Алматы облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңын жүзеге асыру жөніндегі іс шара жоспарын жүзеге асыру мақсатында біршама жұмыстар атқаруда.
Қазіргі уақытта облыста «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы және оның 19 аудандық, қалалық филиалы жұмыс істейді. Барлық оқыту орталықтары заманауи үлгідегі материалдық-техникалық базамен қамтамасыз етілген.
2020 жылы қабылданған тыңдаушылардың жалпы саны 4475. Ұлттық құрамы бойынша 1386-сы этнос өкілі (30%). Мемлекеттік тілде еркін сөйлеп, жаза алатын тыңдаушылар саны 2440.
Оның ішінде мемлекеттік тілді оқыту курсына 3792 тіл үйренуші қабылданды. Ұлттық құрамы бойынша 1352-і этнос өкілдері (35 %).
Ағылшын тілі курсына 655 тыңдаушы қабылданды. Ұлттық құрамы бойынша 34 этнос өкілі (5%). Ағылшын тілін оқыту курсы облыс бойынша 6 тіл оқыту орталығында ұйымдастырылып отыр. (Алматы облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы, Қарасай, Іле, Райымбек, Кеген ауданы, Қапшағай қаласы). Дәріс алған 655 тыңдаушының 286-сы мемлекеттік, 252-сі бюджеттік сала қызметкерлері, 117 жеке тұлға, 55 топ оқытылды.
2020 жылы қабылданған 4475 тыңдаушының ішінен 28 тыңдаушы орыс тілі курсынан дәріс алды.
Алматы облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы және аудандық, қалалық филиал барлығы 20 тілдерді оқыту орталығы жұмыс істейді. Барлық оқыту орталықтары заманауи үлгідегі материалдық-техникалық базамен қамтамасыз етілген. 2020 жылы 157 млн. 465 мың қаржы бөлінді. Оның 54 млн. 242 мың теңге І жартыжылдықта игерілді, ІІ жартыжылдыққа бөлінген қаржы 55 млн. 95 мың теңге. Өткізілетін тілдік шараларға бөлінген қаржы сомасы 5 млн. 145 мың 350 теңге. Оқыту курстары тегін ұйымдастырылады.
2020 жылдың І жартыжылдығында мемлекеттік тілді оқыту курсында 490 тыңдаушы дәріс алды. Нәтижесінде мемлекеттік оқыту курсын 420 сәтті аяқтады. ІІ жартыжылдықта мемлекеттік тілді оқыту курсында 2284 дәріс алуда. Оның 1140-сы этнос өкілдері, 434-і мемлекеттік, 1534-сі бюджеттік сала қызметкерлері, 318-і жеке тұлға. Латын графикалы әліпбиді оқыту бойынша дәріс алғандар 1018 тыңдаушы. Жалпы мемлекеттік тілді оқыту курсы бойынша 3792 тіл үйренуші оқытылды.
Бағдарламаның нәтижелі көрсеткіштердің бірі Қазтест жүйесі арқылы анықталатын мемлекеттік тілді орта және жоғары деңгейде меңгерген мемлекеттік қызметшілер мен мемлекеттік қызмет көрсететін және өзге сала мамандарының үлесін арттыруға бағытталған. Қазтест жүйесі негізінде тұрғындардың мемлекеттік тілді белгілі бір деңгейде білуін анықтау үшін кестеге сәйкес ҚР Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК қызметкерлерінің қатысуымен 14-18 қыркүйек аралығында 67 адам сертификаттық, 500 адам диагностикалық тестілеуден Жергілікті жер бойынша диагностикалық тест тапсырғандардың жалпы саны 5352 оныңі шінде мемлекеттік қызметшілер 1408, мемлекеттік қызмет көсету саласы бойынша 177, бюджеттік сала қызметкерлері 3446, жеке тұлғалар 321. Жалпы тестілеуден өткендер саны 5919 адам.
