән беріледі;

  • Мұқағали шығармашылығындағы ұлттық таным.

Бұл бағытта Мұқағали шығармашылығындағы ұлттық таным, ұлттық код пен болмыстың мәнін ашып, зерттеу мақаласын жазады. Шығарманы бағалауда мазмұнына, идеясына, құрылымына, көркемдігіне және тақырыптың жан-жақты ашылуына мән беріледі. Әр автордың шығармасы Times New Roman қарпімен, 1,5 интервалымен, 14-кегльмен терілуі тиіс және 3 беттен кем болмауы шарт.

  1. Байқауға 18-45 жас аралығындағы азаматтар қатыса алады.
  2. Байқауға барлық шартқа сай (техникалық, мазмұндық, т.б.) әзірленген шығармалар қабылданады.
  3. Ұсыныстар 2021 жылғы 18 қаңтардан бастап, 5 ақпанға дейін қабылданады. Материалдардың электронды нұсқасы, қатысушының аты-жөні, тұрғылықты мекенжайы, телефон нөмірі, электронды мекенжайы туралы ақпарат (жеке куәлігінің көшірмесі) Басқармаға ұсынылады.

Қорытынды ережелер

  1. Байқауға келіп түскен шығармаларды танымал қаламгерлерден құрылған қазылар алқасы сараптайды. Қазылар алқасының шешімі қайта қарауға жатпайды.
  2. Байқауға түскен барлық шығарма іріктеліп, үздік деп танылғаны Басқарманың ресми сайтында және «Мұқағали» республикалық әдеби-мәдени танымдық журналында жарияланады.
  3. Жеңімпаздарды марапаттау уақыты қосымша хабарланады.

Біздің мекенжайымыз: Талдықорған қаласы, Қаратал 36 Б,  Тіл сарайы, 21 кабинет. Байланыс телефоны: 8 (7282) 40-01-62, 8700 980 50 83, e-mail: arsalan.aidana@mail.ru.

Ескертпе: Ұсынылған материалдар (арнау өлеңдер мен зерттеу мақалалар) плагиатқа тексерілетін болады.

Үлгі

«Тас жүректі тіліммен тілімдедім» атты облыстық байқаудың өтінімі

№

Қатысушының

аты-жөні

Туған күні, айы, жылы

Тұрғылықты мекенжайы

Жұмыс немесе оқу орны, лауазымы

Шығарма атауы (проза, поэзия)

Эл. пошта

Байланыс телефоны

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
18 января 2021