Барлық филиал оқытушылары қабылданған тыңдаушыларымен дәріс, сабақ өткізумен қатар, әлеуметтік желілерге де видеосабақтарын жүктеп, ересек тұрғындардың назарына ұсынды. Қашықтан жұмыс атқару кезінде Қапшағай, Текелі қалалық филиалдары және Еңбекшіқазақ, Қарасай, Панфилов, Сарқан, Балқаш аудандық филиалдары жоғары деңгейде белсенділік танытты. Тыңдаушылармен үнемі байланыс жасап отырды. Әрбір тыңдаушының жұмыс жағдайын ескере отырып, жұмыстарын жүйелі ұйымдастыра білді. Сонымен қатар, біршама аудандар өз деңгейінде жұмыстар атқармады. Атап айтсақ, Жамбыл, Көксу, Ақсу аудандарының апталық есептері қанағаттанарлықсыз. Апталық есептері жүйесіз жазылған, тыңдаушылары туралы толық мәліметтері жоқ. Жамбыл аудандық филиалы, Қаратал аудандық филиалы мүлдем әлеуметтік желілерге видеосабақтарын салмады. Тыңдаушылармен ешқандай байланыс жүргізбеді. 2020 жылдың І жартыжылдығының тыңдаушылар саны бойынша Жамбыл ауданы төменгі көрсеткіш көрсетіп отыр, аудан көлемінде мемлекеттік тілден бар жоғы 9 тыңдаушы, оның барлығы іріктелген этнос өкілдері, мекемелермен хат алмасып, тыңдаушылар жиналмаған. Сондай-ақ, Ескелді аудандық филиалында 10 тіл үйренуші ғана қамтылған. Ақсу аудандық филиалы жылдың басында қабылданған тыңдаушы - 8. Тіл үйенушілердің санын арттыруда Панфилов аудандық филиалы жақсы жұмыс атқаруда. Жыл басында 14 тыңдаушы қабылдап, еліміздегі орын алған төтенше жағдай кезеңіне дейін 60 адамға арттырды. Оның барлығы №2091 әскери бөлімінің қызметкерлері. Жалпы аудандық, қалалық филалдар арасында мемлекеттік тілді оқыту курсы тыңдаушылары саны жағынан 2020 жылдың ІІ жартыжылдығы бойынша Панфилов (66 тіл үйренуші) ауданы алда келеді.
Аудандық, қалалық филиалдардың әлеуметтік желілерге жүктеген видеосабақтарына талдау жасалып, нәтижесі анықталды. Атап айтсақ, Қапшағай қалалық және Сарқан аудандық филиалы өте жақсы сабақ үлгілерін дайындаған. Сабақ эстетикалық талғамға сай, сауатты жасалған. Көксу аудандық филиалы А2 базалық деңгейге арналған тапсырмалары күрделі, грамматикалық қателері де көптеп кездеседі. Кейбір тапсырмалар тақырыпқа сай емес. Райымбек аудандық филиалы әлеуметтік желілерге ағылшын тілі курсы бойынша ғана сабақтарын жүктеп отырды. Мемлекеттік тіл курсы бойынша ІІ жартыжылдықта дайындаған сабақтары жоқ. Сабақтар соңғы рет 28 тамызда жүктелген. В2 ортадан жоғары деңгейге арналған 1 сабағы ғана салынған. Тапсырмалар кітаптан сканерлеп, нашар сапада ұсынылған. Грамматикалық тақырып берілген, негізгі тақырып жоқ. Сондай-ақ, Талғар аудандық филиалының оқытушысы жүктеген видеосабақтары эстетикалық талғамға сай емес, грамматикалық қателер өте көп, видео сапасы да нашар.
Өткен жылдың наурыз айынан бастап оқыту орталықтарының сабақ жүргізу процесі қашықтан оқытуға көшірілді. Осыған байланысты Алматы облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы және филиал қызметкерлерінің жаңа технологияларды меңгеруіне ықпал ету мақсатында «Ақпараттық коммуникациялық технология дағдыларын оқыту үдерісіне ықпалдастыру» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Семинарды Талдықорған қаласының педагогикалық шеберлік орталығы филиалының тренері, педагогика ғылымдарының магистрі М. Аманжолұлы жүргізіп, өз тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар, тіл үйренушілердің тілдік, коммуникативтік құзыреттілігін дамыту, тәжірибе алмасу мақсатында «Тілдік құзыреттілікті дамыту» атты облыстық онлайн семинар өткізілді. Семинарға Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» республикалық ұлттық ғылыми-практикалық орталығының қызметкері М. Дәрмен, Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанындағы «Ресурстық тіл орталығы» қызметкері Ж. Жақанова баяндама оқыды. Шараға Алматы облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы мен аудандық, қалалық филиал меңгерушілері, әдіскерлері және оқытушылары қатысты.
25 маусымда Тіл сарайында ZOOM платформасы арқылы қашықтан оқыту үдерісіндегі электронды ресурстарды ұйымдастыру және пайдалану негізінде оқытушылардың кәсіби біліктілігін көтеру, тәжірибе алмасу мақсатында Алматы облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Қашықтан оқытуды дамыту идеялары» республикалық онлайн семинары ұйымдастырылды. Аталған шараға республика бойынша мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының әдіскерлері мен оқытушылары, Алматы облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының қалалық, аудандық филиалдарының қызметкерлері қатысты, семинарда Н. Назарбаев университеті, қазақ тілі және түркология кафедрасының оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі К. Көпеш, Талдықорған қаласының педагогикалық шеберлік орталығы филиалының тренері, педагогика ғылымдарының магистрі М. Аманжолұлы баяндама жасады. Қазақстан халқы тілдерінің күніне арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес 9 қыркүйекте «Орыс тілінің білгірлері» (Знатоки русского языка) байқауы онлайн режимінде өткізілді. Байқаудың мақсаты – сөздік қорын кеңейту, логикалық ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту, дарынды жастарды анықтауға ықпал ету. Тыңдаушылардың зияткерлік және танымдық қабілеттерін ынталандыру. Байқауға шет елден келген қандас бауырларымыз атсалысты. Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынға Бақытәлі Ержігіт (Еңбекшіқазақ ауданы), екінші орынға Мәукен Жания (Алакөл ауданы), үшінші орынға Муталив Гүлзат (Ескелді ауданы) ие болды. Кенжебек Дина (Талдықорған қаласы), Қанағат Нұрбол (Панфилов ауданы) және Жеңісхан Партия (Сарқан ауданы) алғыс хаттармен марапатталды.
23 қазанда «Сауатты аударма – көрікті жарнама» облыстық байқауы ұйымдастырылды. Байқау жергілікті жерлердегі жарнама агенттіктерінің қызметкерлерін ынталандыруға бағытталған.
Байқаудың мақсаттары:
тілдерінің қолданылу аясын кеңейту;
және қолдау.
Байқауға Талдықорған қаласының жарнама агенттіктері қатысты.
Байқау мынадай тапсырмалардан тұрды:
Байқау қортындысы бойынша:
Үздік дизайн ЖК «Рекламный проспект»
Үздік шеберлік ЖК «Палитра»
Үздік презентация ЖК «JETYSU LED» номинациялар беріліп, ақшалай сыйлықпен және дипломдармен марапатталды.
16 қазан мен 20 қараша аралығында Алматы облысы «Тіл оқу-әдістемелік орталығы, аудандық, қалалық филиалдары арасында жас мамандарға озық тәжрибелі оқытушылардың тәжрибесімен бөлісу мақсатында онлайн режимінде облыстық семинарлар және дөңгелек үстел өткізілді.
Атап айтқанда:
16 қазан күні «Тілді тиімді оқыту әдістері» тақырыбы бойынша семинарда Алакөл ауданы филиалының меңгерушісі А. Дарқанбаева «Тілді тиімді оқытудың әдістері» және Алматы облысы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының оқытушысы Ж.Елесбаева «Тілдерді оқыту: атқарылған істер, алдағы міндеттер» тақырыбында баяндама оқыды.
23 қазан күні «Тілді оқытудың ұтымды әдісі коммуникация» тақырыбы бойынша семинарда Текелі қалалық филиалының меңгерушісі «Қатысым әдісінде сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану» және Алматы облысы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының оқытушысы М. Маралбаева «Тілді оқытуда тілдік қарым-қатынастың атқаратын рөлі» тақырыбында баяндама оқыды.
28 қазан күні филолог мамандар, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері, бастауыш сынып мұғалімдері, орталық оқытушылары, басқарма қызметкерлері арасында латын әліпбиін жетілдіру жобасы бойынша сынама сабақ өткізілді.
06 қараша күні «Мәтін арқылы сөйлеу әрекетін қалыптастыру» тақырыбы бойынша семинарда Алматы облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының оқытушысы Марал Жарылқасынқызы Болысбекова «Мәтін арқылы сөйлеу әрекетін қалыптастыру» және Қапшағай қалалық филиалының оқытушысы Гулмира Әбілқасымқызы Дусанбаева «Мәтінмен жұмысты тиімді ұйымдастыру» тақырыбында баяндама жасады.
13 қараша күні «Тіл меңгерудің өлшемдері – жағдаяттық өлшем» тақырыбы бойынша семинарда Іле аудандық филиалының оқытушысы Қарлығаш Оразайқызы Ақбасова «Мемлекеттік тілді үйренушілерге фразеологизмдер арқылы тілді меңгерту жолдары» және Іле аудандық филиалының оқытушысы Қарлығаш Оразайқызы Ақбасова «Мемлекеттік тілді үйренушілерге фразеологизмдер арқылы тілді меңгерту жолдары» тақырыбы бойынша баяндама оқыды.
20 қараша күні «Қоғамның және тілдің дамуындағы жазудың рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелде Еңбекшіқазақ аудандық филиалының меңгерушісі Рахымбаева Нұрсұлу Әбдікерімқызы «Тіл тарихындағы жазудың рөлі» және Талғар ауданы филиалының меңгерушісі Тәлімов Кәмнұр Тәлімұлы «Тілдің қуаты – жазуда» тақырыбы бойынша баяндама жасады. Онлайн режимінде этнос өкілдері арасында «Өлмейтұғын артында сөз қалдырған» эссе жазу байқауы. Эссе қорытындысы бойынша Ұйғыр ауданынан қатысқан үміткер Максимова Гузель жүделі I орынды иеленсе, Алакөл ауданынан қатысқан үміткер Кондратова Виктория II орынды, үшінші орынды екі аудан Ескелді ауданынан Кущ Марина және Еңбекшіқазақ ауданынан Аркенова Халинұр бөлісті, қалған үміткерлер алғыс хатпен марапатталды. «Туған жерге туыңды тік» онлайн режимінде облыстық байқау. Байқауға облысымыздың аудан, қалаларынан 17 үміткер қатысып, бақ сынасты. Байқау қорытындысы бойынша Купфер Алена (Іле ауданы) жүлделі I орын, Иманбаев Думан (Еңбекшіқазақ ауданы) жүлделі II орын, Әук Дарқан Мақсатұлы (Талғар ауданы) жүлделі III орынды иеленді.Қалған байқауға қатысқан үміткерлер Алматы облысы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының алғыс хатымен марапатталды.
27 қарашада Алматы облысы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен ZOOM платформасы арқылы қашықтан оқыту үдерісіндегі электронды ресурстарды ұйымдастыру және пайдалану негізінде педагогтардың кәсіби біліктілігін көтеру, тәжірибе алмасу мақсатында «Қазақша тиімді оқу мен оқыту» облыстық онлайн семинары өткізілді. Семинардың мақсаты – оқыту үдерісіндегі электронды ресурстарды ұйымдастыру және пайдалану негізінде педагогтардың кәсіби біліктілігін көтеру, тәжірибе алмасу, тиімді оқу мен оқытудың жолдарын түсіндіру. Аталған шараға облыс бойынша мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының әдіскерлері мен оқытушылары, Алматы облысының «Тіл» оқу-әдістеемлік орталығының қалалық, аудандық филиалдарының қызметкерлері қатысты. Назарбаев Университеті, Қазақ тілі және түркітану кафедрасының оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Күлән Бейсенбайқызы Көпеш «Айтылым әрекетін дамыту жолдары» тақырыбы бойынша баяндамасы тыңдалып, өз тәжрибесінде қолданып жүрген айтылым бойынша әдіс-тәсілдерімен бөлісті. Назарбаев Университеті, Қазақ тілі және түркітану кафедрасының ассистент профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Байтелиева Жанар Дарибекқызы «Жазылым тапсырмаларын ұйымдастыру мен бағалау» тақырыбында баяндама жасады және слайд арқылы әдіс-тәсілдердің түрлерін көрсетіп жан-жақты мәлімет берді. Педагогика ғылымдарының магистрі, Талдықорған қаласының Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының тренері Медет Аманжолұлы Сатаев «Тиімді оқыту мен оқу» тақырыбында баяндама жасап, семинар қатысушыларына қашықтан оқытудың ерекшелігін анықтай отырып, оларды басқарудағы интернет платформаларымен жұмыс жасауды көрсетті.